file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Табиғаттағы су. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ТАБИҒАТТАҒЫ СУ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Су. Табиғаттағы су

«Табиғаттағы су» тақырыбының «8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру» оқу мақсатына жету үшін оқушылар әртүрлі эксперименттер жасай алады. Мысалы, судың беттік керіліуіне судың тазалығы қаншалықты әсер ететіндігін зерттеуге болады. Ол үшін дистильденген су, тұз, қант, сұйық сабын ерітілген судың нұсқалары беріледі. Оқушылар 1 теңгенің бетіне тамшуыр арқылы тамыза отырып қанша тамшы су сиятындығын анықтайды.

 Осылайша судың беттік керілуінің тұрақтылығына немесе беріктілігіне судың құрамындағы қоспалардың әсері бар деген қорытындыға келіп, табиғаттағы судың тазалығын сақтау қажеттігін түсінеді. Себебі, табиғаттағы судың таза болуы көптеген тірі ағзалар үшін маңызды. Оқушыларға беттік керілудің маңыздылыңын көрсететін суреттер немесе видеолар көрсетіледі.

Сондай-ақ, мұғалім скрепканың немесе иненің судың бетінде қалықтаына қатысты тәжірибені көрсете алады.

 Сонымен қатар, міндетті тұрді судың жылу сыйымдылығы, агрегаттық күйлерінің ауысуы, әр т.рлі агрегаттық күйіндегі тығыздықтары және осы қасиеттердің тірі ағзаларға әсері жайлы оқушылар ойлануы керек.

 «8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру» оқу мақсатына жету үшін арнайы видео көрсетуге болады. Оқушыларға алдын ала видеоның мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңыз. Оқушылар сұрақтардың негізінде топта постерлер дайындайды және қорғайды. Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Сабақта қолданылған ресурстар

  • Бейнебаян «Судың бірегей қасиеттері»

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/sudyng-qasietteri

https://www.youtube.com/watch?v=_AwJeHioCdA

  • Су айналымы суреті

https://kopilkaurokov.ru/nachalniyeKlassi/presentacii/su-tabig-attag-y-su-ainalymy-1



Толық нұсқасын 24 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?