Минералды тыңайтқыштар. № 8 Көрсетілім «Минералды тыңайтқыштар». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (V), 14 (ІV)-топ элементтері және олардың қосылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Минералды тыңайтқыштар. № 8 Көрсетілім «Минералды тыңайтқыштар»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.4.2.3 - минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау;

9.4.2.4 - азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерттеу

Сабақ мақсаттары

  • Минералды тыңайтқыштарының негізгі түрлерімен танысады;
  • Тыңайытқыштарды құрамы бойынша жіктейді;
  • Минералды тыңайтқыштарды анықтай алады;
  • Химиялық формуласы арқылы тыңайтқыштардың құнарлылығын есептей алады;
  • Тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсерін біледі;
  • Эвтрофикация процесіне анықтама бере алады .

Бағалау критерийлері

  • Тыңайтқыштардың атауын біледі;
  • Тыңайтқыштардың формуласын жаза алады;
  • Қазақстанда тыңайтқыштар өндірілетін аймақтарды атай алады;
  • Тыңайтқыштардың құнарлылығын дұрыс есептей алады;
  • Эвтрофикация процесінің анықтамасын біледі;
  • Эвтрофикация процесінің сатыларын атай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Тыңайытқыштардың пайдасы мен зиянын ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

Эвтрофикация, қосылыс,

нитрат, фосфаттар,тыңайтқыш, тірі жүйелер, өсімдіктер өсуі, азоттың байланысуы, балдырлардың гүлденуі, оттегі, артық мөлшер, қоршаған орта,жою, байланыстыру, ыдырау, жұтылу, батпақтану

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Егер ... нелер орын алады?

Редуценттер….

Биогенді элементтердің артық мөлшері қашан пайда болса ….

Тірі ағзалар қашан жойылса ….

Қалай...

- нитраттар сіңіріледі / қолданылады …?

- фермерлер азотты қосылыстарды қолдана ма?

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Биология – тыңайытқыштардың қоршаған орта мен тірі ағзаға әсері

Бастапқы білім

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

8.3В Химиялық байланыс түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау

«Сұрақты ұтып ал!»

  • Фосфордың сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны
  • Фосфордың табиғи қосылыстарын атаңыз
  • Неліктен фосфор табиғатта таза күйінде кездеспейді?
  • Фосфордың аллотроптары? Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
  • Ақ фосфордың физикалық қасиеті
  • Неліктен ақ фосфор активті?
  • Фосфор қайда қолданылады?
  • Фосфор (v) оксидінен түзілетін қышқыл
  • Адам ағзасына фосфор не үшін қажет?
  • Азотпен салыстырғанда фосфордың белсенділігі қандай? Неге?

Мағынаны тану

Оқушыларға жұмбақ жасырылады:

Өсімдікке нәр беріп қуат болған,

Өнімі артып, егістің қырман толған.

Бұл қандай зат: қанындай өсімдіктің,

Беретұғын химиктер жасап қолдан

Жауабын табу арқылы оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ашады.

Слайд презентация

Сабақтың ортасы

10-25 минуттар

25-30 минуттар

30-39минуттар

Мұғалім жалпы тыңайтқыштар туралы қысқаша мағлұмат береді: Өсімдіктердің дұрыс өсуіне қажетті заттары бар препараттар тыңайтқыштар деген атпен белгілі. Топырақ жыл сайын өнім бергенімен уақыт өте келе құнарсыздана бастайды. Яғни өсімдіктердің өсуіне қажет элементтерді жоғалтады. Бұл тапшылықтың орны тыңайытқыштар деп аталатын заттармен толтырылады. Табиғи компонеттерден тұратын табиғи тыңайытқыштар бар. Оларға көң, компост, ағаш қүлі жатады. Олар топырақты барлық қажетті элементтермен қамтамасыз етеді, бірақ олардың сандық құрамы тұрақты емес. Қазірде ауылшаруашылығында көп мөлшерде жасанды тыңайытқыштар қолданылады. Оларды азотты, фосфорлы, калийлі тыңайытқыштар деп бөлуге болады.

Топтық жұмыс

Сыныпты үш топқа бөлу:

1-топ калийлі тыңайтқыш

2-топ фосфорлы тыңайтқыш

3-топ азотты тыңайтқыш

Әр топқа минералды тыңайтқыштар коллекциясы таратылады. Оқушылар тыңайтқыштарды мұқият зерттейді, нәтижелерін кестеге толтырады. Әр топқа қосымша мәтін беріледі.

Тыңайтқыш атауы

Формуласы, химиялық құрамы

Сыртқы түрі

Алынуы, табиғатта кездесуі

«Елші әдісі» арқылы әр топ өз тапсырмалары бойынша ақпарат жинап,топта талқылап болған соң, бір оқушы елші болып келесі топқа түсіндіреді. Басқа топтан алған мағлұматты өз тобына айтып береді. Осылайша кестенің бос жерлерін басқа топтан алған мәліметтері бойынша толтырады. Әр топ бірін бірі екі жұлдыз , бір тілек әдісі арқылы бағалайды.

Сұрақ: Тыңайтқыштардың құнарлылығы қалай бағаланады?

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып, сыныппен талдау:

Тыңайтқыштардың қоректік құндылығы ондағы азоттың N, фосфор (V) оксидінің P205 немесе K20 калий оксидінің массалық үлесі арқылы есептеледі?

Білімді бекіту мақсатында әр оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

(А)

1. Тыңайтқыштардың маңызы қандай?

2. Азот жетіспесе өсімдік қалай өзгереді?

(В)

1.Қазақстанның қай өңірлерінде тыңайтқыштар өндіріледі?

