Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері". Химия, 9 сынып, қосымша материал 4.
Азот қышқылы физикалық қасиеттері
HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат. Таза күйінде тығыздық 1,51 г/см3. Ол — 42oС-та мөлдір кристалға айналып қатады. Ауада су буымен майда тамшылар түзеп “түтіндейді”. Азот қышқылы жарық әсерінен біртіндеп ыдырайды: 4HNO3=4NO2+O2+2H2O. Бөлініп шыққан азоттың қос тотығы қышқылда еріп, оны қоңыр түске бояйды. Азот қышқылы аса өткір қышқыл, қуаты жоғары тотықтырғыш. Сұйытылған ерітіндісінде ол толық Н+ және NO3— иондарына ыдырайды. Көптеген металл еместер азот қышқылында өзіне тиісті қышқылдар түзгенше тотығады. Азот қышқылы азот тыңайтқыштарын, қопарылғыш заттар, бояулар тағы басқа заттар алу үшін қолданылады. Азот қышқылының тұздары — нитраттар да суда жақсы ериді. Өндірісте азот қышқылын аммиакты оттегінің қатысуымен толықтыру арқылы алады.
Азот қышқылы тұрақсыз зат, жарықтың, жылудың әсерінен оңай айырылады:
4HNO3 = 2H2O + 4NO2 + O2
Түзілген азот (ІV) оксидінің NO2 түсі қоңыр болғандықтан, азот қышқылын сарғыш түске бояйды. Сондықтан лабораторияда азот қышқылын жарық тіке түспейтін жерде, қоңыр түсті шыны ыдыстарды сақтайды.
Егер азот қышқылы теріге тисе күйдіреді, теріде азот қышқылына тән сары дақ пайда болады. Оны тез арада сумен бірнеше қайтара жуып, соңынан ас содасы ерітіндісімен бейтараптайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?