Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер. Химия, 9 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сабақтың мақсаты:
-әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
Реакцияға қатысатын реагенттердің белгілі масссы бойынша реакция өнімінің массасын есептеу
54г алюминий оттегіде жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?
Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?
Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
Мысал: Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі?
Берілгені:
m (AlCl3) = 30 г
m(KOH) = 15 г
Табу керек: m(Al(OH)3) - ?
Шешуі: AlCl3 + 3KOH = Al(OH)3 + 3KCl
0,089 ˂ 0,22
ЕСТЕ САҚТА! Реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын кем заттың массасы бойынша есептейміз:
m (Al(OH)3) = n * M
m (Al(OH)3) = 0,089 * 78 = 6,9 г (Al(OH)3)Жауабы: m (Al(OH)3)= 6,9 г
Алгоритм
1. Есептің шартын қысқаша өрнектеу.
2. Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.3. Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M,m, V) тауып, теңдіктің астына жазу.
4. Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.5. Қай заттың артық берілгенін табу.6. Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, затмөлшерін) есептеу.
7. Есептің жауабын жазу.ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
1 - топ: Массасы 29,2 г тұз қышқылы мен массасы 44 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзліген ас тұзының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 46,8 г.
2 – топ: Массасы 47 г калий оксидіне массасы 40 г азот қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген калий нитратының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 64,12 г.
3 – топ: Массасы 40 г мыс (II) оксидіне массасы 49 г сусыз күкірт қышқылымен әсер етті. Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 80 г.
Жеке дара жұмыс
Жұмыс парағы № 2
Екі зат әрекеттескенде реакция нәтижесінде әрекеттесуші заттардың қатынасына сай әртүрлі заттар түзілуі мүмкінNaOH + Н3РO4 = NaH2PO4 + Н2O2NaOH + Н3РO4 = Na2HРO4 + 2Н2O3NaOH + Н3РO4 = Na3РO4 + 3Н2O
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 1 : 1болса, онда NaH2PO4 түзіледі.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 2 : 1 болса, онда Na2HРO4 түзіледі.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 3 : 1 болса, онда Na3РO4 түзіледі.
Аралық жағдайда сәйкесінше екі тұз түзіледі.
Егер
1 < v(NaOH) / v(Н3РO4) < 2 болса, онда NaH2РO4 и Na2HРO4 түзіледі.Егер2 < v(NaOH) / v(Н3РO4) < 3 болса, онда Na2HРO4 и Na3РO4 түзіледі.
Есеп 1.
Массалық үлесі 0,042 және тығыздығы 1,045г/мл көлемі 228 мл натрий гидроксиді арқылы 5,6л (қ.ж) күкірт (IV) оксидін жібергенде түзілген тұздың массаын табыңдар.
Шешуі. Әрекеттесуші заттардың зат мөлшерін табамыз.
v(SO2) = V / VM = 5,6 л / (22,4 л/моль) = 0,25 моль.
m(NaOH) = V • ρ • w = 229 мл • 1,045 г/мл • 0,042 = 10 г.
v(NaOH) = m/M = 10 г / (40 г/моль) = 0,25 моль.
Реакция нәтижесінде 2 зат түзілуі мүмкін:
NaOH + SO2 = NaHSO3
2NaOH + SO2 = Na2SO3 + H2O
1-ші жағдайда
v(NaOH) : v(SO2) = 0,25 : 0,25 = 1 : 1,
онда натрий гидросульфиті NaHSO3 түзіледі. Олардың зат мөлшер
(NaHSO3) = v(NaOH) = v(SO2) = 0,25 моль.
M(NaHSO3) = 104 г/моль,
m(NaHSO3) = v • M = 0,25 моль • 104 г/моль = 26 г.
Есеп 2.
4 %-тік 49,0 г фосфор қышқылында 1,8 г NaOH ерітілді. Ерітіндіде түзілген заттардың массалық үлестерін есептеңдер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?