Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«КӨМІРТЕГІНІҢ АЛЛОТРОПИЯЛЫҚ ТҮР ӨЗГЕРІСТЕРІ»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Бұл сабақта «көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылымы мен қасиетін салыстыру», көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолдану аясын зерттеу» оқу мақсаттарына жету көзделеді. Сабақтың мақсаты аталып болған соң тірек сөздер үш тілде таныстырлады.
Углерод | Көміртегі | Carbon |
Алмаз | Алмаз | Diamond |
Аллотропия | Аллотропия | Allotrope |
Графит | Графит | Graphite |
Фуллерен | Фуллерен | Fullerene |
Углеродные нанотрубки | Көміртек нанотүтікшелері | Carbon nanotubes |
Водород | Сутегі | Hydrogen |
Кислород | Оттегі | Oxygen |
Блестящий | Жылтыр | Shiny |
Твердое вещество | Қатты зат | Solid substance |
Көміртек туралы оқушылар жеке тәжірибесі мен алдыңғы алынған білімі бойынша қандай да мағлұмат білуі мүмкін, сондықтан «дұрыс» немесе «қате» тұжырымды анықтауға арналған тасырма беру ұсынылады. Оқушылар дәптерлеріне "+" немесе "-" таңбасымен жауаптарды белгілейді, бірін-бірі тексереді.
Көміртегі бос күйінде улы | Дұрыс/Қате |
Активтелген көмір өзінің абсорбционды қасиеті негізінде медицинада, газқағар өндірісінде қолданылады | Дұрыс/Қате |
Кокс (С) металлургия өндірісінде тотықсыздандырғыш ретінде қолданылмайды | Дұрыс/Қате |
Бір заттың әр түрлі аллотропиялық түр өзгерістерінде кристалдық торының құрылымы сақталады | Дұрыс/Қате |
Крахмал, қант, дәрумендер және ақуыз көміртегі қосылыстарына жатады | Дұрыс/Қате |
Көміртегі атомының ядросында 6 протон, 6 нейтрон және 12 электрон бар | Дұрыс/Қате |
Көмірқышқыл газы – түссіз, иіссіз газ, ауадан 1,5 есе ауыр, жанбайды, суда жақсы ериді, өрт сөндіруде қолданылады | Дұрыс/Қате |
CO2- түссіз, улы, иіссіз, ауадан жеңіл, суда нашар еритін, қайнау температурасы төмен газ | Дұрыс/Қате |
Одан әрі оқушыларға ойқозғау мақсатында сұрақтар беріледі.
- Аллотропиялық түр өзгеріс дегеніміз не?
- Біз өткен қай элемент аллотропиялық түр өзгеріске ие?
- Аллотропиялық түр өзгерістердің кристалдық торының құрылымы сақтала ма?
- Күнделікті өмірде аллтропиялық түрөзгерістер кездеседі ме?
- Оларды бір бірінен қалай ажыратуға болады?
Одан әрі оқушыларды топтарға бөліп көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін танып-білуге арналған тапсырма беру ұсынылады. Ол үш әр топқа бөлек түрлерін зерттеу ұсынылады. Мысалы, алмаз, графит, карбин, фуллерен.
Одан әрі оқушыларға интеллект-карта құруға тапсырма беру ұсынылады.
Бағалау парағы
Оқу мақсаты |
| ||||
Дағды | Білу. Түсіну. | ||||
Аты-жөні |
| ||||
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
4. | |||||
5. | |||||
6. | |||||
7. | |||||
8. | |||||
9. | |||||
10. |
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма үлгісі
Бағалау критерийлері
- көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерін біледі
- көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерін қолдану аясын болжайды
1. Суретте P, Q, D қатты заттары көрсетілген
P, Q, D белгісіз заттарын атаңыз
__________________________________________________________________________________
P және Q заттарының қолдану аясын көрсететін қатарды анықтаңыз:
P затының қолданылуы | Q затының қолданылуы | |
А | Бұрғылауда | Бұрғылауда |
В | Бұрғылауда | Майлағыш зат ретінде |
С | Майлағыш зат ретінде | Бұрғылауда |
Д | Майлағыш зат ретінде | Майлағыш зат ретінде |
Жауап: _______________________________
Дескрипторлар:
- құрылымы бойынша аллотропиялық түр өзгерісін дұрыс анықтайды
- құрылымына сүйеніп қолдану аясын дұрыс болжайды
Рефлексия қағазы
Оқушының аты-жөні сыныбы | ||||
Мен жасай аламын... | Мен түсінемін және басқаларға көмектесе аламын | Маған көбірек тәжірибе керек | Маған қосымша тапсырма керек | Білімімді жақсарту үшін маған қосымша сабақ керек |
-көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылымы мен қасиетін салыстыру | ||||
- көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолдану аясын зерттеу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?