Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі". Химия, 9 сынып, қосымша материал 4.
Теориялық материал қосымша
Физикалық қасиеттері:
1.Аммиак – түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш улы газ.
Қайнау температурасы -33,4ºC, -77,8ºC қатты күйге айналады.
Аммиак суда өте жақсы ериді, бөлме температурасында 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді.
Химиялық формуласы ................................................................................NH3
0,101 МПа (1,033кгс/см2) мөлшер қысымдағы, температурасы, К (оС):
қайнау………………………............................................................239,8 К (-33,3оС);
балқу ……………….........................................................................195,4 К (-77,7оС); ауыспалы .........................................................................................405,5 К (132,4оС).
Ауыспалы қысымы (абсолютті мөлшері), МПа (кгс/см2)….......11,32(111,5)
273,1 К (0 оС) температурада және 0,1 МПа (кгс/см2) қысымда газдың тығыздығы……….........................................................................................0,77 (7,7).
2. Аммиактың сынаппен, хлормен, йодпен, броммен, кальциймен, күміс тотығымен және де басқа химиялық заттармен түйісуі жарылғыш қоспалардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Аммиак мыспен, алюминиймен, мырышпен және олардың қорытпаларымен өзара әрекеттеседі, әсіресе судың қатысымен кәдімгі резеңкені балқытады.
3. Аммиактың қауіптілігі оның улылығымен анықталады. Ол 4 классты улы заттардың қатарына жатады.
Сұйық аммиак адам терісін күйдіреді, ал оның булары - тері ауруларының пайда болуына ықпал етеді.
Аммиактың мүмкін шекті концентрациясы (ШМК), мг/м3:
өндірістік ғимараттың жұмыс аумағының ауасында ................................. 20
елді мекеннің атмосфералық ауасында ...................................................... 0,2
санитарлық-тұрмысқа арналған су қоймасында............ 0,2 (азот бойынша).
4. Газ күйінде аммиак жанатын түссіз газ болып есептеледі. Катализдік әрекетке ие, болат бомбадағы аммиактың өзінен өзі тұтанатын температурасы 650оС тең, кварцтық бомбада – 850оС. Аммиактың ауамен қоспасының тұтану шегі 15-28 пайыздық көлем шекарасында болады. Аммиакты-ауалық қоспаның (стехиометриялық) жарылысының ең жоғарғы қысымы 0,58 МПаскальді құрайды. Тұтанудың ең аз қуаты 680 мДж/кг-ды құрайды, ол басқа жанатын газдардан жүз есе көп; сондықтан аммиакты тек қуатты тұтандырғыш арқылы жағуға болады.
Аммиактың жылу бөлу қабілетінің аздығының арқасында, диффузиялық жануды өздігінен қолдау мүмкіншілігі стехиометриялық аммиакты-ауалық газ қоспасының әрекеті кезінде де қамтамасыз ете алмайды. Оның жануы тұрақты от көзінде жүреді де, және от көзінен алыстаған кезде лезде тоқтайды. Газ түріндегі аммиакты, 20 % қосымша жанғыш зат (метан, пропан-бутан) болмаса факелде жағу мүмкін емес.
Атмосфералық қысымда және қоршаған орта температурасында аммиактық-ауалық қоспаның жалынының таралуының қалыпты жылдамдығы 0,1 м/с аспайды. Сонымен қатар, аммиактық-ауаның стехиометриялық қоспасының жабық көлемде бөлек жануы кезінде қысымның өсу жылдамдығы да өте аз (6 МПа/с), сондықтан, аммиактың сыртқы алаңқайларда пайда болған шексіз бу-бұлттарының жануы кезінде, жойқын жарылыс толқыны пайда болмайды. Аммиактың мұндай қасиеттерін, аммиактың қауіпті бұлтын залалсыздандыру (жою) кезінде пайдалануға болады
5. Сұйық аммиак қиын жанатын заттар қатарына жатады. Төгілген сұйық аммиактың бетінен шыққан, аммиактың жанған буларының жылу шығаруы, оның тұрақты жануын қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Төгілгеннен кейін тез арада, оның қарқынды қайнау кезеңінде, тұрақты от көзі болса да, жану тек төгілген аммиактың бетінде ғана, буланған аммиактың оқтын-оқтын тұтануы түрінде болады. Төгіліп, жайылғаннан кейін бірнеше минуттан соң, сұйық аммиактың қарқынды қайнауы салдарынан, оның температурасының қайнау температурасынан төмендеуі байқалады және қайнау мүлдем тоқтайды. Аммиак қайнап біткеннен соң, оқтын-оқтын тұтану да тоқтайды.
Жоғарғы қысымда тұрған жабдықтардан бу-сұйықтықтардың апаттық жағдайда ағуынан пайда болған аммиактың бүріккіш булары мен атмосфералық ылғалдың тамшы түріндегі булары, от көзінен де тұтанбайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?