Қышқылдар. № 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қышқылдар. № 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.4.8 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақ мақсаттары

  • Қышқылды атау
  • Қышқылдарды жіктеу
  • қышқылдарға анықтама беру
  • қышқылдардың химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу

Бағалау критерийлері

  • Қышқылды атайды
  • Қышқылдарға анықтама бере алады
  • Қышқылдардың бірнегізді және көпнегізді болып жіктелуінің себебін түсіндіреді
  • Қышқылдардың металдармен, тұздармен тәжірибесін жүргізіп, қорытынды шығарады
  • Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

қышқылдарды атайды, олардың қасиеттерін болжайды, оларды жіктейді

Пәндік лексика және терминология

қойылтылған және сұйылтылған қышқыл, бірнегізді және көпнегізді, оттекті және оттексіз қышқыл

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Егер реакцияға түссе ….., онда …..түзіледі

Бұл металл орынбасу реакциясы нәтижесінде алынған.

Белсенділігі жоғары Х металы белсенділігі төмендеу Y металын тұз ерітіндісінен ығыстырады. Реагент, өнім.

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс және бір-бірін тыңдау және сыйлау, өмір бойы оқып білім алу құндылықтары

Пәнаралық байланыс

Математика, физика

Бастапқы білім

8.2В Стехиометриялық есептеулер

8.3С Ерітінділер және ерігіштік

8.2А Зат мөлшері

8.1В Зат формуласы және химиялық реакция теңдеулері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 минут

7-9 минут

Ұйымдастыру сәті.

Оқушылармен сәлемдесу. Cабаққа дайындықтарын тексеру.

Өткен білімді еске түсіру

Оксидтер тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру.

«Кім жылдам?»

Бірінші қол көтерген оқушыдан сұралады. Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі. Көп фишка жинаған оқушы марапатталады.

  • Оксидтер дегеніміз не?
  • Төменде берілген қосылыстардың ішінен оксидтерді атаңыз: NaOH, CaO , Na2O, ZnO, BaSO4, CO2, NO H2O, CaCO3 ,NaCl Al2O3, Ba(OH)2
  • Оксидтердің типтерін атаңыз
  • Үш қышқылдық оксидті атап, тиісті формуласын жазыңыз
  • Осы аталған оксидтердің сумен реакциясын жазыңыз
  • Қышқылдық оксидке сілті қосса не болады?
  • Әдетте металдар қандай оксидтер түзеді?
  • Үш негіздік оксидті атап, формуласын жазыңыз
  • Осы оксидердің сумен реакциясын жазыңыз
  • Екі дайлы оксидтерді атаңыз

Жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында слайд презентация арқылы сурет көрсетіледі.

Сұрақ: Бұл заттарға не ортақ екенін табыңыздар?

Оқушылар бұл заттарға ортақ қасиет – олардың дәмінің қышқыл болып келуінде екенін айтады. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашуға бағыттау. Жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

Күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын қышқылдар туралы сұрау.

Презентация,

оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.

http://www.curriki.org/xwiki/bin/view/Coll_rmlucas/AcidsBasesSalts_0

Қышқылдар қасиеттері:

10- 12 минут

12-17 минут

18- 30 минут

31 -35 минут

36-38 минут

Жаңа сабақты меңгеру

Оқушыларға зертханада жиі қолданылатын қышқылдардың формуласы жазылған кестені ұсынып, қышқылдардың атауымен таныстыру. Оқушылардан формуласына қарай отырып, қышқылдың анықтамасын шығаруларын сұрау.

Қышқылдың формуласы

Қазақша атауы

Қышқыл қалдығының атауы

HCl

Тұз қышқылы

Cl- хлорид

HNO3

Азот қышқылы

NO-3 нитрат

H2SO4

Күкірт қышқылы

SO2-4 сульфат

H2CO3

Көмір қышқылы

CO2-3 карбонат

H3PO4

Орта фосфор қышқылы

PO3-4 Орто фосфат

CH3COOH

Сірке қышқылы

CH3COO- ацетат

Анықтамасы:

Қышқыл дегеніміз- сутек атомынан және қышқыл қалдығынан

тұратын күрделі заттар.

