Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер. Химия, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу

Сабақтың мақсаты:

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымын есептеу кезіндегі формулаларды біледі.

Есептерді шығару кезінде реакция теңдеулерінің дұрыс жазылу керектігін түсінеді.

Формулаларды есептер шығару кезінде дұрыс қолдана алады.

Сандық есептерді шығару барысында қолданылатын формулаларды талдай алады

Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтай алады.

Бағалау критерийлері

… шынайы химиялық реакцияларда өнімнің массасы есептелген массадан төмен болады. Неге?

Көп химиялық реакциялар толығымен, аяғына дейін жүрмейді.

Органикалық заттардың арасындағы реакцияларда, қейде қосымша өнімдер түзіледі.

Гетерогенді реакция кезінде, кейбір заттар реакцияға түспей қалады.

Химиялық реакцияны жүргізген кезде, қолданып отырған кұрал-жабдықар маңызды рөл атқарады. Герметика жағынан, нашар қосылған құралдар, газ тәрізді заттың бірнеше көлемін жоғалтады.

Реакция өніміндегі шығымның массалық үлесі - реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді. (η – «эта»-әрпімен белгілейді.) (ω - «омега»)

Формулалары арқылы есептеледі:

η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1)

η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2)

Шығымға қатысты есептер шығару

1) Есептің шартың қысқаша жазу.

2)Реакция теңдеуің жазып, теңестіру.

3)Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасын табу.

4) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымың есептеп алу. Жауабын жазу.

Есепті шешу алгоритмі:

Шешуі: 2Ғе2О3 + 3С 4Ғе + 3СО2

М(Ғе2О3)= 160 г/моль

m(Ғе2О3) = ν · М(Ғе2О3) = 2 моль · 160 г/моль = 320 г

М(Ғе)= 56 г/моль

m(Ғе) = ν · М(Ғе) = 4 моль · 56 г/моль = 224 г

120 г Ғе2О3 ----- х г Ғе

320 г Ғе2О3 ---- 224 г Ғе

84 г ---- 100 %

67,2 г ---- х %

Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%)

Шешуі: NН3 + НСІ 4СІ

М(NН3)= 17 г/моль

m(NН3) = ν · М(NН3) = 1 моль · 17 г/моль = 17 г

М(NН4СІ) = 53,5 г/моль

m(NН4СІ) = ν · М(NН4СІ) = 1 моль · 53,5 г/моль = 53,5 г

1,7 г NН3----- х г NН4СІ

17 г NН3---- 53,5 г NН4СІ

5,35 г ----- 100 %

5 г ---- х %

1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды. Түзілген өнімнің шығымы (%)

Суда ерімейтін тұзды алмасу реакциясының көмегімен алып, содан кейін (фильтрлеу, құрғатудан кейін) өнім шығымын есептеу. Мысалы, орынбасу көмегімен мыс алу керек. Өз жоспарларыңызды құрып тәжірибе жүзінде дәлелдеңіздер.

Топтық жұмыс

Дескриптор:

Эксперименттің болжамын жасайды;

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда зат шығымын есептеу кезіндегі формулаларды біледі.

Есептерді шығару кезінде реакция теңдеулерінің дұрыс жазады.

Формулаларды есептер шығару кезінде дұрыс қолданады.

Бағалау

Жеке жұмыс

1. 32,4 г мырыш оксидінен алюмотермия әдісі арқылы 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар.

2. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г алюминий гидроксидінең алынған металл оксидінің массасын табыңдар.

3. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне көміртек (ІІ) оксидімен әсер етсек, нәтижесінде 11,2г темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар. 

4. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%) нешеге те4 болады?

5. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%) неше?

Өзіңді бағала

1. 92% Zn

2.  (14г.)

3.  (20г.)

4.  (90%)

5.  (80%)

1. 11,2 г темір тұз қышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%).

2. 20 кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.

3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфаттын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль)

Үйге тапсырма

теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу;

Сабақтың мақсаты:

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?