Қышқылдар. Лабораториялық жұмыс №7 «Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ҚЫШҚЫЛДАР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.
Қышқылдардың алынуы, жіктелуі және химиялық қасиеттері тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындату ұсынылады.
І деңгей:
1. Қышқылдар дегеніміз не?
2. Қышқылдарда индикаторлар түсі қалай өзгереді?
3. Қышқылдармен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
ІІ деңгей:
- Берілген заттардың ішінен қышқылдарды тап:
KOH, HCI, P2O5, H2CO3, NaHCO3, H2O, H2S, NaNO3, H3PO4
- Қышқылдар құрамына қарай қалай жіктеледі?
- Реакия нәтижесінде қандай қышқылдар түзіледі:
SO3 + H2O =
CO2 + H2O =
ІІІ деңгей:
- Қышқылдар мына заттардың қайсысымен әрекеттеспейді:
Zn, CuO, Ag, NaOH, CO2, CaCO3
2.Фосфор және күкірт қышқылдарының молекулалық массаларын есепте.
3. Өзгерістердің теңдеуін жаз: Mg→MgO→Mg(OH)2
Қосымша есептер мен тапсырмалар
- Массасы 6,2 г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен әрекеттеседі?
- 2. Реакция теңдеулерін құрыңдар.
Zn + H2SO4 =
Fe + H2SO4 =
Na + HCl =
SO3 + H2O =
MgO + HCl =
CaO + H3PO4 =
- Массасы 12,6 г натрий сулфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде қанша моль натрий хлориді түзіледі?
- Мөлшері 0,1 моль натрий хлориді қанша моль күкірт қышқылымен әрекеттесе алады?
- Сәйкес қышқылдардың формулаларын табыңдар:
- H - 2.0%, S – 32.7%, O – 65.3%
- H – 2.6%, Si – 35.9%, O – 61.5%
- Н – 1.2%, Cl – 42%, O – 56.8%
- Массасы 7,1г фосфор (V) оксиді судың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін ортофосфор қышқылының массасын табыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?