Судың ластану себептері. Судың кермектілігі. Зертханалық жұмыс №10 «Судың кермектілігін анықтау. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«СУДЫҢ ЛАСТАНУ СЕБЕПТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Су. Судың ластану себептері

Бұл сабақта оқушылар судың ластану жолдарын зерттейді және тазарту жолдарын қарастырады. Ол үшін оқушыларға «Джигсо» әдісі арқылы видео немесе мәтіннің мазмұны арқылы сұрақтар беріп топтарда талқылату арқылы «8.4.2.8 судың ластану себептері мен қаупін анықтау, суды тазарту жолдарын түсіндіру» оқу мақсатына жетуге болады. Оқушылар топтардағы жұмысты постерлер арқылы бір-біріне түсіндіре алады. Сонымен қатар әр топ суды қорғау жөніндегі үдеулерін адамзатқа мәтін немесе брошюра түрінде жүргізе алады. Сабақтың жалғасы үй тапсырмасында көрініс таба алады. Олар күнделікті үйде суды қалай үнемдеуге болатынын, отбасының экономикалық жағынан қалай тиімді болатынын анықтап жоспарлай алады. Бұл оқушылардың түрлі дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

 «8.4.2.9 судың «кермектілігін» анықтау және оны жою жолдарын түсіндіру» оқу мақсатына жету үшін оқушылар зертханалық жұмыс жасайды. Осы зертханалық жұмыстың нәтижесінде оқушылар судың кермектігін туғызатын факторларды білулері және оның қоршаған ортаға әсері жайында білуі керек. Ол үшін мұғалім жұмыс парағына судың кермектігіне қатысты түрлі ақпараттар беруіне болады. Сонымен қатар жұмыс парағының соңында жоғары ойлау деңгейін дамытатын сұрақтар берген тиімді. Әрине сұрақтарды берілген мәтінге қатысты, оқушының оқу сауаттылығын тексеретіндей, оны одан әрі дамытатындай етіп беруге болады. Сосын топтарда судың кермектігін жоюдың жолдарын қарастырады.

 «8.4.2.10 cусыз мыс (II) сульфаты арқылы суды анықтау жолын білу» деген оқу мақсатының 7-сыныпта қарастырылған. Оқушылар осы экспериментті әр түрлі ерітінділердің құрамында судың бар жоқ екендігін анықтай алады. Ол үшін оқушылар берілген сусыз мыс (II) сульфатына үлгілерді тамызады және қорытынды жасайды.

Сабақта қолданылған ресурстар

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-water

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/sudyng-kermektigi-sudyng-lastanuy

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/sudyng-kermektigi-sudyng-lastanuy

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/su



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?