Аммиактың құрылысы. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Раздел долгосрочного плана Сынып: 9 Күні: | Мектеп: ФМБ НЗМ, Астана қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Аммиактың құрылысы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
Бағалау критерийлері | Білім алушы мақсатқа жетеді, егер:
|
Тілдік мақсаттар | Үш тілдегі ғылыми терминология. Тақырыптық сөздік. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыстар | Физика |
Бастапқы білім |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | - Амандасу - Сабақ тақырыбымен, барысымен және бағалау критерийлерімен, оқу мақсаттарымен таныстыру. - Сабақ барысында жақсы көңіл-күймен отыру | 1-3 слайдтар |
Сабақтың ортасы | -Аммиак сөзімен ассоциация құрайтын сөзді таңдаңыз: Өткір иіс, мүсәтір спирті, иіссіз, газ, сұйық, қатты зат, түссіз, сұр түсті, суда ерімейді, суда ериді, медицинада қолданылады, улы. -Қай шар жоғарыға көтеріледі: ауамен толтырылған немесе аммиакпен толтырылған ? Жауабыңызды түсіндіріңіз -Аммиактың физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда - өзіне тән өткір иісі бар, түссіз газ (мүсәтір спиртінің иісі), ауадан 2 еседей жеңіл, улы. Суда жақсы ериді (1200 көлемі 00С-та немесе 700 көлемі 200С температурада). - Аммиак молекуласының құрылысы. Ковалентті полюсті байланыс -Жұптық жұмыс.
А) азот В) сутегі
-Аммиак молекуласындағы химиялық байланыс.
-Құрылымдық формула.
-Аммиак молекуласының электрондық құрылысы.
H-N-H байланыстарының арасындағы бұрыш 107,78 градусқа тең. - Атом модельдерін қолданып аммиак молекуласының моделін құрастырыңыз. | 4-15 слайдтар Атом модельдері |
Сабақтың соңы | -Тақырыпты бекіту жұмыстары. «Сен маған, мен саған» ойыны
- Сабақты қорытындылау. - Рефлексия: Сұрақтарға «+» немесе «-» белгісін қою арқылы жауап беріңіз
- Үй жұмысы.
| Power point-тегі презентациялар 16-17 |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Топта жұмыс жасағанда белсенді оқушылар қалған оқушыларға көмектесіп отырады. Жұздызшамен белгіленген тапсырмалар- күрделі тапсырмалар | Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау кезінде топтардағы өзіндік бағалау және өзара бағалау. | Білім алушының тұрақты күйде болуы. Қоңырау уақытында терезені ашып, бөлменің ауасын тазарту. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?