17(VII, 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) – топ элементтері және олардың қосылыстары №6 практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3 А 17(VII, 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) – топ элементтері және олардың қосылыстары | Мектеп: НИШ ФМН Астана | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 9.3 А 17(VII, 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) – топ элементтері және олардың қосылыстары №6 практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу» | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.2.1.16 Аммиактың алынуы мен қасиеттерін, қолданылуын түсіндіру 9.2.1.17 Аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - аммиактың лабораториялық алыну әдісімен танысу; - практикалық жұмыстың барысында аммиактың және аммоний тұздарының химиялық қасиетін практика жүзінде танысу; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Дағдылар Сыни ойлау және қолдану - аммиактың лабораторияда алыну процесін жүзеге асырса; - аммиактың негізгі химиялық қасиеттерін көрсететін химиялық реакция теңдеуін жазса; -аммиактың тұздарының қасиеттері жайлы білімін көрсете алса; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады. Көптеген / кейбір / кішігірім саны бар / аммиак және аммоний тұздарын өндіру ... үшін қолданылады x % әлем өндірісі ...өңдеу/дайындау үшін қолданылады Тыңайытқыштар/химиялық өнеркәсіпті әлем өндірісінің х % қолданады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология және география пәнімен маңызды кейбір индустриалдық процестермен) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Барлық алдынғы бөлімдермен байланыс бар 7.2 В Қарапайым химиялық реакциялар 7.3B Геологиялық химиялық қосылыстар 8.1B Металлдардың белсенділік қатары 8.3С Қайтымды реакциялар 9.2С Бейметаллдар және олардың қосылыстары: 16 және 17 топтары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы 16-22мин 23-30мин 3-5 мин 51-70мин | Мотивациялық – бағыттаушы этап
Үй тапсырмасын талдау Тапсырма презентацияда слайдта көрсетіледі. (немесе мұғалім қағазға алдын ала дайындап қоса болады). Оқушыларға азот және аммиак жайында өз білімдерін көрсете алуы үшін «Миға шабуыл» тапсырма беріледі. Иә, жоқ” сұрақ-жауап
Үй тапсырмасын сұрау: Бағалау критерийі: Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
Мотивациялық – бағыттаушы этап
Бүгін сабақта сіздермен керемет заттың қасиетімен танысқалы отырмыз! Бұл оқиға І дүние жылғы соғыс жылдары болған еді. Ағылшын крейсер кемесі неміс эсминцімен соғысып жатты. Кемемен соғыста ағылшындар жеңіске жақындап қалған уақытта кемелердің үстінде өте тығыз ақ бұлт пайда болды. Крейсер экипаждары тамақпен өкпені зақымдайтын тұншықтырғыш иісті сезінді. Крейсерге кері қарай жүруге тура келді. Себебі кемеге ақ түтіннен құтылу керек болды. Сол кезде тек адамдар ғана жапа шеккен жоқ, кеменің металдан жасалған бөлігіне де зиян келді. Бұл құбылыстың жауабына сабақ барысында жауап береміз. Демонстрациялық тәжірибе № 1. «Стакандағы түтін» Айтылып отырған заттың өте керемет тарихы бар. Сіздер көріп тұрсыздар, ақ түтін тек қана колбаны ғана толтырмай, үстелдің үстіне төгіле бастады. Бұл затты алхимиктер алдымен, «нушадир» деп атады, оны үккіште үгіп, қыздырып, барлық уақытта өткір иісті газды алып отырды. Оны алдымен аммониак деп атап, содан соң қысқартып «аммиак» деп атады. Орта ғасырда бұл затты «сілтілік ауа» деп атады, ал оның ерітіндісі «мүсәтір спирті» деп аталады. Сіздермен бірге кішкене зерттеу жұмысын жүргзіп, осы газ қалайша осындай ерекше қасиеттерге ие болғанымен танысайық. Формула аммиактың – NH3, яғни аммиак азоттың сутекті қосылысы болып табылады. 1. Тірек конспектін қолдана отырып, азоттың құрылысына сипаттама беріңдер. (1s22s22p3, азоттың валенттілігі 3, 4 те бола алады, типтік бейметалл, ЭТ = 3,0) 2. Азот атомы қанша ковалентті байланыс түзе алады? (алмасу механизмі бойынша 3 және 4 байланысты азот донорлы акцепторлы механизм бойынша түзе алады) II. Орындаушы этап
1. Аммиактың қасиетіне болжау жасау Сіздер қалай ойлайсыздар? Аммиак суда ери ала ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен, сіздермен бірге аммиакты лабораториялық жағдайда алып көрелік. Күні: Оқушының аты-жөні: Оқушының аты-жөні__________________Сынып_______Күні_________ №6 Практикалық жұмыс Аммиактың алыну жолы Мақсат: Аммиактың алыну жолымен танысып, оның қасиетін зерттеу. Құрал - жабдықтар: мәрмәр табақша, үккіш, шпатель, пробирка, газөткізгіш түтік, пробирка ұстағыш, спиртшам, сүзгі қағаз, воронка, лакмус қағазы. Техника қауіпсіздігінің ережесі: бұл тәжірибені мүмкіндігінше ауа тазартқыштың астында жүргізіңіз. Қатты сілтімен, қышқыл ерітінділерімен, газ тәрізді аммиакпен жұмыс жүргізген кезде барынша сақ болыңыздар. Инструкция: 1.Тапсырманы мұқият оқып орындаңыз. 2. Тәжірибе барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Тапсырма: 1.Аммиактың физикалық қасиетін зерттей отырып, кестені толтырыңыз.