Топтық жұмыс: Оқушыларды үш топқа бөлу. Олар осыған дейін алған білімдерін қолдана отырып, қышқылдар туралы «ақыл картасын» (mind map) құрастыру керек. Оқушыларға алдын ала керекті тірек сөздер беріледі. Әр топ өз беттерінше қышқыл сөзінің айналасына керек сөздерді топтастырып, жіктейді:

«ақыл картасының» сызбасы

Тірек сөздер: қышқыл: рН, тазалығы, оттекті, оттексіз, қойылтылған, күшті, сұйылтылған, әлсіз, бір негізі, екі негізді, үш негізді, HCl, HNO3, H2SO4, HBr, HI, HClO4, HСlO3, H3PO4, H2CO3, H2SiO3, сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы, лимон қышқылы, сүт қышқылы. (бір формуланы бірнеше рет қолдануға болады)

Әр топ «ақыл картасын» жасап болғаннан соң, неге олай топтастырғандығын сұрау. Оқушылардың берген жауаптарын толықтырып, керек кезінде түзете отырып, мұғалім слайд презентация арқылы қышқылдар туралы ақпарат береді.

Сыныпқа сұрақ:

Қышқылдарға қандай химиялық қасиеттер тән?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Жұптық жұмыс

Әр жұпқа керекті құралдар мен реактивтер таратылады.

Қышқылдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіру керек!

Алдарына берілген реактивтерге қарай отырып, оқушылар практикалық жұмыстың жоспарын құрады.

Құралдар мен реактивтер: сынауық, тұрғы, спирт шам, темір, мырыш, мыс ұнтағы, сұйылтылған тұз немесе күкірт қышқылдары, әктас немесе, натрий карбонаты ұнтағы.

  • Оқушылар қышқылдардың металдармен реакцияларын сутек газының бөлінуі арқылы дәлелдейді. Сутектен кейін турған металдар қышқылмен әрекеттеспейтініне көз жеткізеді.
  • Тәжірибенің тиісті реакция теңдеуін жазады
  • Қышқылдардың карбонаттармен реакциялары кезінде көмірқышқыл газының бөлінетінін бақылайды.
  • Тәжірибенің тиісті реакция теңдеуін жазады

Әр жұп өз жұмысының қорытындысын кесте түрінде ұсынады.

Бірін – бірі жетістік критерийі бойынша бағалайды.

Бағалау критерийі: тәжірибенің тиісті жоспарын құрады, болжам жасайды.

Қышқылдардың металдармен реакциясын қарастырады

Тиісті реакция теңдеулерін жазады, теңестіреді.

Қышқылдардың қарбонаттармен (тұз) реакциясын қарастырады.

Тиісті реакция теңдеулерін жазады, теңестіреді.

Оқушылар кем дегенде осы критерийдің үшеуін дұрыс жасау керек.

Білімді бекіту

Жеке жұмыс

Тақтадан көрсетілген дұрыс жауап арқылы оқушы өзін өзі бағалайды.

https://twig-bilim.kz/kz/film/acids-and-alkalis-part-1

1-қосымша

Сабақтың соңы

38-40 минут

Рефлексия «бес саусақ»

1.Қышқылдардың анықтамасын білемін

2.Қышқылдардың жіктелуін білемін.

3. Қышқылдардың металдармен реакция теңдеуін жаза аламын

4. Қышқылдардың тұздармен реакция теңдеуін жаза аламын

5. Қышқылдардың алыну жолын білемін

Ойша саусақтарыңызды санай отырып, осы сабақта нені меңгергендеріңізді көрсетітін саусақтарыңызды көтеріңіздер.

Үй тапсырмасы: қышқылдардың химиялық қасиеттері бойынша берілген жұмыс парағы

2-қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар қышқылдар туралы анықтаманы біледі

Көпшілік оқушылар қышқылдарды жіктей алады, формулаларын дұрыс жаза алады

Кейбірі қышқылдардың қасиеттерін өткен білімдерін қолдана отырып, алдын ала болжайды, тиісті реакция теңдеулерін дұрыс жазады

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау.

Сабақта қолданылған белсенді оқыту әдістері оқушылардың қышқылдар туралы дұрыс болжам жасап анықтама беруге, берілген жаттығуларды қатесіз орындауға септігін тигізеді. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру- өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?