Тұздар гидролизі. № 2 зертханалық тәжірибе "Тұздар гидролизі". Химия, 9 сынып сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тұздар гидролизі.№ 2 зертханалық тәжірибе "Тұздар гидролизі"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.4.3 орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау

 Сабақ мақсаттары

  • Гидролиз ұғымын меңгерту;
  • Тұздардың табиғатын үйрету;
  • Тұздар гидролиз теңдеуін жазуды меңгерту;
  • Гидролиз теңдеуінің ортасын анықтауды үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • Тұздардың табиғатын анықтайды;
  • Тұздардың гидролизі теңдеуін жазады;
  • Тұздар ерітіндісінің ортасын анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

концентрация, тұздар гидролизі, рН

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырманы топпен орындау барысында ынтымақтастықты және бірі-бірі құрметтеуді дарыту.

Құрмет. Бүкіл сабақ барысы өзара құрметке, бір-бірінің пікірлерін тыңдау мен оларға санасуға, ойларын тыңдауға негізделеді.

Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Оқушылар өздерінің білгенің өзге құрбыларымен бөлісудің маңызы айтылып өтіледі.

 Жахандық азаматтық даму

Шығармашылық бағыты бойынша

зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде - денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау – қалдықты дұрыс утилизациялау.

 Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланысты ерітіндіде иондардың болуы қарастырылады.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Негіздер және қышқылдар (6.2С)

Су-еріткіш ретінде (6.2В)

Химиялық реакция теңдеулері (7.2С)

Ерігіштік және ерітінділер (7.3С)

Моль (8.3С) Су (8.4.С)

Стехиометриялық есептеулер (8.4 А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:

1.Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, кілтті сөздер слайд арқылы таныстырылады. Кілтті сөздерді ағылшынша сөздерді орысша және қазақша сөздерге аударуын сұрау арқылы жүргізуге болады.

Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

6 минут

5 минут

7 минут

8 минут

6 минут

II. Жаңа сабақты меңгерту.

2.Мұғалім өткен сабақпен байланыстырып жаңа сабаққа ой тастау мақсатында тапсырма орындатады. Тапсырмада заттарды күшті және әлсіз электролиттерге жіктеу қарастырылады.

Тапсырма жеке оқушыларға таратылып, тапсырма аяқталғанда жауаптарын презентациядағы жауаптармен сәйкестендіру арқылы тексеріледі.

Бағалау. Мұғалім оқушыларға ауызша кері байланыс беру арқылы орындайды.

3.Мұғалім демонстрациясы. Мұғалім химиялық ерітінділердің ортасының қандай болуы мүмкіндігі туралы болжауын сұрайды. Оқушылар әр түрлі болжам жасап болған соң тәжірибені орындап көрсетеді. Дұрыс орта анықталған соң аталған тұздардың (СuSO4 , NaCl, Na2CO3, CuCO3)

құрамына назар аудару сұралады. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Бағалау: Оқушылардың пікірлері шындыққа жақын оқушыларға ауызша кері байланыс беру арқылы жүргізіледі.

4.Мұғалім тақтада түсіндірме жасайды. Гидролиз ұғымына анықтама беріледі. Тұздар гидролизге ұшырағанда ерітіндінің ортасын индикаторлар арқылы анықтауға болатынын сөз етеді. Яғни Кез келген тұзды ҚЫШҚЫЛ мен НЕГІЗДІҢ әрекеттесуінен түзілген өнім деп қарастыруға болады. Мысалы магний сульфаты мен натрий карбонатының құрамына тақтада талдау жүргізеді. Гидролизге қатысатын тұздардың түрлерімен таныстырады.

5.Топтық жұмыс. Мұғалім оқушыларды 4 топқа бөледі. Тұздар гидролизінің алгоритмін өздері оқып, талқылау арқылы қол жеткізуге бағыт береді. Яғни оқушыларға тұздар гидролизінің теңдеулері берілген материалды презентациядан қолдарына №11,12,13,14 слайдтар таратылады.

Дифференциация гетерогенді топтарда жүргізіледі. Үлгерімі жоғары оқушылар үлгерімі орта оқушыларға қолдау көрсетеді.

1-топ (Әлсіз негіз мен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі)

2-топ (Әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардың гидролизі)

3-топ (Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизі)

4-топ (Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардың гидролизі)

6.Топтар өз талдауларымен басқа оқушыларға түсіндірме жүргізеді. Гидролиз теңдеуінің алгоритмін өздері қорытып шығаруы керек (2 минут әр топқа).

Бағалау: Мұғалім оқушылардың сұрақ-жауаптарын бақылау негізінде бағалайды.

  • Білімді тексеру

7.Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы «True or False» арқылы орындалады. Ол үшін оқушыларға мини тақталар беріледі. Жауаптарын мини тақталарға жазып жоғары көтеру арқылы көрсетеді. Тапсырма презентация соңында берілген.

Бағалау: мұғалім комменті арқылы жүргізіледі

Мұғалім жазбаша қалыптастырушы бағалау жүргізуді таңдауына болады. Тапсырма сабақ жоспарына бекітілген.

Таратпа қағаз

СuSO4 , NaCl, Na2CO3, CuCO3

Таратпа қағаз

Тақта, презентация слайдтары

Таратпа материал

№11,12,13,14 слайдтар

Тақта немесе постер

Мини тақталар

Сабақтың соңы

1 минут

Рефлексия

Мен білдім___________________

Мен үйрендім_________________

Мен орындадым _______________

Маған қатты ұнады_____________

Маған қиын болды_____________

Үй тапсырмасы:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бір-біріне үйрету арқылы жүзеге асырылады. Демострация жасау барысын физиологиялық ерекшеліктеріне (аудиал,визуал,кинестетик) байланысты қажеттіліктері өтеледі.

Мұғалімнің кері байланысы,бірін-бірі бағалау, бақылау арқылы бағалау. True or false арқылы бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң түрде сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?