Жұмыстың барысы: Аммиакты алу үшін аммоний хлориді мен кальций гидроксидінің қоспасын қыздыру арқылы алуға болады. Қоспаны қыздырған уақытта аммиак пен судың бөлініп жатқанын байқауға болады. 2NH4Cl + Ca(OH)2 = 2NH3 ↑ + CaCl2 + 2H2O Тұз бен негіз қоспасын үккіште жақсылап араластырып, үгіп сонан соң қоспаны қыздырыңыз. Сонан соң бөлініп жатқан газды пробиркаға жинаңыз. (аммиак газы өте жеңіл болғандықтан, пробирканы жоғары қаратып ұстау қажет). Бөлініп жатқан аммиак газын анықтаңыз. Ол үшін пробирканың аузына ылғалданған лакмус қағазын апарыңыз. Аммиак газының әсерінен ылғалданған лакмус қағазы көк түске боялады. Бұл әдіспен аммиакты тек қана лабораторияда алады. Өндірісте аммиакты өте жоғары қысым пен температурада ауадағы азот пен сутектен алады. 3 Демонстрациялық тәжірибе Аммиактың физикалық қасиетімен танысу Аммиактың судағы ерітіндісін индикатормен анықтау Тірек конспектісі арқылы аммиактың физикалық қасиетін сипаттаңыз Видео көрсетілместен бұрын сұрақтар дайындалып, оқушыларға тапсырма беріледі. Сұрақ жауап:
Көрсетілім №4 «Аммиакты фонтан» (Бейнетаспа арқылы) https://www.youtube.com/watch?v=ya3tn4PDtoY Видео дыбыссыз көрсетіледі. Дыбыссыз видеоны оқушылар дыбыстайды. Жұптық жұмыс қасында отырған құрбысымен немесе досымен ақылдаса отырып, оқулықтың көмегімен аммиактың қасиеттері бойынша қысқаша ақпарат дайындайды. Мұғалім демонстрациясы: Көрсетілім №1 «Аммиактың тұз қышқылымен әрекеттесуі Тәжірибені екі шыны таяқшаны алып бірінші таяқшаны аммиак ерітіндісіне, ал екінші таяқшаны тұз қышқылының ерітіндісіне батырады. Сонан соң екі таяқшаны алып, бір-біріне жақындатқан кезде ақ түсті түтін шыға бастайды. Осы демонстрациялық тәжірибеден кейін сіздер ағылшындарға неліктен олардың кемелері мен жау кемесінің арасында ақ түтін шығып адамдардың уланғанын түсіндіре аласыздар. Қорытынды: аммиактың суда және қышқылда еруі бұл химиялық процесс болып табылады. Бұл реакциялар нәтижесінде аммиак молекуласы сутек иондарын өзіне қосып ала алады. Себебі азот атомында байланысқа қатыспаған жұп электроны болады. Соған байланысты азот атомындағы бос электрон жұбы судан Н2О және тұз қышқылының ерітіндісінен HCl сутек атомдарын тартып қосып ала алады. Көрсетілім №2 «Аммиак – өрт сөндіргіш» Аммиак ерітіндісі бар пробиркаға жанып тұрған шырпыны апарамыз. Оқушыларға жанып тұрған шырпының өшіп қалғанын көрсетеміз. Сонымен, аммиак жанбайды. Проблеманың шешімі: Аммиак ауада жанбайды, бірақ таза оттегінде катализатор қатысында жақсы тотығады. Тірек конспектісінен аммиактың катализатор қатысында жану реакциясының теңдеуімен көріп таныса аласыздар. Тірекконспектісінде аммиактың жану реакциясы катализатор қатысында және катализатор қатысынсыз берілген. Жану реакциясында катализатор ретінде темір металы қолданылады. Мыстан жасалған бұйымдарда қара түсті дақты кетіру үшін, аммиакпен (мүсәтірмен) сүртіп тазалайды. Көрсетілім №3 «Аммоний тұздарының суда еруі». NН4СІ + H2O = NH4OH + HCI Сабақты бекіту: Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру тесті» Төменде берілген заттың атауы мен формуласын сәйкестендіріңіз.
Уақыт: 2 мин 2. 10г аммоний хлоридін 10г кальций гидроксидімен әрекеттесті. Реакция нәтижесінде қандай газ қанша көлемде бөлінеді? Берілгені: Шешуі: m(NH4Cl) = 10г 2NH4Cl + Ca(OH)2 = CaCl2 + 2NH3↑ + 2H2O m(Ca(OH)2) = 10г 1) ν(NH4CI) = 10/53,5 = 0,19моль; ν(Ca(OH)2) = 10/74 V(NH3) - ? =0,14моль 2) Х = 10*44,8/74 = 6,05л Жауабы: V = 6,05л (NH3) Оқушылар есептерді шығарып болған соң дұрыс жауаптары интерактивті тақтадан көрсетіледі. Топтар бір бірінің есептерін тексереді. | Қосымша №1 Қосымша №2 Қосымша №3 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 79-80 мин | Үйге тапсырма: 1. Аммиак пен аммоний тұздарының қолданылуы жөнінде ақпарат дайындаңыз. 2. Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. N2—NН3 — NН4Сl— СаСl2 Сабақ бойынша оқушы рефлексиясы. Бүгінгі сабақ бойынша мен қандай жаңалықпен таныстым? Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар туындар, мені мазалады? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Үй тапсырмасын сұраған уақытта, топтық және жұптық жұмысты тексеруде қалыптастырушы бағалау орындалады. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?