Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер. Химия, 9 сынып, презентация.
“Крестиктер мен нөлдіктер” ойыны
Сабақтың тақырыбы:
Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер
Оқу мақсаты
Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы
реакция өнімінің шығымын есептеу
… шынайы химиялық реакцияларда өнімнің массасы есептелген массадан төмен болады. Неге?
Көп химиялық реакциялар толығымен, аяғына дейін жүрмейді.
Органикалық заттардың арасындағы реакцияларда, қейде қосымша өнімдер түзіледі.
Гетерогенді реакция кезінде, кейбір заттар реакцияға түспей қалады.
Химиялық реакцияны жүргізген кезде, қолданып отырған кұрал-жабдықар маңызды рөл атқарады. Герметика жағынан, нашар қосылған құралдар, газ тәрізді заттың бірнеше көлемін жоғалтады.
Реакция өніміндегі шығымның массалық үлесі - реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді. (η – «эта»-әрпімен белгілейді.) (ω - «омега»)
Формулалары арқылы есептеледі:
η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1)
η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2)
Шығымға қатысты есептер шығару
1) Есептің шартың қысқаша жазу.
2)Реакция теңдеуің жазып, теңестіру.
3)Реакция теңдеуі бойынша өнімнің
теориялық массасын табу.
4) Белгілі формула бойынша өнімнің
шығымың есептеп алу. Жауабын жазу.
Есепті шешу алгоритмі:
Шешуі: NН3 + НСІ → NН4СІ
М(NН3)= 17 г/моль
m(NН3) = ν · М(NН3) = 1 моль · 17 г/моль = 17 г
М(NН4СІ) = 53,5 г/моль
m(NН4СІ) = ν · М(NН4СІ) = 1 моль · 53,5 г/моль = 53,5 г
1,7 г NН3----- х г NН4СІ
17 г NН3---- 53,5 г NН4СІ
5,35 г ----- 100 %
5 г ---- х %
1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды. Түзілген өнімнің шығымы (%)
Жұптық жұмыс
32,4 г мырыш оксидінен алюмотермия әдісі арқылы 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар.
Жұптық жұмыс
Үй жұмысы.
1. 11,2 г темір тұз қышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%)есептеңіз.
2. 20 кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.
3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфатын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшерін (моль) есептеңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?