2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары. № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 9.2С 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | 9 А, В, С | Қатысқандар саны: А (...), В (…), С (…), | Қатыспағандар саны: А (...), В (…), С (…) | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары.№ 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалмен танысу | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.2.1.3 1 (І)- ші және 2 (ІІ)топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру; 9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау Критерийлері | -2-топтың элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды; - кальцийдің оксиді және гидроксидінің қатысуымен реакция теңдеулерін жазады; - кальций оксиді мен гидроксидінің қолдануын сипаттайды. -1 және 2 топ металдарының қасиеттерін салыстырады; - кальций оксиді мен гидроксидтің химиялық қасиеттерін болжайды. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушының орындауы тиіс: 1- топ металдарының химиялық қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттайды, салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылқтарын анықтау Пәнге қатысты лексика мен терминология Сілтілік металдар, металдық қасиеттер, жеңіл, оңай балқиды, иілімді, металдық жылтыр.негіздік қасиет, амфотерлік(екідайлық) қасиет Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Сілтілік металдар типтік металдар болып табылады..... Сілтілік металдардың физикалық қасиеттерінің басқа металдармен ұқсастығы .... түсіндіріледі. Сілтілік металдар сумен әрекеттескен кезде ............ түзіледі. Х металының .... –пен әрекеттесуі У металына қарағанда қарқынды жүреді, себебі .... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары: - Құрметтеу; - Сыйластық;- Ынтымақтастық; | ||||||||||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу | ||||||||||||
АҚТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта. Презентация Power-Point, Тwig-bilim.kz, bilimland.kz. | ||||||||||||
Өмірмен байланыс | Тәжірибені жоспарлау | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (металдардың физикалық қасиеттері) | ||||||||||||
Бастапқы білім | Металдардың салыстырмалы қасиеттері білімі аса маңызды 8.1А- атомдағы электрондардың қозғалысы. 8.1В – белсенді металдарды салыстыру 8.2 А –металдардың белсенділік қатары. 8.4В-су | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
1-ші сабақ | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | Ұйымдастыру кезеңі: 1)Оқушылармен сәлемдесу. 2)Оқушыларды түгелдеу. 3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру. | Презентация | |||||||||||
3-7 мин | Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар "1, 2, 13 топ металдары" салыстырмалы кестесінде 1 топ элементтері туралы ақпаратты толтыру керек. | Қосымша 1 | |||||||||||
8-10 мин | Бүгінгі тақырыбын ашу мақсатында бірнеше суреттер ұсынылды.
Оқушылардан сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдауын сұраңыз. | Презентация Слайд 1 | |||||||||||
11-12 мин | ІІ топ элементтер атауының шығу тегі туралы айтып беріңізші. Сілтілік жер металдарының оксидтері (алхимиктердің терминологиясы бойынша — "жер") суда еритін негіз — сілтілердің пайда болуымен байланысты. * Әр элемент туралы қызықты фактілер бар комикстерді көрсетуге болады. | Слайд 4-6 | |||||||||||
13-15 мин | Оқушылармен 8-слайдты талқылайды, магний мен бериллийдің химиялық белсенділігін басқа металдардан ерекшеленетінін оқушыларға жеткізу. Бұл неге байланысты екенін сұраңыз. Бейнебаян қарау: ** Берилийдің ерекше қасиеттері ** Атомдық радиустың екінші топ металдарының химиялық белсенділігіне әсері **Сілтілікжер металдардың химиялық белсенділігіне байланысты топ ішіндегі заңдылық | 7-8 слайд | |||||||||||
16-17 мин | Оқушылардан 1 немесе 2 топ элементтерінің қайсысы белсенді болатынын болжауын сұраңыз. | 7-8 слайд | |||||||||||
18-22 мин | Жж (жеке жұмыс) Оқушыларға тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар "Металдардың химиялық қасиеттері" кестесін пайдалана отырып, кальцийдің химиялық қасиеттерін жазады | Слайд 10. Қосымша 2 | |||||||||||
ҚТЕ нұсқаулығымен таныстыру. Қышқыл ерітінділерімен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет, қорғаныс көзілдірігін қолдану. Оқушыларға кальцийдің сумен әрекеттесу кезінде жылу бөлінетінін, сондықтан реакциядан кейін аз уақыт сынауықты қолмен ұстауға болмайтынын ескертіңіз. | |||||||||||||
23-34 мин | Т(топтық жұмыс) немесе Жж (жұптық жұмыс) № 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі" топпен немесе жұппен орындайды. Оқушылар топпен/жұппен тәжірибені орындайды. Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын үнемі назарда ұстап, тәжірибелердің рет- ретімен орындалуын қадағалауы қажет. Зертханалық жұмысты аяқтағаннан кейін 14 слайдтағы тапсырманы орындайды. Мұғалім сабақтың соңында қайсы оқушы алға қойылған мақсатқа жете алмағанын анықтап, алдағы уақытта сол оқушымен жеке жұмыс жасаудың бағытын анықтайды. | Қосымша 3 | |||||||||||
35-36 мин | ҚТЕ байланысты жұмыс орнын қалыпқа келтіру | ||||||||||||
Сабақтың соңы 37-38 мин | Сабақты қорытындылау. Оқу мақсатына оралу. Кері байланыс беру. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | (W) Рефлексия. «Бағдаршам» Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.” Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.» | ||||||||||||
Үй жұмысы | Теориялық ақпаратты қайталау | ||||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлығы: -2-топтың элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды; - кальцийдің оксиді және гидроксидінің қатысуымен реакция теңдеулерін жазады; - кальций оксиді мен гидроксидінің қолдануын сипаттайды. Көбісі: - 1 және 2 топ металдарының қасиеттерін салыстырады; Кейбіреуі: - кальций оксиді мен гидроксидтің химиялық қасиеттерін болжайды. | Мұғалім зертханалық жұмысты тексеруі. Топты бағалау. Жұпта талқылау. | ҚТЕ: Тәжрибе №1.
ҚТЕ: Тәжрибе №2. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?