Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттері. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

8.4B: Көміртегі және оның қосылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

8.4.3.5 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

8.4.3.6 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • Көміртектің физикалық және химиялық қасиетін түсіндіру
  • Иіс газының адам ағзасына әсерін сипаттау

Тілдік мақсаттар

көміртек, электрондар, сыртқы қабат, байланыстар, қалыпты күй, қозған күй

көміртектің үш аллотропты түр өзгерісі

сыртқы қабатта n электрон болғандықтан , көміртегі ... түзе алады/түзеді

Қанша ......көміртек атомының ... сыртқы қабатында. орналасқан?

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу, патриотизм құндылықтары сабақ барысында насихатталады.

Пәнаралық байланыстар

Математика, биология

АКТ қолдану дағдылары

Power point,

Бастапқы білім

7.2 В Ауа. Жану реакциясы

7.4 А Адам ағзасындағы химиялық элементтер және қосылыстар

8.4.А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.

Сабақ барысы

Уақыты

Сабақ барысы

Ресурстар

2 минут

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут

8 минут

І Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

ІІ Жаңа сабақ

Келесі кезекте сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты жарияланады. Сынып ішінде көміртектің физикалық қасиетін ауызша сұрау арқылы талқылау жұмыстарын жүргізеді.

АДСОРБЦИЯ - газ немесе сұйықтық молекулаларының қатты денеге сіңірілу үдерісі. Газ және сұйықтық молекулаларын бетінде адсорбциялайтын заттар адсорбенттер деп аталады.

Жоғарыда көрсетілген препарат қандай мақсатта қолданылады?

Содан кейін көміртектің химиялық қасиетін талқылап, реакция теңдеулерін жазып көрсетеді.

1 Көміртек жай заты – кокс арқылы жоғары температурада су буын өткізгенде су буы деп аталатын газ қоспасы түзіледі:

C + H2O = CO + H2

2 Тотықсыздандырғыш қасиетін металдарды оксидтерінен тотықсыздандыруға (металлотермия), сондай-ақ металл карбидін алуға да қолданады:

2CuO + C = CO2 + 2Cu

CaO + 3C = CaC2 + CO

 

3 Қыздырғанда көміртек оттекпен екі түрлі оксид түзеді:

2С + O2 = 2CO

(көміртек монооксиді,

иіс газы)

C + O2 = CO2

(көміртек диоксиді, көмірқышқыл газы)

4 Катализатор қатысында табиғи газдың негізгі бөлігі болатын метанды түзеді:

C + 2H2 = CH4

Отынның жануы

Отын жанғанда оттегі мөлшері жеткілікті болған жағдайда:

CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O

Отын жанғанда оттегі мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда:

2CH4 + 3O2 = 2CO + 4H2O

CH4 + O2 = C + 2H2O

ІІІ Иіс газымен улану себептері

Оқушыларға келесідей тапсырма ұсынылады:

Суреттегі жану үдерістерімен танысыңыз. Иіс газымен улану қаупі бар орындар мен жағдайларды талқылап көріңіз

Көміртек монооксиді – иіссіз, түссіз және улы газ. Оның

молекулалары қанға өкпе арқылы өтеді. «Зақымданған» эритроциттер оттекті ағзалар мен ұлпаларға жеткізу қабілетін

жоғалтады. Нәтижесінде оттектің жетіспеушілігі туындайды.

Оттектің жетіспеушілігінен ең бірінші ми зардап шегеді.

Иіс газы жабық және нашар желдетілетін үй-жайларда

жиналуы мүмкін. Улану белгілері: бас ауруы, бастың айналуы,

әлсіздік, көкірек маңының ауыруы, тепе-теңдіктің бұзылуы,

естен тану. Егер иіс газының ауадағы мөлшері 0,3%-дан

көп болса, көмек көрсетілмеген жағдайда адам қаза табуы

мүмкін.

Тақырыпты пысықтау мақсатында видеокөрсетілім ұсынылады.

ІҮ Тапсырмалар орындау бөлімі

Жұптық тапсырма

1 Айналымдарды жүзеге асырыңыз:

С→СО→СО2 →Na2CO3→ NaHCO3→CO2

2 Есептеулерді жүзеге асырыңыз:

Әк суының ерітіндісі арқылы бөлме температурасында 0.2 моль көмірқышқыл газын өткізді.

А. Химиялық реакция теңдеуін жаз.

Ә. Түзілген тұнбаның массасын тап.

Б. Тұнбаның осы массасындағы атомдар санын есепте.

3 Иіс газымен улану белгілерінің дұрыс тұжырымдарын таңда:

а) бас айналуы және ауруы;

ә) тыныс алудың қиындауы;

б) жүрек айнуы;

в) тамақтың қырнауы, асфиксия;

г) шашыраңқы зейін;

ғ) тепе-теңдіктің бұзылуы;

д) қозу;

е) естен тану

Ү Үй тапсырмасы

Тарауды қорытындылау, өтілген материалды қайталау

Презентация

https://twig-bilim.kz/kz/film/carbon-monoxide-poisoning

Саралау –оқушыларғақалай көбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

  • тәжірибені орындап, бақылау кестені толтырады
  • көмірқышқыл газын алады немесе оны қалай алу керек екенін сипаттайды
  • кестені толтырғанда1-2 қате жіберу мүмкін

Ой талқылар кезінде жауап беруіне;

Тапсырмалар арқылы;

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?