Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы.  №6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". Химия, 9 сынып, қосымша материал 3.


Aммиак  (NН3) – суда жақсы еритін (1V Н2О : 700V NН3) өткір иісті, ауадан жеңіл, (D (ауа)═ 0,59;  D (н2)═ 8,5) түссіз газ.  -33,4температурада сұйыққа айналады

Алынуы: Аммиак өндірісте жай заттардан синтездеу арқылы алынады:

N2 + 3Н2 ═ 2NН3

Зертханада:  2 NН4ССI + Са(ОН)2 ═ 2NН3↑ + 2Н2О +СаСI2

Аммиактың химиялық қасиеттері:

Аммиак жанады.

      1. а) 4NН3 + 3О2 ═ 2N2 + 6Н2О оттегі жетіспегенде

          ә) 4NН3 + 5О2 ═ 4NО+ 6Н2О оттегі жеткілікті мөлшерде

2. NН3+НСІ — NН4СІ

  • 3+НОН — NН4ОН

Аммиак молекуласындағы коваленттік байланыс донорлы – акцепторлы механизм бойынша түзіледі. N – донор, НСІ молекуласындағы Н+ - акцептор деп аталады.

Аммоний гидроксиді  NН4ОН – аммиактың судағы ерітіндісі. 40% - ы мүсәтір спирті, әлсіз, тұрақсыз негіз, фенолфталеинді қызартады.

Химиялық қасиеттері\: негіздерге тән барлық реакцияларға түседі:

1)  Диссоциацияланады|: NН4ОН ═ NН4+  +  ОН-

2) қышқылдармен әрекеттеседі: 2NН4ОН  + Н24═ ( NН4)24 + 2Н2О

3) қыздырғанда айырылады:  NН4ОН ═ NН3↑ + Н2О

Аммоний тұздары – бұл құрамына қышқыл қалдығымен қосылған аммоний ионы NН4+ кіретін күрделі заттар, мысалы: NН4СІ, ( NН4)24

Алынуы:

2NН3+ Н24 ═ (NН4)24 аммоний сульфаты

      NН3+НСІ ═ NН4СІ

   3NН33РО4 ═ (NН4)3 РО4

Аммоний тұздары суда ерімтал, еріген кезде иондарға ыдырайды:

(NН4)24═ 2 NН4+  + SО42-

Химиялық қасиеттері:

1) қышқылмен: (NН4)2СО3 + 2НСІ ═ 2NН4СІ +СО2↑ + Н2О

2) тұзбен: (NН4)2СО3+ВаСІ2 ═ ВаСО3↓ + 2NН4СІ

3) сілтімен: (NН4)2СО3+2ΝаОН ═ Νа2СО3+2Н2О+ NН3

4) Аммоний тұздары қыздырғанда айрылады:

(NН4)2═ NН3↑ + NН4 НSО4

(NН4)3 РО═ 3NН3↑ + Н 3РО4

4═ N2О + 2Н2О

4═ N+ 2Н2О



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?