№ 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 9.3А Металдар және құймалар | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | 9 А, В, С | Қатысқандар саны: А (...), В (…), С (…), | Қатыспағандар саны: А (...), В (…), С (…) | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | № 4 практикалық жұмыс "Металдар" тақырыбына эксперименттік есептер шығару | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Сабақты қайталау және жүйелеу | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау Критерийлері | -бұрыннан таныс тәжірибеге жоспар құрастырады; - таныс емес практикалық есептерді шығаруға арналған тәжірибенің жоспар құрастырады; - нәтижелерді көрсету үшін тиісті әдісті таңдайды. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушының орындауы тиіс: 1- топ металдарының химиялық қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттайды, салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылқтарын анықтау Пәнге қатысты лексика мен терминология Сілтілік металдар, металдық қасиеттер, жеңіл, оңай балқиды, иілімді, металдық жылтыр.негіздік қасиет, амфотерлік(екідайлық) қасиет Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Сілтілік металдар типтік металдар болып табылады..... Сілтілік металдардың физикалық қасиеттерінің басқа металдармен ұқсастығы .... түсіндіріледі. Сілтілік металдар сумен әрекеттескен кезде ............ түзіледі. Х металының .... –пен әрекеттесуі У металына қарағанда қарқынды жүреді, себебі .... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары: - Құрметтеу; - Сыйластық;- Ынтымақтастық; | ||||||||||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу | ||||||||||||
АҚТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта. Презентация Power-Point, Тwig-bilim.kz, bilimland.kz. | ||||||||||||
Өмірмен байланыс | Тәжірибені жоспарлау | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | - | ||||||||||||
Бастапқы білім | Металдардың салыстырмалы қасиеттері білімі аса маңызды 8.1А- атомдағы электрондардың қозғалысы. 8.1В – белсенді металдарды салыстыру 8.2 А –металдардың белсенділік қатары. 8.4В-су | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
1-ші сабақ | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | Ұйымдастыру кезеңі: 1)Оқушылармен сәлемдесу. 2)Оқушыларды түгелдеу. 3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру. | Презентация | |||||||||||
3-10 мин | Мұғалім практикалық жұмыстың нұсқаулығымен оқушыларды таныстырады: ** Ұсынылған тәжірибелерге жоспар құру; **Нәтижелерді анықтау үшін қолайлы әдісті таңдау; **Қажетті құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, бақылау жүргізу; **Барлық өзгерістерді жүзеге асыру; **Әрбір реакция үшін химиялық реакция теңдеулерін жазу. | ||||||||||||
11-15 мин | Жж (Жұптық жұмыс) Оқушылар берілген тапсырманы жұппен ақылдасып,талқылайды. | ||||||||||||
16-34 мин | Т (топтық жұмыс) Оқушылар 4 адамнан тұратын шағын топтарда тапсырманы талқылайды. Оқушылар практикалық жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын жасайды және нәтижелерді көрсету үшін қолайлы әдісті таңдайды. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 35-38 мин | Сабақты қорытындылау. Оқу мақсатына оралу. Кері байланыс беру. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | (W) Рефлексия. «Бағдаршам» Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.” Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.» | ||||||||||||
Үй жұмысы | Теориялық ақпаратты қайталау | ||||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлығы: -бұрыннан таныс тәжірибеге жоспар құрастырады; Көбісі: - таныс емес практикалық есептерді шығаруға арналған тәжірибенің жоспар құрастырады; Кейбіреуі: - нәтижелерді көрсету үшін тиісті әдісті таңдайды. | Бірін-бірі бағалау. Жұпта талқылау, бірін-бірі тексеру | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?