Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары. № 6 Практикалық жұмыс «Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары». Химия, 9 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
№ 6 Практикалық жұмыс «Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары»Оқу мақсаты:
9.3.4.10 реакция теңдеулерін иондық түрде құрастыру
Бағалау критерийлері:
Оқушылар реакция теңдеулерін иондық түрде құрастыра алады;
Оқушылар ион алмасу реакцияларын тәжірибе жүзінде анықтай алады;
Тілдік мақсаттар:
double – replacement reactions – реакции ионного обмена, ион алмасу реакциялары;
the positive ion – положительный ион, оң ион;
the negative ion – отрицательный ион, теріс ион;
white precipitate – белый осадок, ақ тұнба;
acids – кислоты, қышқылдар;
base – основы, негіздер;
salts – соли, тұздар;
products – продукты, өнімдер;
Алмасу реакциялары иондардың арасында жүретіндіктен, ион алмасу реакциялары деп аталады.
Ион алмасу реакциялары үш түрлі жағдайда соңына дейін жүреді.
Егер тұнба түзілсе
Егер газ бөлінсе
Егер су түзілсе
***басқа жағдайда алмасу реакциялары қайтымды болады
Ион алмасу реакциялары
Егер тұнба түзілсе:
CuSO4 + 2NaOH Na2SO4 + Cu(OH)2
2AgNO3 + CaCl2 Ca(NO3)2 + 2AgCl
Na2CO3 + Ca(NO3)2 2NaNO3 + CaCO3
BaCl2 + K2SO4 2KCl + BaSO4
Тұрмыстағы алмасу реакциялары
"Calgon" құрамындағы фосфаттардың арқасында су жұмсақ болады
2Na3PO4 + 3CaCl2 = Ca3(PO4)2 ↓ + 6 NaCl
Егер газ бөлінсе:
CaCO3 + 2HNO3 Ca(NO3)2 + H2CO3
(H2O + CO2 )
Na2SO3 + 2HCl 2NaCl + H2SO3
(H2O + SO2 )
CuS + 2HCl CuCl2 + H2S
Тұрмыстағы алмасу реакциялары
Медицинада, асқазан сөліндегі тұз қышқылының артық мөлшерінен болатын күйік кезінде ас содасы пайдаланылады
NaHCO3 + HCl = NaCl + H2O + CO2 ↑
Егер су түзілсе:
CuO + H2SO4 CuSO4 + H2O
Fe(OH)3 + 3HCl FeCl3 + 3H2O
NaOH + HNO3 NaNO3 + H2O
Тұрмыстағы алмасу реакциялары
Тотты жою
Fe(OH)3 + 3HCl = FeCl3 + 3H2O
Егер тұнба, газ, су түзілмесе, онда алмасу реакциялары қайтымды:
Қайтымды реакциялар - бұл бірдей жағдайларда екі қарама-қарсы бағытта жүретін реакциялар.
2NaNO3 + CaCl2 Ca(NO3)2 + 2NaCl
K3PO4 + 3NaCl Na3PO4 + 3KCl
CuCl2 + Na2SO4 CuSO4 + 2NaCl
Иондық теңдеулер
Ион алмасу реакциялары үшін толық және қысқартылған иондық теңдеулер құрастырылады. Иондарға ыдырамайтындар :
Ерімейтін заттар (ерігіштік кестені қараңыз);
оксидтер;
су;
газдар
Есте сақтаңыз, иондар – зарядталған бөлшектер
катион анион
+
-
1) Молекулалық реакция теңдеуін жазып, теңестіреміз:
CuSO4 + 2NaOH Na2SO4 + Cu(OH)2
2) Барлық заттарды иондарға ыдыратып, одан кейін бірдей иондарды теңдіктің екі жағынан қысқартамыз:
Cu+2 + SO4-2 + 2Na+1 + 2OH-1 2Na+1 + SO4-2 + Cu(OH)2
(толық иондық теңдеу)
3) Қалғанын көшіріп жазамыз:
Cu+2 + 2OH-1 Cu(OH)2 (қысқартылған иондық теңдеу)
Сайдулла мен Талпын үй тапсырмасын жасады. Олар реакция теңдеулерін құрды, бірақ кездейсоқ қағаз парағына сия төгілді. Оқушыларға жазбаны қалпына келтіруге көмектесіңіз. Қалпына келтірілген теңдеулерге толық және қысқартылған иондық теңдеулерін құрыңыз.
1) NaOH + HCl NaCl + H2O
2) MgCl2 + Na2SO3 MgSO3 + 2NaCl
3) K2SO3 + HNO3 KNO3 + H2O + SO2
4) ZnSO4 + 2NaOH Zn(OH)2 + Na2SO4
5) Al(OH)3 + 3HNO3 Al(NO3)3 + 3H2O
6) CaCO3 + 2 HCl CaCl2 + H2O + CO2
Назар аударыңыз! Дұрыс жауабы
NaOH + HCl NaCl + H2O
Na+1 + OH-1 + H+1 + Cl-1 Na+1 + Cl-1 + H2O
OH-1 + H+1 H2O
2) MgCl2 + Na2SO3 MgSO3 + 2NaCl
Mg+2 + 2Cl-1 + 2Na+1 + SO3-2 MgSO3 + 2Na+1 +2Cl-1
Mg+2 + SO3-2 MgSO3
3) K2SO3 + 2HNO3 2KNO3 + H2O + SO2
2K+1 + SO3-2 + 2H+1 + 2NO3-1 2K+1 + 2NO3-1 + H2O + SO2
SO3-2 + 2H+1 H2O + SO2
Назар аударыңыз! Дұрыс жауабы (жалғасы)
4) ZnSO4 + 2NaOH Zn(OH)2 + Na2SO4
Zn+2 + SO4-2 + 2Na+1 + 2OH-1 2Na+1 + SO4-2 + Zn(OH)2
Zn+2 + 2OH-1 Zn(OH)2
5) Al(OH)3 + 3HNO3 Al(NO3)3 + 3H2O
Al(OH)3 + 3H+1 + 3NO3-1 Al+3 + 3NO3-1 + 3H2O
Al(OH)3 + 3H+1 Al+3 + 3H2O
6) CaCO3 + 2 HCl CaCl2 + H2O + CO2
CaCO3 + 2H+1 + 2Cl-1 Ca+2 + 2Cl-1 + H2O + CO2
CaCO3 + 2H+1 Ca+2 + H2O + CO2
Топтық жұмысІ топ: CuSO4 + 2NaOH Na2SO4 + Cu(OH)2https://www.youtube.com/watch?v=zr2WG-kNcwU
Топтық жұмыс
ІІ топ:
CaCO3 + 2HNO3 Ca(NO3)2 + H2CO3
(H2O + CO2 )
https://www.youtube.com/watch?v=zr2WG-kNcwU
Топтық жұмыс
ІІІтоп:CuO + H2SO4 CuSO4 + H2O
https://www.youtube.com/watch?v=zr2WG-kNcwU
Менің кластерім
Ион алмасу реакциялары
Менің кластерім
Ион алмасу реакциялары
Бейэлектролиттер
Электролиттер
Қайтымсыз реакциялар
Тұнба
Газ
Су
Қайтымды реакциялар
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?