"№8 зертханалық тәжірибе «Негіздердің қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«НЕГІЗДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

  Сабақ жоспары оқушылардың өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Алдыңғы сабақтағы білімдерін тексеру мақсатында оқушыларға индикатор көмегімен белгісіз ерітіндіні анықтау ұсынылады. Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылған кейін оқушыларды «Кездейсок» әдіспен топтарға бөліңіз. Практикалық жұмысты бастамас бұрын оқушылармен бірлесе отырып тәжірибенің қауіптілігін болжаңыз және содан кейін ғана оқушыларға негіздердің химиялық қасиеттерін зерттеу үшін практикалық жұмыс парағындағы жұмыстың мақсаты және болжамы бөлігін толықтыруды ұсыныңыз. Оқушыларға топта нұсқаулыққа сәйкес тәжірибені жүргізуді тапсырыңыз және практикалық жұмыс парағындағы тапсырмаларды жеке орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы алғашқыда жеке орындайды, сосын топтағы оқушылармен өз жұмысының нәтижелесін талқылайды. Бұл әдіс тақырыпты толықтай түсінуге өз септігін тигізе алады. Практикалық жұмыстың негізгі мақсаты: оқушылар жасалған тәжірибелер негізінде негіздердің химиялық қасиеттерін көрсететін сызба-нұсқаны құрастыра алуы. Осы тұрғыда әрбір жасалған тәжірибеге қатысқан заттардың және реакция өнімінің формуласын дұрыс жаза білу, химиялық реакция теңдеулерін теңестіре білу қабілеттерін дамытумен қатар ,сонымен қатар реакция жүруі үшін қажетті шарттарды дұрыс нақтылай білуге жетелеу маңызды.

 Оқушылардың қызығушылық дағдыларымен қатар сыни ойлау дағдыларын қалптсатыру мақсатында оқушыларға «Екі ыдыста натрий гидрооксиді мен кальций гидрооксиді берілген. Қай заттың қай ыдыста тұрғанын қалай анықтауға болады?» деген проблемалық сұрақ қойыңыз. Оқушылар жұпта ақылдаса отырып қажетті реагенттер тобын анықтайды. Оқушыларды жұптастыру мұғалім шеберлігіне байланысты (мысалы бұл тапсыраманы орындау үшін А деңгейлі оқушымен С деңгейлі оқушыны жұптастыру тиімді себебі өзара оқыту үрдісі жүзеге асады).

Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу