Аммиак. № 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі". Химия, 9 сынып, қосымша материал 3.


Аммиакпен улану кезіндегі алғашқы көмек

Аммияк – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммияк буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Аммиякпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау. Аммиякпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиякпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммияк асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет.

Аммияк көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.

- уланған адамға респиратор кигізу немесе кез-келген қышқылдың (бор, сірке, лимон( 5%-ды ерітіндісіне шыланған мақта-мата таңғышты таңу керек;

- у сіңірген киімді таза киімге ауыстыр және зардап шеккен адамды қараңғыланған орынға жатқыз;

- қышқылдың (бор, сірке, лимон) 2%-ды ерітіндісімен көзді 10-15 минут бойы аммиактың иісі кеткенге дейін жуады, содан соң альбуцид ерітіндісін көзге тамызу керек, өйткені көздің шырышты қабатына жұқпа түсу қаупі бар;

- осылай қышқылдың әлсіз ертіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек;

- осындай ерітіндімен ол адамның аузын шайдыртып, мұрынына зәйтүн (шабдалы, күнбағыс) майын тамыз;

- тамағына қыша қағазын қою керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?