Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау". Химия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Зертханалық жұмыс нұсқаулығы

Аниондарға сапалық реакциялар:

Мақсаты: Хлорид, бромид, йодид,сульфат, карбонат және фосфат иондарын анықтау

Қауіпсіздік техникасы:

! Жұмыс барысы кезінде ҚТЕ сақтау

Қажетті құрал – жабдықтар:

Көзілдірік, сынауықтар, түрғы

Химикаттар: тұздар ерітіндісі: күміс нитраты, калий иодиді, мыс хлориді, натрий хлориді, натрий бромиді ,барий хлориді,мыс сульфаты, натрий фосфаты, кальций хлориді, калий нитраты, күкірт қышқылы, 0,5М аммиак ерітіндісі, Cu +HNO3(конц)

Жұмыс барысы:

№1 зертханалық жұмыс. Хлорид, бромид , йодид-иондарын анықтау

  • Үш сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий хлориді, натрий бромиді, натрий иодиді ерітінділерін құйып, әрқайсына күміс нитратын құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар
  • Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар, нәтижесін кестеге жазыңдар

№2 зертханалық жұмыс. Сульфат-ионын анықтау

1. Сынауыққа 1-2мл мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар, , нәтижесін кестеге жазыңдар

№3 зертханалық жұмыс. Карбонат-ионын анықтау

1.Екі сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий карбонатының ерітіндісін құйып, біреуіне барий хлориді ,екіншісіне кальций хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар, нәтижесін кестеге жазыңдар

2.Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар, , нәтижесін кестеге жазыңдар

№4 нитрат-ионын анықтау (демонстрация, тартпа шкафта)

1. Сынауыққа 1-2мл концентрлі азот қышқылы ерітіндісін құйып, оған мыс жонқасын салғанда қоңыр түсті газ (түлкі құйрық) деп те атайды бөлінеді, улы газ. Тартпа шкафта жасау керек!!!

Зертханада натрий нитратын қыздырып та нитрат ионына сапалық реакция жүргізуге болады, нәтижесінде натрий нитриті мен оттегіне ыдырайды

№5 зертханалық жұмыс. Фосфат ионын анықтау

1. Сынауыққа 1-2мл натрий фосфаты ерітіндісін құйып, оған күміс нитраты ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. . Байқалған құбылысты бақылаңдар, , нәтижесін кестеге жазыңдар

3.Жұмыс орнын жинақтап зертханашыға немесе мұғалімге тапсырыңдар!

Қосымша 2

Өз бақылауларыңды кестеге толтырыңдар

Анион

Анықтаушы ион

(катион)

Тұнбаның формуласы

Тұнбаның

түсі

Ериді

Концентрлі қүкірт қышқылында

CI-

Ag +

Br -

Ag +

I-

Ag +

SO4-2

Ba+2

CO3-2

Ca+2 ; Ba+2

PO4-3

Ag +

NO3 -

Cu+HNO3(конц)

Дескриптор: Оқушы,

  • ҚТЕ сақтай отырып зертханалық жұмысты орындайды,
  • Берілген кестені толықтырып жазады
  • Хлорид, бромид, йодид,сульфат, карбонат және фосфат иондарын анықтай алса
  • Концентрлі қүкірт қышқылында және аммиак ерітіндісінде тұнбаның ерігіштігін анықтайды
  • Тұнбаның формуласын дұрыс жазады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?