Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттері. Химия, 8 сынып, презентация.
Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттері
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ
8.4.3.5 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
8.4.3.6 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру
Көміртекке тән физикалық қасиеттерді болжап көрейік:
Агрегаттық күйі – қатты;
Түсі – қара;
Судағы ерігіштігі – қыздырғанда әрекеттеседі, сутекті ығыстырады;
Иісі – иіссіз;
Электрөткізгіштігі – графит
Жылуөткізгіштігі – графит
Адсорбция –сіңіргіштік қасиеті бар
АДСОРБЦИЯ - газ немесе сұйықтық молекулаларының қатты денеге сіңірілу үдерісі.
Газ және сұйықтық молекулаларын бетінде адсорбциялайтын заттар адсорбенттер деп аталады
Көміртегіге тән химиялық қасиеттер:
Көміртек жай заты – кокс арқылы жоғары температурада су буын өткізгенде су буы деп аталатын газ қоспасы түзіледі:
C + H2O = CO + H2
2. Тотықсыздандырғыш қасиетін металдарды оксидтерінен тотықсыздандыруға (металлотермия), сондай-ақ металл карбидін алуға да қолданады:
2CuO + C = CO2 + 2Cu
CaO + 3C = CaC2 + CO
Қыздырғанда көміртек оттекпен екі түрлі оксид түзеді:
2С + O2 = 2CO
(көміртек монооксиді,
иіс газы)
C + O2 = CO2
(көміртек диоксиді, көмірқышқыл газы)
2. Катализатор қатысында табиғи газдың негізгі бөлігі болатын метанды түзеді:
C + 2H2 = CH4
ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ
ТОТЫҚТЫРҒЫШ
Отынның жануы
https://twig-bilim.kz/kz/film/carbon-monoxide-poisoning
Көміртек монооксиді – иіссіз, түссіз және улы газ. Оның
молекулалары қанға өкпе арқылы өтеді. «Зақымданған» эритроциттер оттекті ағзалар мен ұлпаларға жеткізу қабілетін
жоғалтады. Нәтижесінде оттектің жетіспеушілігі туындайды.
Оттектің жетіспеушілігінен ең бірінші ми зардап шегеді.
Иіс газы жабық және нашар желдетілетін үй-жайларда
жиналуы мүмкін. Улану белгілері: бас ауруы, бастың айналуы,
әлсіздік, көкірек маңының ауыруы, тепе-теңдіктің бұзылуы,
естен тану. Егер иіс газының ауадағы мөлшері 0,3%-дан
көп болса, көмек көрсетілмеген жағдайда адам қаза табуы
мүмкін.
Суреттегі жану үдерістерімен танысыңыз. Иіс газымен улану қаупі
бар орындар мен жағдайларды талқылап көріңіз…
Иіс газымен улану белгілері:
Физиологиялық әсері :
иіс газы оттекке қарағанда гемоглобинмен берік байланысып, карбоксигемоглобин түзіледі. Сол себепті гемоглобиннің оттекті тасымалдауына мүмкіндік бермейді.
СО-ның ауадағы концентрациясы 0,1% -ға жеткенде адам уланады.
Адамның деміндегі СО концентрациясы 0,08% болғанда адамның басы ауырып, тұншыға бастайды.
СО-ның концентрациясы 0,32% -ға жеткенде адам есінен танып, сал ауруына шалдығады.
СО-ның концентрациясы 1,2% болған жағдайда адам 2-3 демнен кейін-ақ есінен танып, 3 минутқа жетпей қайтыс болады.
1 Айналымдарды жүзеге асырыңыз:
С→СО→СО2 →Na2CO3→ NaHCO3→CO2
Тапсырма:
2 Есептеулерді жүзеге асырыңыз:
Әк суының ерітіндісі арқылы бөлме температурасында 0.2 моль көмірқышқыл газын өткізді.
А. Химиялық реакция теңдеуін жаз.
Ә. Түзілген тұнбаның массасын тап.
Б. Тұнбаның осы массасындағы атомдар санын есепте.
3 Иіс газымен улану белгілерінің дұрыс тұжырымдарын таңда:
а) бас айналуы және ауруы;
ә) тыныс алудың қиындауы;
б) жүрек айнуы;
в) тамақтың қырнауы, асфиксия;
г) шашыраңқы зейін;
ғ) тепе-теңдіктің бұзылуы;
д) қозу;
е) естен тану
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?