Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.3 В Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.5.1.1 – адам ағзасының құрамына кіретін элементтердің атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe); 

9.5.1.2 –Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру

Сабақ мақсаттары

- 6ңайтқыштардың атауын біледі Адам ағзасының құрамына кіретін элементтердің тізімін және олардың пайыздық құрамын біледі;

-Адамға қажетті элементтер ағзаға қалай түсетіндігін анықтайды;

- Заттар ағзада қандай түрде болатындығын және қандай функцияны орындайтындығын талқылайды;

-Ағза құрамына кіретін элементтер және функциялары туралы ақпараттар жинайды;

-Макро-және микро-элементтерді ажыратады;

-Макро-және микроэлементтердің маңызын түсінеді;

- Қазақстанның тамақтану рационының кем дегенде 2 артықшылығы мен кемшілігін зерттейді.

Бағалау критерийлері

-Адамға қажетті элементтер ағзаға қалай түсетіндігін жазады

- Заттар ағзада қандай түрде болатындығын және қандай функцияны орындайтындығын келтіреді;

-Макро-және микро-элементтерді ажыратады;

- Тамақтану рационын есептейді;

- Дұрыс тамақтану рационын құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындауы тиіс :

Кілттік сөздерді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ақуыз, көмірсу, май, крахмал, аминқышқылы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

X тағам өніміне Y қатысты.

Барлығы /ең / кейбір менің сүйікті астарым X тобына жатады.

Менің диетамның (кеше) N% майлар/көмірсулар/белоктар тобына жатады деп санаймын.

Мен Х тобындағылардан ешқайсысын ұнатпаймын

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Биология – адам ағзасы, дұрыс тамақтану

Бастапқы білім

7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер және олардың қосылыстары

8.4 Су

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқушыларға адам ағзасында кездесетін элементтердің пайыздық мөлшері жазылған басқатырғы беріледі, олар оны кері жинап құрастырулары керек. Дұрыс құрылған пазлға қарай отырып, оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ашады. Олардан қандай оқу мақсатымен жұмыс жасайтындықтарын және бағалау критерийлерін құруларын сұрау.

1-қосымша

Сабақтың ортасы

8-20 минуттар

Сыныппен жұмыс

Оқушыларға Twig-bilim сілтемесі арқылы адам ағзасының химиялық құрамы туралы видео көрсету.Сыныппен талқылау

Жұптық жұмыс

Адам ағзасында кездесетін элементтердің пайыздық мөлшері бейнеленген кесте ұсыналады. Берілген кестені қолданып, ағзадағы кездесетін мөлшеріне қарай отырып, элементтерді макро және микроэлементтерге жіктеуді сұрау.

Тақтадан көрсетілген дайын жауаптар арқылы оқушылар өздерін тексереді.

«Карусель» әдісі

Адам ағзасы үшін маңызды элементтердің қызметін түсініу үшін әр жұпқа келесі элементтерді бөліп беру: О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe.

Келесідей ақпараттар іздестіреді.

Химиялық элемент

Адам ағзасы үшін маңызы

Жетіспеушілігі

Тағам құрамында кездесу

Оқушылар өздеріне берілген элемент бойынша бір беттік ақпарттық кестені толтырады. «Карусель» әдісі бойынша оқушылар бір бірінің кестелерінен керекті ақпаратты алып, кестедегі бос орындарды толтырады.

Әр жұп оқушылырына келесідей критерий бойынша баға береді:

1.Ұсынылған ақпарат түсінікті

2.Барлық сұрақтарға жауап берілген

3.Қысқа негізгі ақпараттар ұсынылған

Алған білімді бекіту үшін оқушылар жұмыс парағын орындайды. Содан соң тақтадан жауаптары көрсетіліп, бірін – бірі бағалайды.

2-қосымша

Интернет желісіне қосылған ноутбуктер

3-қосымша

20-39минуттар

Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға бейне ролик көрсету.

