Күкірт қышқылы және оның тұздары. Химия, 9 сынып, қосымша материал 1.
Қосымша 2. Дидактикалық материал.
Сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының химиялық қасиеттері. Сульфаттар
Күкірт қышқылының сулы ерітіндісі қышқылдық ортаны көрсетеді.
Сұйылтылған күкірт қышқылының химиялық қасиеттері концентрлі күкірт қышқылының химиялық қасиеттерінен ерекшеленеді.
Күкірт қышқылының сулы ерітіндісінің диссоциациясы кезінде қышқылдық ортаны көрсететін сутек катионы түзіледі. Күкірт қышқылының ерітіндісі лакмус және метилоранж индикаторын қызыл түске өгертеді.
Күкірт қышқылы – екінегізді. Оның тұздары сульфаттар немесе гидросульфаттар деп аталады.
Күкірт қышқылы мен оның тұздарының ерітіндісіне барийдің тұздар ерітіндісімен реакциялары сапалық реакция болып табылады. Нәтижесінде ақ тұнба түзеді.
Басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері
- Судағы ерітіндісі индикатордың түсін өзгертеді.
- Сұйық H2SO4 кернеу қатарындағы H ке дейінгі Me – әрекеттесіп, H2 бөледі.
Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2 (г)
- Негіздік және амфотерлі оксидтермен әрекеттеседі.
ZnO + H2SO4 = ZnSO4 + H2O (г)
- Негіздермен:
Cu(OH)2 + H2SO4 = CuSO4 + H2O
- Тұздармен:
CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + H2O + CO2 (г)
Өзіне ғана тән қасиеттері
- Концентрлі H2SO4 күшті т-т-ш қыздырғанда барлық Me-дармен( Au, Pt, Ag-дан басқа) әрекеттесіп, S, SO2, H2S бөледі.
Cu + 2H2SO4 = CuSO4 + SO2 (г) + 2H2O
Cu° → Cu+2
S+6 → S+4
Al, Fe металдары салқын концентрлі H2SO4 қышқылында пассивтеледі.
- Концентрлі H2SO4 сумен гидрат түзе, көп жылу бөліп, күшті әрекеттеседі.
H2SO4 + nH2O → H2SO4 ⋅ nH2O + Q
- H2SO4және оның тұздарын Ba2+ иондары анықтайды:
H2SO4 + BaCl2 = BaSO4 + 2HCl суда да, конц. азот қышқылында да ерімейтін ақ тұнба түзіледі.
Гигроскопиялылық – заттың қоршаған ортадан су буын жұту қабілеті. Күкірт қышқылының судағы ерітіндісі қышқыл болып саналады. Қышқылдыққа жауапты химиялық заттар су ерітіндісіндегі күкірт қышқылы молекулаларының диссоциациясынан түзілген – сутек-катиондары. Концентрлі күкірт қышқылы 96% таза қышқылдан тұрады. Бұл түссіз, майлы сұйықтық. Күкірт қышқылының күйдіргіш әсері, нәтижесінде көмірленетін органикалық заттан судың жойылуына негізделген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?