Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. №14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау". №15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер | Мектеп: ХББ НЗМ Өскемен қ. | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Маратұлы А. | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау. №14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау".№15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау". | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.5.1.3 адам ағзасындағы кальций мен темірдің рөлін түсіндіру9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Үш тілде пәнге қатысты лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Темір ........ құрамында кездеседі. Кальций ...... құрамында кездеседі. Көміртекті ................... арқылы анықтауға болады. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымда жұмыс істей алу, сыныптастардың ойын тыңдау, бір-бірін сыйластыққа үйрету | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, бейнеролик, ғаламтор ресурстары | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Адам ағзасындағы химиялық элементтер, қосылыстар. Су. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин. | Ұйымдастыру кезеңі І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейміз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. | Презентация | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2-15 мин. 16-37 мин. |
Темір - гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері - пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүргізетін цитохромдық ферменттер құрамына енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент, гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия). Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті. Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.
Бейнероликті оқушыларға көрсету. Сыныпқа проблемалық сұрақ қою.
Практикалық жұмыстың ұйымдастырылуы мұғалімнің өзімен көрсетілім ретінде немесе жұпта және топта (құрамында көміртегі бар таңдалған тамақ түріне байланысты) өткізуге болады. Жұмыстың орындалу барысы: нан кесегін спирт шам үстінде қыздыру. Нан жанып болғанан кейін қара түсті қатты зат, көміртектің түзілгенін байқауға болады. Зертханалық жұмыс Тақырып: №15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау". Жұмыс парағы бойынша жұмысты орындату. Тақырып: №14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау". Жұмыс парағы бойынша жұмысты орындату. | Презентация https://lektsii.org/14-26959.html (темірдің ағзадағы рөлі) қосымша ақпарат https://www.youtube.com/watch?v=Kzyb_ucbJMI (қант + күкірт қышқылы) https://www.youtube.com/watch?v=IxCo3e7poqc (чипсы мен картоптың жануы) Керекті-құрал жабдықтар мен реактивтер: жағу үшін бірнеше түрлі өнімдер. Сондай-ақ құрамында ақуыз және көмертегі көп басқа өнімдерді қолдануға болады. Шыны стакан, петри табақшасы, шыны таяқша, су, жанарғы, қысқыш, концентренген күкірт қышқылы. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысымен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады. | ||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдарымен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер
№14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау".
Керекті-құрал жабдықтар мен реактивтер: Кішкене жіңішке сүйектер, кішкентай қысқыш, кальцийдің кез-келген тұздары, әктас, сынауық, жанарғы, нихром сымы, 5М HCl, азот қышқылы,көзілдірік.
Жұмыс мақсаты: ...........................................................................................................................
..........................................................................................................................................................
Жұмыс барысы | Не байқалды? | Анықтаған элемент |
Экперимент алдында сүйектерді бір сағатқа 1M тұз қышқылға батыру қажет. Сүйек салынған ерітіндіге тазаланған нихром сымды енгізіп, жанарғы жалынына апарыңыз. Не байқалды? | ||
2. Сынауыққа әктасты салып , оған азот қышқылын құйыңыз. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңыз. Түзілген кальций нитраты ерітіндісіне тазаланған нихром сымын енгізіңіз және жанарғы жалынына апарыңыз. Не байқалды? | ||
Адам ағзасына кальций элементінің келу айналымын құрыңыз: Қорытынды: Басқа топ мүшелерінің практикалық жұмысы бойынша қандай қорытынды жасай аласыз? |
№15 зертханалық тәжірибе "Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау".
Керекті-құрал жабдықтар мен реактивтер: жағу үшін бірнеше түрлі өнімдер. Сондай-ақ құрамында ақуыз және көмертегі көп басқа өнімдерді қолдануға болады. Шыны стакан, петри табақшасы, шыны таяқша, су, жанарғы, қысқыш, концентренген күкірт қышқылы
Жұмыс мақсаты: ............................................................................................................................................
..........................................................................................................................................................................
Жұмыс барысы | Не байқалды? | Анықтаған элемент |
Қант - C12H22O11. Шыны стаканға сахарды салып аз ғана сумен ылғалдаңыз. Содан кейін ылғалданған сахарға жаймен аз ғана мөлшерде концентрленген күкірт қышқылын құйыңыз. Қоспаны шыны таяқша көмегімен сақтықпен тез араластырыңыз. Таяқшаны стакан ішінде қалдырыңыз. Не байқалды? | Реакция теңдеуі: C12H22O11 + 2H2SO4 (конц.) = 11С + CO2 + 13H2O + 2SO2 | Көмірсулар құрамына кіреді: |
Адам ағзасына кальций элементінің келу айналымын құрыңыз: Қорытынды: Басқа топ мүшелерінің практикалық жұмысы бойынша қандай қорытынды жасай аласыз? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?