Қайтымды реакциялар. Химия, 9 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.
Қайтымды реакциялар — бір уақытта қарама-қарсы екі бағытта (тура және кері) жүретін химиялық реакциялар, мысалы:
3H2 + N2 ⇆ 2NH3
Қайтымды реакциялардың бағыты – реакцияға түсетін заттардың концентрациясына тәуелді. Қайтымды реакцияның соңында, яғни химиялық тепе-теңдік орнаған жағдайда, жүйеде реагент те, өнім де болады.
Қарапайым (бір сатылы) қайтымды реакция бір уақытта жүретін екі қарапайым реакциядан тұрады. Олардың айырмашылығы тек тура немесе кері бағытта өтуімен ерекшеленеді. Реакцияның жылдамдығына байланысты бағытын анықтауға болады. Мысалы, қарапайым реакция
N2O4 ⇆ 2NO2
келесі реакциялардан тұрады
N2O4 ⇆ 2NO2 және 2NO2 ⇆ N2O4
Күрделі реакцияның (бірнеше сатылы) қайтымды болу үшін – барлық сатылары қайтымды болуы шарт.
Қайтымды реакциялар үшін теңдеу келесі түрде жазылады: А + В ⇆ АВ.
Қарама-қарсы бағыттағы екі бағдарша берілген жағдайда тура және кері бағыттағы реакциялардың жүруін көрсетеді, мысалы
СН3СООН + С2Н5ОН ⇆ СН3СООС2Н5 + Н2О
Қайтымсыз реакциялар дегеніміз – реакция нәтижесінде түзілген өнімдер бір-бірімен реагенттерді қайта түзіп әрекеттесе алмайтын реакциялар. Қайтымсыз реакцияға мысал ретінде бертолле тұзының қыздыру нәтижесінде ыдырауын келтіруге болады:
2КСlО3 = 2КСl + 3О2,
Келесі реакцияларды қайтымсыз реакцияларға жатқызады:
1) газ немесе тұнба болатын қосылыс түзілсе, мысалы
ВаСl2 + Н2SО 4 = ВаSО4↓ + 2НСl
Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + CO2↑ + H2O
2) аз диссосацияланатын қосылыс түзілсе, мысалы су:
НСl + NаОН = Н2О + NаСl
3) көп энергия бөле жүретін реакциялар, мысалы магнийдің жануы
Mg +1/2О2= МgО, ∆H = -602,5 кДж / моль
1 деңгей
NaOH + HCl —> NaCl + H2ON2 + 3H2 —> 2NH3 AgNO3 + NaCl —> AgCl + NaNO3 SO3 + H2O —> H2SO4CH4 + 2O2 —> CO2 + 2H2OHCOOH + CH3OH —> HCOOCH3 + H2O
2 деңгей
BaO + H2SO4 =
HCl + Na2CO3 =
SO2 + O2 =
C2H6 + O2 =
3 деңгей
Берілген заттардың ішінен өзара әрекеттесетін заттарды анықтап, теңестірілген төрт реакция теңдеуін жазыңыз:
NaOH, AgNO3, SO2, O2, C2H6, HCl, H2O.
Бағалау критерийлері
Бағалау критерийі | Дағдылар |
4-5 реакция үшін қайтымдылықты дұрыс анықтайды | Түсіну |
Реакция өнімдерін дұрыс анықтайды және жазады | Қолдану |
Берілген реакцияның қайтымдылық себебін түсіндіреді | Қолдану |
Өздігінен қорытынды жасай алады | Қолдану |
- Қайтымды химиялық үрдістерге анықтама беріңіз.
- Қайтымсыз реакциялардан айырмашылығы не?
- Қоршаған ортадағы қайтымды үрдістерден мысал келтіріңіз.
Бағалау критерийлері
- кейбір жағдайлар тепе-теңдік бағытын өзгертетінін түсінеді.
- жағдайлардың әсерінен тепе-теңдіктің ығысу бағытын дұрыс анықтайды (8-ден 6).
Тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі.
Тапсырмалар
Қайтымды реакциялар | Әсер етуші факторлар | Тепе-теңдіктің ығысуы | ||||||
N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q |
|
| ||||||
H2 + I2 ↔ 2HI - Q |
|
| ||||||
C3H6 + H2 ↔ C3H8 | P↑ | Оңға Vтура ˃ Vкері | ||||||
[C3H8] ↑ | Солға Vтура < Vкері |
1 деңгей
Төмендегі суретте не бейнеленген?
Бұл жағдай қалай түсіндіріледі?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2 деңгей
Динамикалық үрдіс дегеніміз не? Аталған үрдісті суретпен көрсетіңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3 деңгей
Берілген реакцияны бөлшектер теориясы тұрғысынан сипаттаңыз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды