Күкірт қышқылы және оның тұздары. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

9.3А Күкірт қосылыстары

Мектеп: ФМБ НЗМ Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күкірт қышқылы және оның тұздары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.14 – күкірт қышқылы ерітіндісінің және оның тұздарының физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту принциптерін;

- күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтауды;

Көп санды оқушылар:

Күкіртті қышқыл мен күкірт қышқылы тұздарын сапалық реакция көмегі арқылы ажыратуды;

Кейбір оқушылар:

Практикалық жұмыс дағдыларын жетік меңгереді, түзілген тұнбалардың физикалық сипаттамаларын зерттейді.

 Бағалау критерийлері

- күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық реакция көмегімен анықтай алады;

- техника қауіпсіздік ережесі бойынша күкірт қышқылын сұйылту принциптерін біледі.

 Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі

 Пәнаралық байланыстар

Физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

4-7 мин

8-14 мин

15-25 мин

26-37 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабақтың тақырыбы мен қол жеткізілетін мақсаттар таныстырылады.

Күкірт қышқылын алудың өндірістік әдісі мен лабораторияда алу жағдайлары видео-роликте көрсетіледі.

Оқушылар дәптерлеріне реакция теңдеулерін жазып отырады.

Видео-роликке сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі. бағалайды.

Әр оқушы өз жауабын ұсынуы қажет. Оқушылар бірін-бірі Бағалау критерийі:

Реттілікті толық дұрыс орындаған болса «+», ал бір қателік жіберген болса «-» деп формальды бағалау жүргізеді.

Концентрлі күкірт қышқылын сұйылту ережелері мен оның гигроскопиялық қасиеттері жайлы бейне баян көрсетіледі.

Жұптасқан оқушыларға төмендегідей тапсырма беріледі:

Тексеру: жұптар келесі жұптармен жауап парақтарын алмасып, слайдта көрсетілген дұрыс жауаптар нұсқасын сәйкестендіре отырып тексереді.

Бағалау критерийлерін оқушылар өздері ұсынады және сол бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Оқушыларға оқу материалы таратылады. Оқып шығуларына 3 минут уақыт беріледі. Оқушылар 3 топқа бөлініп, жұмыс жасайды. Барлық топқа тапсырма бірдей.

Тапсырма:

Мұғалім топтардың жұмыстарын жинап алып, өзі тексеріп бағасын қояды.

Практикалық жұмыс: «Күкірт қышқылы тұздарына сапалық талдау»

Оқушыларға жұмыс парағы таратылады. Техника қауіпсіздік ережесімен таныстырылып, журналға қол қойылады. Оқушылар зерттеу жүргізеді. Қорытынды жазады. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс парағын мұғалім жинап алады.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/kukirt-qyshqyly-zhane-onyng-tuzdary

Бейнебаян

Қосымша 1

таратпа қағазы,

Қосымша 2

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

38-40 мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Бүгінгі сабақтың сіздер үшін маңыздылығын бағалаңыз!  

1. Сабақ сіздерге түсінікті болдыма а) иә; б) жоқ. 

2. Сабақтың қай кезеңі сізге қызықты өтті: а) бағалау кезеңі; б) тапсырмалардың деңгейі; в) практикалық бөлімі 

3. Бүгінгі сабақта мақсатқа қол жеткіздім деп ойлайсыз ба: а) иә; б) жоқ; в) жартылай 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?