Оқушыларға бейне роликтер бұрын сұрақтар беру. Оқушыларға 1 мин уақыт беріледі.

Адам ағзасына қажет құнарлы заттарды атаңыз?

Май мен көмірсудың айырмашылығы неде?

Құнарсыз тамағамың қандай пайдасы бар?

дұрыс тамақтану үшін азық түлікті неше топқа бөлінеді?

Азық түлік топтарын атаңыз?

Оқушылармен видеоны талқылай отырып, Қазақстанның тамақтану рационнын ерекшелігін сұрау.

Топтық жұмыс

Тамағам қималарын таңдап алу арқылы, ақуыз, май және көмірсу деп үш топқа бөлінеді.

Әр топқа ресурста көрсетілген сілтемелерден алынған мәтіндер беріледі. Оқушылар топта талқылай отырып, маңызды бөлімдерін ерекшелейді.

Әр топ Қазақстанның тамақтану рационын кем дегенде 2 артықшылығы мен кемшілігін оратаға салды. Басқа топ оқушылары жауабымен келісетінің не келіспейтін айтып бірін-бірі бағалайды.

Әр топ оқушыларына келесідей тапырмалар беріледі.

Барлық топқа энергетикалық құндылықтары көрсетілген тағамдардың тізімін беру.

1 топ: Осы кестені пайдалана отырып, 1 күндік ас мәзірін құруларын сұрау.

2 топ: Түскі ас немесе таңғы ас кезіндегі ас мәзірін еске түсіре отырып, оның құндылығын есептеу.

3 топ: Әр түрлі іс-әрекетке кеткен құндылықтары көрсетілген кестені пайдалана отырып, бір күнде жойылатын энергияны есептеуді сұрау.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, ойларын түйіндеу.

https://twig-bilim.kz/film/balanced-diet-5890/

http://www.advantour.com

/rus/kazakhstan/cuisine.htm

http://www.poedim.ru/content/ 413-kazahskaya-kuhnya

4-қосымша

Сабақтың соңы

39-40 минуттары

Оқушылармен сабақтың оқу мақсаттарына оралу.

«Шығу билеті»

Мен үшін бұл сабақтың екі маңыздылығы ...

Үй тапсырмасы:

Жапсырма қағазы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар Адам ағзасына кіретін макро және микроэлементтерді біледі

Көпшілік оқушылар адам ағзасын құрайтын элементтердің маңызын түсіндіре алады, жетіспесе туындайтын ауру түрлерін біледі

Кейбірі Дұрыс тамақтану үшін не қажет екенін түсіндіре алады. Берілген тағамдар кестесіне қарай отырып, дұрыс тамақтану пирамидасын құрастыра алады.

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау, бірін – бірі бағалау, оқушының өзін - өзі бағалауы жүзеге асырылады

Сабақта қолданылған белсенді оқыту тәсілдері, оқушылардың адам ағзасының химиялық құрамы жайлы білімді қалыптастыруларын жеңілдетеді және топтық жұмыста өзара оқыту әдісі өздерін табысты сезінулеріне мүмкіндік береді.

1-қосымша

Химиялық элемент

Адам ағзасы, %

Оттек

65,04

Кремний

0,01

Алюминий

0,001

Темір

0,1

Кальций

1,4

Натрий

0,26

Калий

0,27

Магний

0,1

Сутек

10,05

Титан

0,001

Хлор

0,25

Фосфор

0,8

Көміртек

18,25

Күкірт

0,21

Азот

5

2-қосымша

Химиялық элемент

Адам ағзасы үшін маңызы

Жетіспеушілігі

Тағам құрамында кездесу

О

С

Н

N

Ca

P

K

S

Cl

Mg

Fe

3-қосымша Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма №1

Берілген химиялық элементтердің таңбасы мен олардың адам ағзасындағы қызметі арасын сәйкестендіріңіз

