Көміртек және оның қосылыстары. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«КӨМІРТЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ»
ТАҚЫРЫБЫНА БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Сынып:8, 4 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Жаңа тараудың алғашқы сабағы болғандықтан, сабақ оқу мақсатын таныстырудан басталады. Яғни, көміртектің көптеген қосылыстарда төрт валенттілікке ие екендігіне басты назар аудару қажет. Себебі бұл алдағы уақытта қосылыстардың құрылымдық формуласын жазуда қажет болады. Тақырыпты тереңірек түсіну мақсатында «Твиг – білім» оқыту ресурсынан видео көрсету ұынылады.
Келесі кезекте жұпта орындауға оқушыларға тапсырма ұсынылады. Ол үшін арнайы қосымша 1 де көрсетілгендей жұмыс парағы ұсынылады. Тапсырма көміртектің атом құрылысын, периодтық жүйедегі орнын, сондай-ақ бірқатар ақпараттарды есте сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл тапсырма оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытумен қатар, ақпаратты сараптау дағдысын қалыптастыруға көмегін тигізеді. Жұмысты бағалау дұрыс жауаптарды тақтаға шығару арқылы оқушылардың өзара тексеруі арқылы жүзеге асыруға болады.
Табиғатта кездесетін көміртек қосылыстарымен таныстыру үшін мұғалім түсіндірмесі жүргізіледі. Яғни органикалық және бейорганикалық қосылыстар құрамындағы көміртек қосылыстардың бірқатарының суреттерін көрсете отырып, олардың негізгі құрамын таныстырып өту қажет.
Келесі кезекте оқушылардың өздері орындауға жекелеген тапсырмалар ұсынылады. Олар көміртек қосылыстарының құрамындағы көміртек мөлшеріне қарай бір дұрыс жауапты таңдаулары қажет. Егер оқушы есептеу жолын білмеген жағдайда мұғалім қажетті есептеу жолын ұсынуына болады. Екінші тапсырма осы қосылыстардың табиғатта кездесуі мен олардың маңызын ноутбук немесе қажетті ақпарат көздері арқылы іздей отырып, толтырулары қажет.
Тақырыптың өзектілігі өмір үшін өте маңызды екендігін ұорыта келе, үйден «Көміртек өмірлік маңызды элемент» тақырыбында шағын эссе жазып келуді тапсыруға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?