Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер». Химия, 9 сынып, қосымша материал.


Тақырыбы: Есептер шығару

«Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер»

Оқу мақсаты: 9.2.3.1 -әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу

Сабақтың басында оқушыларға үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында тест тапсырмаларын таратып беріңіз. Оқушылар орындап болған соң дұрыс жауаптарын тақтада көрсетіңіз. Оқушылар жұбымен тапсырманы алмастырып, өзара бағалау жүргізеді.

Ой қозғау мақсатында оқушыларға бейнеролик көрсетіңіз. Бейнероликті талқылай отырып, оқушылардың сабақ тақырыбын анықтауына мүмкіндік беріңіз. Сабақтың мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Металдық мырыш пен тұз қышқылы арасындағы реакцияны сипаттайтын бейнероликті көрсетіңіз. Бұдан кейін оқушыларға әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізуді қарастырып, толық түсіндіріңіз.

Оқушыларға өз жұптарымен есеп шығару алгоритмін құруды ұсыныңыз. Оларға төмендегідей сұрақтар қойыңыз:

  • Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің алгоритмін ойлап, ұсыныңыздар.
  • Неліктен реакцияға қатысатын бірнеше заттың салмағы берілген кезде есептеу толық жұмсалған зат бойынша жүргізіледі?

Оқушыларға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тақтадан есеп шығару алгоритмін көрсетіңіз, әр жұп өздері құрған алгоритмді салыстырып, талқылайды.

Оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топқа әртүрлі есептер таратып беріңіз. Оқушылар есепті шығарып болған соң басқа топтармен өз жұмыстарын алмасады, тақтада көрсетілген дұрыс жауаптары арқылы топаралық бағалау жүргізулерін сұраңыз.

Үйге есеп шығаруға тапсырма беріңіз.

Бағалау критерийлеріне қайта оралып, кері байланыс жүргізіңіз.

Тиімді сілтеме:

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/arekettesushi-zattardyng-bireui-artyq-molsherde-berilgen-reakcziya-tengdeuleri-bojynsha-esepteule

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/arekettesushi-zattardyng-bireui-artyq-molsherde-berilgen-reakcziya-tengdeuleri-bojynsha-esepteuler

http://bilimdiler.kz/himia/27377-sandyk-esepter.-arekettesushi-zattardyn-bireui-artyk-alyngandagy-himiyalyk-reakciya-tendeuleri-boyynsha-esepteuler.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?