Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері". Химия, 9 сынып, презентация.


Азот қышқылы.

№ 13 зертханалық тәжірибе

"Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері"

Оқу мақсаттары:

9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;

9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру;

9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу

Бағалау критерийлері:

Білім алушы мақсатқа жетеді, егер:

азот қышқылы молекуласының құрылысын сипаттайды;

азот қышқылын алу реакциясының теңдеуін жазады;

өнеркәсіпте және зертханаларда азот қышқылының алыну айырмашылықтарын біледі;

қышқылдардың жалпы қасиеттерін сипаттайтын мысалдар келтіреді;

тәжірибе жұмыстарын жүргізеді және әр тәжірибенің қорытындыларын тұжырымдайды.

ПӘНДІК ЛЕКСИКА:

1. Келесі қосылыстарды атаңыздар:

2. Осы заттардағы азоттың тотығу дәрежесін анықтаңыздар.

3. Азот қышқылында азоттың валенттілігі нешеге тең?

Азот қышқылында азоттың валенттілігі нешеге тең?

Қышқылда азоттың валенттілігі – 4-ке тең.

Өнеркәсіпте азот қышқылын қалай алуға болады?

Азоттан азот қышқылын алу:

Аммиактан азот қышқылын алу:

Сұйылтылған азот қышқылын өндіру үдерісі үш кезеңнен тұрады:

1) азот оксидін алу үшін аммиак түрлендіру

4NH3 + 5О2 → 4NO + 6Н2О

2) Азот оксидінің азот диоксидіне дейін тотығуы

2NO + О2 → 2NO2

3) азот оксидінің сумен абсорбциясы

4NO2 + О2 + 2Н2О → 4HNO3

Азот қышқылы түзілуінің жалпы реакциясы

NH3 + 2О2 → HNO3 + Н2О

Қышқылдың қасиеттері:

Индикаторға әсері.

Негіздік оксидтермен әрекеттесуі.

Тұздармен әрекеттесуі.

Бейтараптану реакциясы. Сілтілермен әрекеттесуі.

Тәжірибелік зертхана орындау.

Азот қышқылымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз !!!

№13 тәжірибелік зертхана.

Мақсаты: азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: азот қышқылы ерітіндісі, лакмус, фенолфталеин, калий оксиді ұнтағы, сілті ерітіндісі, сынауықтар, тамшуыр, бор немесе калий карбонаты ерітіндісі, газ құбыры, әк суы, тығын, штатив.

Тәжірибе 1.

1. Қышқыл диссоцациясы: Сынауыққа 3-4 мл азот қышқылы ерітіндісін қосыңыз, содан соң 2 тамшы лакмус ерітіндісін тамызыңыз. Азот қышқылының диссоциация теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 2.

Негіздік оксидтермен әрекеттесуі:

Сынауыққа 3-4 мл азот қышқылы ерітіндісін қосыңыз, содан соң 2 тамшы лакмус ерітіндісін тамызыңыз. Содан соң түсі өзгергенше калий оксидін қосыңыз.

Ерітіндінің түсі неге өзгерді? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе №3.

Сілтімен әрекеттесуі:

Сынауыққа 3-4 мл сілті ерітіндісін қосып, 2 тамшы фенолфталеин тамызыңыз. Содан соң түсі өзгергенше азот қышқылы ерітіндісін құйыңыз.

Ерітіндінің түсі неге өзгерді? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 4.

Тұздармен әрекеттесуі, әлсіз қышқылдарды тұздарынан ығыстырады.

Сынауыққа бор салып, оған азот қышқылын қосыңыз. Бөлінген газдың көмірқышқылы екенін қалай дәлелдей аласыз?

Реакция теңдеуін жазыңыз.

Рефлексия:

Стикердегі сөйлемдерді жалғастырыңыз. 

1. Бүгін сабақта мен білдім(үйрендім).........

2. Көбірек білгім келеді..................

Үй жұмысы:

Карточкадағы жаттығуларды орындаңыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?