Тұздардың алынуы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ТҰЗДАРДЫҢ АЛЫНУЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

  Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Алдыңғы сабақтағы білімдерін тексеру мақсатында оқушыларға «Аre you ready?» ойыны ойнатылады. Оқушыларға 3 түрлі –түсті карточкалар ұсыныңыз. Тұздардың жіктелуіне байланысты оқушылар берілген тұздың қышқылдық, негіздік немес орта тұз екенін анықтап сәйкес түсті карточканы көтереді. Бұл ойын оқуышлардың пәнге деген қызығушылын оятады, сонымен тез әрі нақты шешім қабылдай білуге үйретеді.

Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылған кейін оқушыларды «Кездейсок» әдіспен топтарға бөліңіз, яғни әр оқушы тақтаға бір-бір химиялық формулаларды жазады. Мұғалім формулаларды біріктіре отырып, оқушыларды үш топқа біріктіреді. Оқушылардың сыни ойлау және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында әр топқа жеке зерттеу жұмысын беріңіз. Оқушылар бұрын оқыған білімдерінің негізінде өздеріне берілген тақырып бойынша постер дайындайды. Постерде оқушылар :

  • Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздардың қасиеттеріне сүйене отырып тұз алудың негізгі 10 әдісін ұсыну
  • Әрбір әдістің сызба –нұсқасын құрастыру;
  • Әрбір сызбанұсқаға сәйкес нақты мысал келтіру қажет екендігін нақтылаңыз.

Топтар өз постерлерін қорғайды, мұғалім қосымша сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін пысықтайды. Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлері құрастырыңыз бұл оқушылардың тапсырманы нақты орындауына әкеледі. Осы тұрғыда әрбір жасалған тәжірибеге қатысқан заттардың және реакция өнімінің формуласын дұрыс жаза білу, химиялық реакция теңдеулерін теңестіре білу қабілеттерін дамытумен қатар , сонымен қатар реакция жүруі үшін қажетті шарттарды дұрыс нақтылай білуге жетелеу маңызды.

«Оқушыларға жұпта берілген тұздарды алуға болатын реакция теңдеулерін жазуды сонымен қатар реакцияның сызба-нұсқасын құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылар жұпта ақылдаса отырып қажетті реагенттер тобын анықтайды. Оқушыларды жұптастыру мұғалім шеберлігіне байланысты (мысалы бұл тапсыраманы орындау үшін А деңгейлі оқушымен С деңгейлі оқушыны жұптастыру тиімді себебі өзара оқыту үрдісі жүзеге асады).

Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?