Азот. №11 зертханалық жұмыс « азот молекуласын моделдеу». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары,
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Азот | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Азот. №11 зертханалық жұмыс « азот молекуласын моделдеу» | |||||
Оқу мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | - периодтың кесте шеңберінде азоттың қасиеттерін болжайды және талдайды -сыртқы қабатындағы электрон санын дұрыс анықтайды -азот молекуласының электрондық құрылысын «нүктелер және айқыштар» арқылы дұрыс сызып көрсетеді - азотты моделдей отырып, енжарлығын түсіндіреді - азоттың табиғаттағы айналымын көрсетеді | |||||
Тілдік мақсаттар | Сұрақтарды дұрыс қойып және оларға дұрыс жауап беру үшін тақырыптық сөздікті қолдану керек, сонымен қатар азот айналымын талқылау керек. Пәнге тән лексика мен терминология: Азот – айналым, қосылыс, тотық Нитрат, тыңайытқыш, тірі жүйелер, өсімдіктер өсуі, аммиак, азоттың байланысуы, балдырлардың гүлденуі, оттегі, артық мөлшер, қоршаған орта (экологиялық). Жою, байланыстыру, ыдырау, жұтылу Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Нелер орын алады егер ...? Өзендер мен бұлақтарда азоттың артық мөлшері бар ма ...? ...ағзалар өледі/қалдықтар ыдырайды? Азоттың артық мөлшері пайда болса... ? ... ағзалар өледі/қалдықтар ыдырайды? Қалай … - нитраттар сіңіріледі / қолданылады …? | |||||
Құндылықтарды дарыту | топтық жұмыста бір-біріне Сыйластық,Адалдық, моделдермен жұмыс істеу кезінде Жауапкершілік құндылықтарын дарыту. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ бөлімдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 мин 6 мин – 10 мин 11- 16 мин 17- 25мин 26-30 мин 31-34 мин 35-38 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыппен таныстыру. Оқу мақсаттарын көрсету. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талдау, құрастыру. 1. Периодтық кестеде азоттың орнына назар аудара отырып, заңдылықты анықтап, периодтың кесте шеңберінде азоттың қасиеттерін болжамдау. Болжамдалған қасиеттерді тақтаға жаза отырып, талдау. 2. Нүктелер және айқыштар арқылы Льюис құрылымын қолдана отырып, азот молекуласының сыртқы қабаттағы электрондарды тауып, азот молекуласының электронды құрылымын салу. ( әр оқушы мини тақтаға салады, мұғалім тексереді) Үштік байланыстың салдарын талқылаңыз: байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. 3. №11 зертханалық жұмыс. Азот молекуласының моделін құрастыру. Арасындағы үштік байланысты көрсету. Азот молекуласының құрылысын және азоттың табиғатта айналымын біле отырып, оқушылар азоттың енжарлығын түсіндіруі қажет. 4. «Азоттың табиғаттағы айналымы» бейнебаяны. Оқушыларға тірі жүйелер үшін азоттың маңыздылығы жөнінде және оның өсімдіктердің өсуі үшін тіршілік факторы болып табылуын еске түсіріңіз. Азоттың табиғатта айналымын талқылаңыз. 5. (G) Топпен жұмыс: азот айналымының әрбір бөлігін анықтайды. 6.Оқушылар бейнебаянды қарап болғаннан соң эвтрофикация үрдісіне талдау жасайды. | презентация периодтық кесте Әр оқушыға арналған мини маркер тақтасы Әр оқушыға модельдер https://www.youtube.com/watch?v=05AYIk-G97M қосымша азот айналымы | ||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Барлығы: -сыртқы қабатындағы электрон санын дұрыс анықтай алады; - азотқа периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама бере алады; Көбісі: -азот молекуласының электрондық құрылысын «нүктелер және айқыштар» арқылы дұрыс сызып көрсете алады; Кейбіреулері: -азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалайды | Мұғалімнің жеке жұмысты тексеріп, сабақта талдау. | Белсенді іс-әрекеттер – топтық, жеке жұмысты жазбаша және ауызша орындау. |
Ой жүгірту Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндегі ахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неге? |
| |
Негізгі бағалау Қандай екі зат өте жақсы өтті (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? 1: 2: Қандай екі зат сабақты одан да жақсы ете алатын еді (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? 1: 2: Келесі сабақты жоспарлау үшін қолдана алатындай осы сабақта сынып немесе жеке тұлғалар туралы нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?