Сілтілік металдардың жалпы сипаттамасы (1- топ) №6 Лабораториялық жұмыс «Натрийдің сумен әрекеттесуі». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


« » ________________2018ж

Бекітілді:

____________________________

 

Орал қаласы ФМН НИШ

Пән:Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс:9

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

9.3 В1, 2 және 13-топ элементтері

Сабақтың тақырыбы

Сілтілік металдардың жалпы сипаттамасы (1- топ)

№6 Лабораториялық жұмыс «Натрийдің сумен әрекеттесуі»

Оқыту мақсаттары

9.2.1.1 - атом құрылысы тұрғысынан сілтілік металдардың металдардың қасиеттерін түсіндіру;

9.2.1.2 - сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құру;

 Сабақтың мақсаттары

 (Дифференциация)

Барлық оқушылар:

 Периодтық кесте бойынша және атом құрылысы тұрғысынан сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін болжайды.

 

Көптеген оқушылар

 Периодтық кесте бойынша және атом құрылысы тұрғысынан сілтілік металдарға тән химиялық қасиеттерді сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрады;

Бағалау критерийлері

 БК 1 Периодтық кесте бойынша және атом құрылысы тұрғысынан сілтілік металдарға тән қасиеттерді сипаттайды және атомның электрондық конфигурациясы мен бөлшектің заряды және периодтық кестедегі орны арасындағы байланысты талдайды

БК 2 Сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін дұрыс құрады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындау керек:

1- топ металдарының химиялық қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттайды, салыстырады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Сілтілік металдар, металдық қасиеттер, жеңіл, оңай балқиды, иілімді, металдық жылтыр.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Сілтілік металдар типтік металдар болып табылады.....

Сілтілік металдардың физикалық қасиеттерінің басқа металдармен ұқсастығы .... түсіндіріледі.

Сілтілік металдар сумен әрекеттескен кезде ............ түзіледі.

Х металының .... –пен әрекеттесуі У металына қарағанда қарқынды жүреді, себебі ....

 Құндылықтарды

 дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Жаһандық азаматтық

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Физика

Кезең

Жаңа пәнді меңгеру

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақта

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0- 3мин

Оқушылармен амандасу.

Жақсы көңілді атмосфера қалыптастыру.

Жалын түсі бойынша тақырыпты және мақсатты болжау!

Мақсат бойынша сұрақтар құрастыру!

- Сілтілік металдардың физикалық қасиеттерінің басқа металдармен ұқсас болуының себебі неде?

- Не себепті сілтілік металдарды керосин астында сақтайды?

– Не себепті сілтілік металдарды кескен кезде күмістей ақшыл, ал үстіңгі қабаты күңгірт болады?

Слайд – 1,2

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-13

13-23

23-27

27-30

30-40

ОМ: атом құрылысы тұрғысынан сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру

КБ 1 Тапсырма 1

Тапсырма сипаты(I)Периодтық жүйедегі орны бойынша сілтілік металдардың жалпы сипаттамалары

Мұғалімнің іс –әрекеті: Сілтілік металдар —бұл I топтың негізгі топша элементтері. Бұл сілтілік металдар сумен әрекеттескен кезде сілті түзу себебінен атауы қалыптасқан.

Оқушы іс-әрекеті: Сілтілік металдардың атом құрылысын салады. Диалог жүргізу үшін сілтілік металдардың периодтық кестедегі орнын еске түсіріп, келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Химиялық таңбасы ...
  • Периоды және тобы ...
  • Реттік нөмірі...
  • Салыстырмалы атомдық масса...
  • Протон, нейтрон и электрон саны...
  • Электрондық формула ...
  • Тотығу дәрежесі...

Бағалау: мұғалім - оқушы

Тапсырма2 «Сілтілік металдардың жалпы сипаты» КБ 1(I)

Мұғалімнің іс –әрекеті: (Д) Натрийдің қасиетін көрсететін демонстрациялық тәжірибе жасайды. Химиялық пышақпен натрийдің кесегін кесіп, фенолфталиен тамызылған суға салады. Фенолфталин индикаторы сілтілік ортаны анықтау үшін қолданылады.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар жұпта таратпа материалдар арқылы сілтілік металдардың қасиеттерін және олардың қосылыстарын периодтық жүйедегі орны бойынша талдайды.

Бағалау: оқушы - оқушы

КБ 2 (И)

Бекіту

Химиялық реакция теңдеулері арқылы айнадымды іске асырыңыз:

1) Na → Na2O2 → Na2O->NaOH → Na2CO3

Li → Li2O → LiOH → LiClLiOH

Есеп № 1

Определите металл? Сілтілік металдың 1,75 г суда еріген кезде 2,8 л сутегі түзілді. Металды анытаңыз.

Есеп № 2

Егер 100г күкірт қышқылына кесек натрийді салған кезде қандай көлемде газ бөлінетінін анықтаңыз.

Тест «сілтілік металл»

Сілтілік металдар қасиеттері:

https://bilimland.kz/ru/courses/chemistry-ru/neorganicheskaya-ximiya/ehlementy-i-ix-soedineniya/lesson/shelochnye-metally

https://bilimland.kz/ru/subject/ximiya/10-klass/shelochnye-metally-natrij-i-kalij

https://bilimland.kz/ru/subject/ximiya/8-klass/metally-i-nemetally-shelochnye-metally-i-galogeny

Сабақтың соңы

35-40

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасауйды:

Рефлексия:

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек

Үй тапсырмасы : Сілтілік металдардың жалпы сипаты

Қосымша тапсырма : Табиғаттағы сілтілік металдардың рөлі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

Оқушылар арасындағы диалог:

Мини-тақтада бірін-бірі

(+ немесе -).

Жеке жұмыс :

Дұрыс жауапты көрсете отырып, толықтырып бағалау жүргізеді

Сыныппен жұмыс :

Оқушылар бір –біріне бас бармақ көрсету арқылы бағалайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?