Металдардың жалпы қасиеті-2. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ 9.2В МЕТАЛ ЖӘНЕ ҚҰЙМА

Ұзақ мерзімді сабақ жоспары 9.2В

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағанда:

Тақырыбы:

Металдардың жалпы қасиеті-2

Оқу мақсаты

  • 9.1.4.13 металдарға тән химиялық қасиеттерді сипаттау;

Сабақ мақсаты

Оқушылар топта зертханалық жұмыс арқылы металдардың химиялық қасиеттерін зерттейді.

Бағалау критериясы

Оқу мақсаты

9.1.4.13 металдарға тән химиялық қасиеттерді сипаттау;

Дескриптор

- тәжірибе кезіндегі байқалған құбылыстарды сипаттайды

- металдардың әрекеттесу белсенділігін салыстырады

- жүру мүмкін реакция теңдеулерін жазады

Тілдік мақсат

Сөздік

ҚАЗАҚША

ОРЫСША

АҒЫЛШЫНША

Салқын су

Xолодная вода

Cool water

Ыстық су

Горячая вода

Hot water

Сұйытылған қышқыл

Разбавленная кислота

Diluted acid

Концентірлі қышқыл

Концентрированный

кислота

Сoncentrate acid

Тұз ерітіндісі

Раствор соли

Salt solution

Сұрақтарға жоғарда аталған кілт сөздерді қоладана отырып ауызша немесе жазбаша жауап береді

АҚТ дағдысы

Ноутбукпен жұмыс жасау

Сабақ жоспары

Сабақтың кезеңдері

Сабақ кезіндегі іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың бастапқы кезеңі

0-2 мин

3 - 10 мин

11 – 14 мин

Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру.

Алдынғы сабақтағы білімдерін тексеру мақсатында «True/False» ойынын ойнату. Ол үшін оқушыларға Жұмыс парағы № 1 таратылып беріледі. Дұрыс деп санаған тұжырымды жасыл түсті бояумен, ал қате деп санаған тұжырымды қызыл түсті бояумен бояйды.

Оқушылар тапсырманы орындап болғанан кейнін, жұпта тапсырмаларын алмастырып, презентациядағы жауаппен бірін бірі бағалайды.

Оқушыларға презентация арқылы келесі суреттерді ұсыну.

Сұрақ:

С1. Суретте не бейнеленген?

С2. Неге әр зат әр түрлі сақталған?

С3. Неге темірден жасалған зат татанған? Оған қандай факторлар әсер етті деп ойлайсыз?

С4:Алдынғы сабақта біз металдардың қандай қасиетін қарастырдық?

С 5: Бүгінгі сабақта не туралы қарастырамыз деп ойлайсыздар?

Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен таныстыру.

Жұмыс парағы №1

Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың ортасы

15 – 25 мин

26 – 31 мин

32 – 38 мин

Жаңа сабақты меңгеру үшін сыныпты «RONDOM TEAM» программасы арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз.

Сынып зертханалық жұмысқа барлық оқушының қатысуын қамтамассыз ету үшін. Топ ішіндегі әр оқушыға белгілі бір тәжірибені бөліп беріледі.

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:

I. МЕТАЛДАРДЫҢ СУМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ:

А) САЛҚЫН СУМЕН

1. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен салқын су құйыңыз

2. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

3.Не байқалды?

4. 1-3 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз.

В) ЫСТЫҚ СУМЕН

АБАЙЛАҢЫЗ! КҮЙІП ҚАЛМАҢЫЗ!

5. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен ыстық су құйыңыз.

6. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

7.Не байқалды?

8. 5-6 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз.

II. МЕТАЛДАРДЫҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРКЕТТЕСУІ:

А) СҰЙЫТЫЛҒАН ҚЫШҚЫЛМЕН

САҚ БОЛЫҢЫЗ! НЕГІЗГІ ҚТЕ САҚТАҢЫЗ!

1. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен сұйытылған тұз қышқылын құйыңыз

2. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

3.Не байқалды?

4. 1-3 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз

B) КОНЦЕНТІРЛІ ҚЫШҚЫЛМЕН

САҚ БОЛЫҢЫЗ! НЕГІЗГІ ҚТЕ САҚТАҢЫЗ! АУА СОРҒЫШ ШКАФТА ЖАСАҢЫЗ!

1. Таза сынауыққа өлшегіш цилинд көмегімен концентірлі азот қышқылын құйыңыз

2. Шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

3.Не байқалды?

4. 1-3 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған мыс металымен ғана қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз

III. ТҰЗ ЕРІТІНДІЛЕРІМЕН

1. Үш таза сынауыққа алыңыз

2. 1-ші сынауыққа мыс сульфатының 5 мл ерітіндісін құйыңыз

3. 2-ші сынауыққа қорғасын нитратының 5 мл ерітіндісін құйыңыз

4. 3- ші сынауыққа күміс нитратының 5 мл ерітіндісін құйыңыз

5. Үш сынауықтағы ерітіндіге шпатель көмегімен темір ұнтағы (түйірін) сынауыққа салыңыз

6. 3.Не байқалды?

7. 1-6 қадамдарды басқа сіздерге ұсынылған басқада металдармен қайталаңыз. Нәтижелер кестесін толтырыңыз

Топ ішіндегі оқушы өзінің жұмысын аяқтағанан кейін топта ақпарат алмасады.

Зертханалық жұмыс соңындағы сұрақтарға жауап беру арқылы қалыптастырушы бағаланады.

«RONDOM TEAM» бағдарламасын PLAY MAРКЕТ тегін жүктеуге болады

Зертханалық жұмыс парағы

Сабақтың соңы

39- 40 мин

3:2:1

3 – Сабақта үйренген 3 нәрсе

2 - Сабақта 2 қызықты факт

1 - Өзіңдегі 1 сұрақ

Оқушыларға рефлексия қағаздары беріледі. Оқушылар өз жауабын жазып, шығарда есікке жабыстырып кетулерін сұрау. Келесі сабақты жоспарлауда оқушылардың жауаптарын ескеру.

Слайд 10



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?