Азот қышқылы. № 13 зертханалық тәжірибе "Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері". Химия, 9 сынып, қосымша материал 2.
№ 1 экспериментті орындауға инструкция
Мақсаты: Сұйылтуға азот қышқылының қабілетін зерттеу және ерітінді ортасын анықтау
Жұмыс барысы:
1. Концентрлі азот қышқылын зейін салып, аса қауіптілікпен қараңыз. Қышқылдың бірнеше тамшысын пипетка көмегімен пробиркаға тамызып, оның үстіне су қосыңыз.ерігіштік туралы қорытынды жасаңыз.
2. Азот қышқылы ерітіндісі бар пробиркаға 2–3 тамшы лакмус тамызады. Индикатор түсінің өзгерісін белгілеу және қорытынды жасау
3. Диссоциация теңдеуін жазу
4. Қорытынды жасау
№ 2 экспериментті орындауға инструкция
Мақсаты: Сұйылтылған азот қышқылының негіздік және қышқылдық оксидтермен әрекеттесу қабілетін зерттеу
Жұмыс барысы:
1. Екі пробиркаға азот қышқылы ерітіндісі бар 1-2 г мыс (I немесе II) оксидін және мырыш оксидін саламыз. Қажет жағдайда пробирканы жайлап қыздырыңыз. Пробиркадағы өзгерісті бақылаңыз және зерттеу нәтижесін жазыңыз.
2. Реакция теңдеуін молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде дәптерге жазыңыз.
3. Қорытынды жасау
№ 3 экспериментті орындауға инструкция
Мақсаты: Сұйылтылған азот қышқылының еритін және ерімейтін негіздермен әрекеттесу қабілетін зерттеу
Жұмыс барысы:
1. Азот қышқылы ерітіндісі бар пробиркаға 2 – 3 тамшы лакмус тамызамыз және үстіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосамыз. Индикатор түсінің өзгеруін бақылаңыз және қорытынды жасаңыз.
2. Пробиркаға жаңа дайындалған мыс гидроксидін дайындаңыз. Ол үшін 1 – 2 мл мыс сульфаты ерітіндісіне бірнеше тамшы натрий гидроксиді тамшысын қосыңыз. Алынған ерітіндіге бірнеше тамшы азот қышқылы ерітіндісін қосыңыз. Тұнбаға не болды? Зерттеу нәтижесін бақылаңыз.
3. Реакция теңдеуін молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде дәптерге жазыңыз.
4. Қорытынды жасау
№ 4 экспериментті орындауға инструкция
Мақсаты: Сұйылтылған азот қышқылының ұшқыш қыщқыл тұздарына қатысын зерттеу
Жұмыс барысы:
1. Натрий карбонаты ерітіндісі бар пробиркаға бірнеше тамшы азот қышқылын қосады. Пробиркадағы өзгерісті бақылаңыз және зерттеу нәтижесін жазыңыз.
2. Реакция теңдеуін молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде дәптерге жазыңыз.
3. Қорытынды жасау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?