17(VII, 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) – топ элементтері және олардың қосылыстары Аммиак өндірісі. Химия, 9 сынып, презентация.


9.3 А 17(VII, 16 (VI), 15 (V), 14 (IV) – топ элементтері және олардың қосылыстары

Сабақтың тақырыбы:

Аммиак өндірісі 

Астана қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

химия пәнінің мұғалімі Уралбаева Қ.А.

Үй тапсырмасын талдау

Сурет бойынша өз пікіріңді білдір!

Жұптық жұмыс

Өзіңіз таңдап алған қиындыдағы бейнесурет көмегімен азот және аммиактың қасиетін сипаттайтын бір – біріңізге жарнама дайындаңыз.

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

Берілген суреттің мәнін түсіндіре алса;

Азот пен аммиактың қасиеті жайлы дұрыс ақпаратты көрсете алса;

Жұпта белсенді жұмыс жасаса

 

Бағалау критерийі

Реакция теңдеуін аяқтаңыз....

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

Берілген реакция теңдеуін дұрыс аяқтаса;

Коэффициентті дұрыс қойып, реакция теңдеуін теңестіре алса;

Жұпта белсенді жұмыс жасаса

 

Бағалау критерийі

9.3.3.5 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийлері:

- аммиактың өндірісте алыну процесін білсе;

-процестің жүру ерекшелігін Ле –Шателье принципі тұрғысынан сипаттай алса;;

Өндірісте

Өндірісте аммиакты азот пен сутекті тікелей қосу арқылы алады. Азотты - ауадан алады, ал сутекті – судан немесе батпақты жерлердегі метаннан алады. Бұл әдісті ең алғаш рет неміс химигі Фриц Габер ашты. Аммиакты алудың өндірістік процесі Габер процесі деп аталады.

3H2 + N2 2NH3 + Q

Осы реакция теңдеуі бойынша өз ойыңды дәптеріңе жаз

Осы берілген сұраққа толық жауапты бейнетаспаның көмегімен табуға болады. Сұраққа жауапты оқулықтың және өзіңе берілген нұсқаулықтың көмегімен табуға тырысыңыз.

Көрсетілім 1 бейнекөрсетілім

«Аммиакты өндірісте алу жолы

https://www.youtube.com/watch?v=1M1GfPM92Js

Аммиак өндірісі

Өндірісте

Алынуы

Азот пен сутектің

қоспасы

турбокомпрессор

катализатор

Жылуалмастырғыш

тоңазытқыш

сепаратор NH3

Сұрақтың жауабы:

Бұл реакция қайтымды процесс және бірнеше жағдайдың сақталу арқылы жүзеге асады. Жоғары қысымда және төмен температурада алынған аммиактың көлемі ұлғаяды. Бірақ өте төмен температура реакцияның жылдамдығын азайтады, ал температураның артуы кері реакцияның жылдамдығын артуына әкеледі.

Сұрақтың жауабы:

Тәжірибелік жолмен осы реакцияның жүру жағдайының жолдары табылды:

температура 450°C;

қысым 200 атм;

катализатор Өте ұсақталған темір

Осы жолмен алынған газдың құрамында 30 % аммиак болады. Бірақ кері реакцияның жүруінен сақтану үшін алынған затты үнемі суытып отырады. Төмен температурада алынған газды сұйыққа айналдырады. Жұмсалмаған – азот пен сутек газдары қайтадан синтез колоннасына жіберіледі. Осы әдіс шикізатты үнемді пайдалануға және өте көп мөлшерде аммиакты алуға көмегін тигізеді.

Аммиак өндіріс жағдайлары:

Қысым - 300-350 МПа шығым жоғары болады

Проблема:

үрдіс жоғары қысымда және температурада жүруі қажет.

Мұндай жағдайда азот пен сутек қондырғы материалымен реакцияға түсіп кетеді. Сондықтан қондырғы өте берік және инертті материалдан жасалуы қажет. Мұндай материал өте қымбат.

300 МПа қысымда аммиак синтезін жүзеге асыру қымбат әрі қауіпті өндіріске жатады.

Үйге тапсырма

1. Габер процесі кезінде туындайтын қиындықтарды атаңыз.

2. Қайтымды реакция шығымына қысым қалай әсер ететіндігін түсіндіріп беріңіз?

3. Қайтымды реакция шығымына температура қалай әсер ететіндігін түсіндіріп беріңіз?

4. Ле Шателье принципін түсіндіріңіз?

5. Катализатор не үшін қолданылады?

6. Аммиакты өндіру үшін қандай шикізат қажет?

Үйге тапсырма

Аммиактың тұтынушы негізгі өндірістік аймақтары жөнінде ақпарат дайындаңыз.

Аммиак өндірісінің экологиялық салдарын және зауыттар қалдықтарын азайту бойынша ақпарат дайындаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?