Электролиттік диссоциациялану теориясы. Химия, 9 сынып, қосымша материал 1.


2-қосымша.

NaCl мысалында иондық байланыстың диссоциациялану механизмі

Су молекуласы теріс полюсімен оң зарядталған иондардың айналасына, оң полюсімен теріс зарядталған иондардың айналасына ориентацияланады(бағытталады) Бұл үдеріс-ориентация(бағытталу) деп аталады.Электролит иондары мен су молекуласының полюстері арасында осылайша әрекеттесу жүреді. Бұл үдеріс-гидратация деп аталады. Гидратация кезінде иондар мен су молекуласы арасында өзара тартылыс пайда болып, кристалдағы иондар арасындағы химиялық байланыс әлсірейді. Су молекуласымен қоршалған иондар кристалдағы байланыстарын үзіп, ерітіндіге өтеді. Мұндай иондарға ажырау үдерісі-диссоциация деп аталады.Су молекуласымен қоршалған иондар-гидратталған деп аталады. Натрий хлоридінің диссоциация теңдеуін былайша жазуға болады:

NaCl = Na+ + Cl-

1-сурет. Иондар мен су молекуласының бейнесуреті арқылы диссоциациялану механизмін түсіндіріңіз.(қажет болса бейнесуреттерді көбейтіп шығаруға болады)

НCl мысалында коваленттік полюсті байланысты заттардың диссоциациялану механизмі

Су молекуласы теріс полюсімен оң зарядталған иондардың айналасына, оң полюсімен теріс зарядталған иондардың айналасына ориентацияланады(бағытталады) Бұл үдеріс-ориентация(бағытталу) деп аталады.

Электролит иондары мен су молекуласының полюстері арасында осылайша әрекеттесу жүреді. Бұл үдеріс-гидратация деп аталады. Су молекуласының қарама-қарсы полюстерінің әсерінен ковалентті полюсті байланыс иондық байланысқа өтеді,демек электролит молекулалары-иондалады. Әрі қарай су молекуласымен қоршалған иондар ерітіндіге өтеді. Мұндай иондарға ажырау үдерісі-диссоциация деп аталады.

Диссоциация теңдеуін былайша жазуға болады: НCl = Н+ + Cl-

2-сурет. Иондар, хлорсутек молекуласы мен су молекуласының бейнесуреттері арқылы диссоциациялану механизмін түсіндіріңіз.(қажет болса бейнесуреттерді көбейтіп шығаруға болады)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?