2. Фосфорлы тыңайтқыштардың қайсысы бағалырақ? Дәлелді жауап беріңіз

(С)

1. Аммоний нитраты, NH4NO3 мен несепнәр (NH2)2CO сияқты тыңайтқыштардың 100 грамындағы азоттың массасын есептеңіз.

2. Натрий нитратының тағамдық құндылығын анықтаңыз.

Оқушылар жұмыстарымен алмасады, мұғалім слайд арқылы дұрыс жауаптарын көрсетеді, бірін–бірі бағалайды.

Миға шабуыл

Слайд презентация арқылы эвторфикация процесін бейнелейтін сурет көрсету

Проблемалық сұрақ 1:

Суретте не бейнеленген?

Бұл процесс қалай аталады?

Бұл процестің ластану көздері ?

Ластану процесінің қандай зардаптары болуы мүмкін?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Содан соң эвтофикация процесінің видеосы көрсетіледі. Сыныппен талдау

Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға эвторфикация процесінің сатылары бейнеленген қима қағаздар таратылады. Оқушылар жұпта бірлесіп жұмыс жасайды. Мұғалім әр жұптың жұмысын тексеріп шығады.

https://kk.wikipedia.org

  • қосымша

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/sudyng-lastanu-sebepteri

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-water

немесе

https://www.youtube.com/watch?v=UGqZsSuG7ao

  • қосымша

Сабақтың соңы

39-40 минуттары

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

- бүгінгі сабақтан алған әсерім....

- мынаны түсіндім....

- маған мынау қиын болды......

- келесі сабаққа ұсынысым....

Үй тапсырмасы:

«Тыңайтқыштардың су қоймаларына түсуінің қалай алдын алуға болады?» Шағын эссе жазу

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/mineraldy-tyngai-tqyshtar

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар минералды тыңайтқыштардың түрлерін біледі, ажырата алады

Көпшілік оқушылар Минералды тыңайтқыштардың формуласы мен Қазақстандағы кен орындарын біледі, тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді

Кейбірі тыңайтқыштардың қоректік құнарлылығын формуласы бойынша есептеп табады, тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіре алады, зиянды жақтарын алдын алу шараларын ұсына алады

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау, бірін – бірі бағалау, оқушының өзін - өзі бағалауы жүзеге асырылады

Сабақта қолданылған белсенді оқыту тәсілдері, оқушылардың минералды тыңайтқыштар, олардың түрлері және қоршаған ортаға олардың әсері туралы білімді қалыптастыруларын жеңілдетеді және топтық жұмыста өзара оқыту әдісі өздерін табысты сезінулеріне мүмкіндік береді.

1-қосымша

1.Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азот-тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдай өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей , жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады .Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4] өндіріледі. Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.

2.Фосфорлы тыңайтқыштар - Фосфор да азот сияқты протоплазманың маңызды бөлігін түзеді, тірі организм өсіп өнуіне қатынасатын түрлі органикалық заттардың құрамында болады, Тыңайтқыштардағы фосфор оның оксидінін (Р2О5) мөлшері арқылы өлшенеді.

Фосфорит ұны — майдаланған кальций фосфориті Са3(РО4)2 ақ не сұр түсті ұнтақ. Оның құрамында 16 — 35% Р2О5 бар. Өте арзан тыңайтқыш.Фосфорит ұны суда нашар ериді. Сондықтан оны қышқылдағы жоғары топыраққа пайдаланған жөн.

Жай суперфосфат — Са(Н2РО4)2 + 2СаSО4. Оны фосфоритке не апатитке күкірт қышқылын қосу арқылы алады:

Са3(РО4)2 +2Н2SO4 =Са(H2РO4)2 + 2СаSO4

Қос суперфосфат Са(H2РО4)2 — кұрамында Р2O5 мөлшері жай суперфосфатқа қарағанда екі есе жоғары, яғни 40 — 50%. Оны алу ушін фосфоритті фосфор қышқылымен өндейді:

Са3(РО4)2+4Н3РО4 = 3Са(Н2РО4)2 Преципитат СаНР04 •2Н2О. Оны кальций гидроксидімен фосфор қышқылын қосып алады:

Са(ОН)2 + Н3РО4 = СаНРО4 • 2Н2О Преципитаттың суда ерігіштігі төмен болғанымен, ол қышқыл топырақта ғана еріп өсімдікке жақсы сініріледі. Аммонийленген суперфосфат NН4Н2РO4 + СаНРO4 — суперфосфатты аммиакпен әрекеттестірген кезде түзілген өнім: NН3 +Са(H2РO4)7 = NH4Н2РO4 +СаНРO4 Мұның қүрамында 20 % Р2O5 және 23% азот бар. Аммофос NН4Н2РO4 — құрамында азот және фосфор бар күрделі тыңайтқыш. Оны аммиак пен фосфор қышқылын әрекеттестіріп алады:

3 + H2РO4= NH4Н2РO4

Бұл тыңайтқыш құрамында 11% азот, 44% P2O3 бар. ол әдетте гранула түрінде шығарылады. Фосфор қышқылымен аммиак әрекеттескенде екі атом сугегі алмасса, диаммофос (NН4)2НРO4 түзіледі:

2NН33РO4=(NН4)2НРО4 Бұл өте құнды тыңайтқыш. Құрамында 52% Р2О5 және 20% азот болады. Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді.

3. Калийлі тыңайытқыштар - Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl2 . Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар. Бұл тыңайтқыштар Жаңатас, Тараз, Шымкент, Қаратау, Ақтау қалаларында өндіріледі.

2-қосымша

Эвтрофикация процесінің сатылары

Жазбаларды және диаграммаларды дұрыс ретпен орналастырыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?