Химиялық элемент

Қызметі

А) Са

1.Қандағы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттейді,ағзадағы су мен тұздың балансын сақтайды

В) Fe

2.Жүйкеде бұлшық еттерге импульстің берілуіне қатысады, антистресті элемент

С) CI

3.Бұлшық еттің жиырылуына, қанның ұюна қатысады

D) Mg

4.Гормондардың құрылымдық компонетіне кіреді,зат алмасуға қатысады

E) S

5.Жасуша деңгейінде тыныс алуға қатысады

F) K

6.Жасуша мембраналарының электрөткізгіштігіне әсер етеді, шаш пен тырнақ өсуіне әсер етеді

A

B

C

D

E

F

Тапсырма №2

Төменде берілген терминдерді қолдана отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер

Ақуыз Май Көмірсу А дәрумені В дәрумені С дәрумені Д дәрумені

(i) Адам организмінде ас қорыту, зат алмасу процесстеріне қатысатын _________________

(ii) _________________ ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады.

(iii) Организмдегі энергия көзі ___________________________________________

(iv) Ағзаның өсуі мен қалпына келтіруге _____________________________ қатысады.

(v) Cәбилерде ________________ жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады.

(vi) ______________ мөлшерден артық болуы семіздікке әкеліп соғады.

(vii) ___________________ жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды

Тапсырма №3

Фосфор – адам ағсасында 1% шамасында кездеседі.

(i) Адам ағзасында кездесуіне қарай фосфор қай элемент тобына жатады?

Төмендегі ұяшыққа «+» таңбасын қойыңыз.

Макроэлемент

Микроэлемент

(ii) Адам ағзасы үшін фосфордың кем дегенде екі маңызын жазыңыз

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қосымша 4

Кейбір тағамдардың энергетикалық құндылығы

Тағамның атауы

Масса г.

Құнарлылығы ккал

Тағам атауы

Масса г

Құнарлылығы . кал

Қара нан

50

109

Қайнатылған сиыр еті

90

134

Бидай наны

50

123

Қуырылған коде

100

162

Сары май

20

76

Буға піскен котлет

100

168

Жұмыртқа

1 шт.

133

Бұқтырылған көкөністер

225

140

Қантпен шай

200

86

Сары май қосылған пісірілген картоп

250

280

Сүт пен қант қосылған кофе

200

139

Жасыл бұршақ

100

40

Қант және сүт қосылған какао

200

218

Тұздалған майшабақ

100

120

Қатты ірімшік

50

104

Пісірілген макарон және май

200

364

Пісірілген шұжық

50

103

Жаңғақ

100

565

Қарақұмық

200

102

Балмұздақ

100

226

Жүгері бар сұлы майы ботқасы

200

200

Сүт шоколады

50

233

Йогурт

200

100

Печенье

100

298

Ірімшік жартылай майлы

100

174

Балғын қияр

100

30

Сүт

180

111

Өсімдік майымен жаңа қырыққабаттан жасалған салат

155

100

Айран

180

109

Компот

200

161

Қуырылған тауық сорпасы

200

260

Алма, алмұрт, апельсин

100

42

Қаймақ қосылған борщ

300

169

Жеміс шырыны

200

90

Түрлі іс – әрекеттер үшін жұмсалатын энергия

Іс- әрекет түрі

Жұмсалатын энергия (ккал ч)

Ұйықтау және демалу

Төсеніштерді тазалау және жуу

Оқу, теледидар, компьютер

Ыдыс жуу, ас үйді тазалау

Едендерді тазалау

Кір жуу

Кітап оқу

Сабақтағы топтық, жұптық жұмыстарда жауап беру, емтихан

Зертханалық жұмыстарды орындау

Спортпен айналысу

Көлікпен жүру

65-77

100-140

90-100

130-140

160-180

200-270

100-110

100-120

120-150

300-600

100



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?