Металдардың жалпы қасиеті-2. Химия, 9 сынып, қосымша материал 2.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 11 «МЕТАЛДАР ҚАСИЕТТЕРІН ТАНЫП БІЛУ»

Оқу мақсаты

Дескриптор

9.1.4.13 металдарға тән химиялық қасиеттерді сипаттау;

- тәжірибе кезіндегі байқалған құбылыстарды сипаттайды

- металдардың әрекеттесу белсенділігін салыстырады

- жүру мүмкін реакция теңдеулерін жазады

ҚАЖЕТІ – ҚҰРАЛДАР: Сынауықтар, шпатель, өлшегіш цилинд, қалдыққа арналған ыдыс,

РЕАКТИВТЕР: Темір, мыс, мырыш, алюминий металдары, салқын су, ыстық су, сұйытылған тұз қышқылы, концентірлі азот қышқылы, мыс (II) сульфаты, қорғасын (II) нитраты, күміс нитраты

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:

I. МЕТАЛДАРДЫҢ СУМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ:

А) САЛҚЫН СУМЕН

1. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен салқын су құйыңыз

2. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

3.Не байқалды?

4. 1-3 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз.

В) ЫСТЫҚ СУМЕН

АБАЙЛАҢЫЗ! КҮЙІП ҚАЛМАҢЫЗ!

5. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен ыстық су құйыңыз.

6. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

7.Не байқалды?

8. 5-6 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз.

II. МЕТАЛДАРДЫҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРКЕТТЕСУІ:

А) СҰЙЫТЫЛҒАН ҚЫШҚЫЛМЕН

САҚ БОЛЫҢЫЗ! НЕГІЗГІ ҚТЕ САҚТАҢЫЗ!

1. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен сұйытылған тұз қышқылын құйыңыз

2. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

3.Не байқалды?

4. 1-3 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз

B) КОНЦЕНТІРЛІ ҚЫШҚЫЛМЕН

САҚ БОЛЫҢЫЗ! НЕГІЗГІ ҚТЕ САҚТАҢЫЗ! АУА СОРҒЫШ ШКАФТА ЖАСАҢЫЗ!

1. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен концентірлі азот қышқылын құйыңыз

2. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

3.Не байқалды?

4. 1-3 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған мыс металымен ғана қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз

III. ТҰЗ ЕРІТІНДІЛЕРІМЕН

1. Үш таза сынауыққа алыңыз

2. 1-ші сынауыққа мыс сульфатының 5 мл ерітіндісін құйыңыз

3. 2-ші сынауыққа қорғасын нитратының 5 мл ерітіндісін құйыңыз

4. 3- ші сынауыққа күміс нитратының 5 мл ерітіндісін құйыңыз

5. Үш сынауықтағы ерітіндіге шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

6. 3.Не байқалды?

7. 1-6 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған басқада металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз

НӘТИЖЕ:

ТӘЖІРИБЕЛЕР

БАЙҚАЛҒАН ҚҰБЫЛЫСТАР

Fe

Салқын сумен

Ыстық сумен

Сұйытылған қышқыл

Концентірлі қышқыл

CuSO4

AgNO3

Pb(NO3)2

ҚОРТЫТЫНДЫ:

1. Металдардың барлыығы бірдей берілген заттармен әрекеттесті ме? Не себебпті?

................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2.Жүруі мүмкін реакция теңдеулерін жазыңыз

................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................ ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................ ...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?