Аниондардың сапалық реакциялары. № 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 Мектеп: НЗМ ХББ Өскемен қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шаматова Г.Ж

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аниондардың сапалық реакциялары.

№ 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl, Br, I, PO43–, SO42–, CO32–, NO3, SiO32- аниондарын анықтау"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау

Сабақ мақсаттары

- аниондарды анықтау үшін қолданылатын тестілердің кең спектілерін пайдалана білу

- хлорид, бромид, йодид, сульфат, карбонат және фосфат-иондарын сапалық анықтау

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

  • хлорид, бромид, йодид, сульфат, карбонат және фосфат аниондардың сапалық реакцияларын білсе және оларды анықтай алса

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындауы тиіс : тәжірибенің әр кезеңін сипаттау, осы тақырыпқа қатысты терминдерді дұрыс айту

Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен білім алуға деген ынтасы, қоршаған ортаны қорғауға үлесі

Пәнаралық байланыстар

Табиғаттың біртұтастығы биологиямен, табиғи заңдылықтар физикамен, заттың жоғалмайтыны немесе жоқтан пайда болмайтынын білуі

АКТ қолдану дағдылары

Microsoft Power Point бағдарламасымен жұмыс

Бейнеүзінділерді көрсету

Бастапқы білім

9.1 А металл иондарын анықтайтын жалынның түстері туралы білім қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

Сабақта жағымды ахуал қалыптастыру

- металдардың жалын түсін өзгерту реакцияларын еске түсіру (ойын түрінде «мен саған , сен маған» оқушылар бір – біріне жалынның түсін айтады екінші оқушы катионын анықтайды)

- «Отшашу», «Катиондарды анықтау», «Аниондарды анықтау» видеоүзінділерін көрсету

Сабақтың ортасы

  • Оқушылардың ізденімпаздық –шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға арналған Зертханалық жұмыс

Жалпы сыныптағы оқушылардың жұптық жұмысы

І. ҚТЕ еске түсіру (қайталау)

Жұмыс парақтарын таратып, жұмыс барысын жұпта талдау

№1 Хлорид, бромид , йодид-иондарын анықтау

  • Үш сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий хлориді, натрий бромиді, натрий иодиді ерітінділерін құйып, әрқайсына күміс нитратын құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар
  • Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар. Нәтижесін жазыңдар

Мәтінді толықтырыңыз.

Күмістің ақ түсті хлориді аммиактың сұйылтылған ерітіндісінде -------------- . Қошқыл ақ күміс бромиді ------------------- аммиак ерітіндісінің қатысуымен ериді. Күміс хлориді мен күміс бромиді екеуі де ерігіш ------------- диамин күміс(I) ионын түзу үшін аммиакпен бірігеді. Күмістің сары йодиді аммиакта -------------

Жауаптары (ериді, концентрлі, түссіз, ериді)

№2 Сульфат-ионын анықтау

1. Сынауыққа 1-2мл мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп, біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар. Нәтижесін жазыңдар

№3 Карбонат-ионын анықтау

1.Екі сынауыққа, 1-2 мл-ден натрий карбонатының ерітіндісін құйып, біреуіне барий хлориді ,екіншісіне кальций хлориді ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2.Әр сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар және нәтижесін жазыңдар

№4 нитрат-ионын анықтау (демонстрация, тартпа шкафта)

1. Сынауыққа 1-2мл концентрлі азот қышқылы ерітіндісін құйып, оған мыс жонқасын салғанда қоңыр түсті газ (түлкі құйрық) деп те атайды бөлінеді, улы газ. Тартпа шкафта жасау керек!!!

Оқушыларға өз беттерімен нитрат ионын анықтатуға келесі тапсырманы да беруге болады

  • Зертханада натрий нитратын қыздыру арқылы да анықтауға болады, нәтижесінде натрий нитриті және оттегі бөлінеді
  • Калий нитраты, натрий гидроксиді, AI фольгасы, лакмус қағазы,

5 Фосфат-ионын анықтау

1. Сынауыққа 1-2мл натрий фосфаты ерітіндісін құйып, оған күміс нитраты ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

2. Сынауықтағы түзілген тұнбаны екіге бөліп , біреуіне күкірт қышқылын, екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Байқалған құбылысты бақылаңдар

Байқалған құбылыстар негізінде кесте толтыру,

5 силикат-ионын анықтау

Сынауыққа 1-2 мл натрий силикатын құйып, оған аммоний хлоридінің 3-4 түйірін салып қыздару, нәтижесінде ақ желім тәрізді тұнбаның түзілгенін көруге болады

ТАПСЫРМА ! өз бетімен жұмыс

  • сулы ерітіндідегі Сl, Br, I, PO43–, SO42–, CO32–, NO3, SiO32- аниондарын анықтаудағы реакция теңдеулерін жазып, түзілген тұнбаның түсін жазып затты атаңдар
  • Сl, PO43,SO42–, CO32–, NO3 анықтауда толық және қысқартылған теңдеулерін жазыңдар

Бағалау критерийлері:

- Сl, Br, I, PO43–, SO42–, CO32–, NO3, SiO32- аниондарын анықтаудағы реакцияның молекулалық теңдеулерін құрастырса,

- Сl, PO43,SO42–, CO32–, NO3 анықтауда толық иондық теңдеуін жазса,

- Сl, PO43,SO42–, CO32–, NO3 анықтауда қысқартылған иондық теңдеуін жазса,

Дескриптор:

  • Сl, Br, I, PO43–, SO42–, CO32–, NO3, SiO32- аниондарын анықтаудағы реакцияның молекулалық теңдеулерін құрастырады

- Сl, PO43,SO42–, CO32–, NO3 анықтауда толық иондық теңдеуін жаза алады

- Сl, PO43,SO42–, CO32–, NO3 анықтауда қысқартылған иондық теңдеуін жазады

3.Жұмыс орнын жинақтап лаборантқа немесе мұғалімге тапсырыңдар!

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/galogenderding-ximiyalyq-qasietteri

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені еске түсірдім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Кері байланыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында әрбір оқушының сұрақтарына толық жауап беру, күрделі тақырыптар бойынша іріктелген материалдарды беру.

Оқушылар білуі тиіс:

Әр бір затты анықтау жолын біледі және нәтижелер бойынша бақылауды дұрыс жаза алады

Көпшілік оқушылар білуі тиіс:

Өздері жасаған тәжірибелерге дұрыс бақылау жасап жаза алады және байқалған өзгерістер бойынша қорытынды жасай алады

Берілген тұз ерітіндісіндегі аниондарды сапалық реакцияларды қолдана отырып дұрыс анықтай алады

Кейбір оқушылар білуі тиіс:

Берілген тұз ерітіндісіндегі 1-3 анионды сапалық реакцияларды қолдана отырып анықтай алады

Қабілеті жоғары оқушылар сыныптастарына жұппен жұмыс істеу нәтижесінде жан-жақты көмек көрсету жұмысын атқарады

Сабақ барысында қызу талқылау және сауалнама. Сұрақтарға жауап сапасына байланысты оқушылардың білімін бағалау жүргізіледі

Толық белсенділік әрбір оқушының жеке түсінігін толық бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Денсаулық сақтау мақсатымен көзге арналған жаттығуларды жасап отыру

Қауіпсіздік техника ережелерін міндетті түрде орындау

Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?