Оксидтер. Зертханалық жұмыс № 6 «Оксидтердің қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ОКСИДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар технологиялық картаны құрады. Алдымен оқушыларға эксперименттік есептерді орындауды ұсынады.
1. Кальций оксиді – негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?
Бір оқушыны тәжірибе жасайтын столға шақырылады. Ол кальций оксидін суда ерітіп, түзілген сілтіні индикатормен анықтайды. Екінші оқушы кальций оксидін лакмуспен боялған тұз қышқылында ерітеді. Содан кейін олар реакция теңдеулерін жазады.
2. Фосфор(V)оксиді – қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?
Эксперименттік тәжірибені мұғалім орындайды. Фосфор (V) оксидін суда ерітіп, түзілген қышқыл ерітіндісін индикатормен анықтайды. Фосфор (V) оксидін сілтімен әрекеттестіреді. Ал оқушылар реакция теңдеулерін жазады. Негіздік және қышқылдық оксидтермен қатар екідайлы қасиет көрсететін оксидтерді де қарастыру керек. Мұндай оксидтер қышқылдармен де, негіздермен де реакцияға түсе алады, демек екідайлы қасиет көрсетеді. Тәжірибе көрсетіледі,теңдеулері жазылады:
ZnO + H2SO4 = ZnSO4 + H2O;
ZnO + NaOH = Na2ZnO2 + H2O
Оқушыларды қатыстыра отырып, тірек - сызба таблицасы арқылы оксидтердің химиялық қасиеттері түсіндіріледі. Оқушылар технологиялық картаны құрады.
Ұғым | Меңгерілетін материал | Стратегия | |
1 | Оксидтердің жіктелуі | 1.Негіздік оксидттер СаО – калций оксиді, CuO – мыс оксиді 2. Екідайлы оксидтер: AI2O3-алюминий оксиді, ZnO – мырыш оксиді 3. Қышқылдық оксидтер: SO3— күкірт оксиді, Р2О5— фосфор оксиді | Ой қозғау Есте сақтау. |
2. | Оксидтердің алынуы | 4К + О2 → 2К2О дикалий оксиді 2 N2 + 3O2 → 2N2O3 диазот триоксиді 2 Ca + O2 → 2CaO калций оксиді 4Р + 5 O2 → 2Р2О5 дифосфор пентаоксиді 2 Cu + O2 → 2CuO2 дикупрум оксиді | Бейнебаян бойынша реакция теңдеуін жазу. |
3. | Оксидтердің қолданылуы | Күкіртті газдың SO2 жүнді, жібекті ағартуда жеміс-жидектерді консервілеп оны сақтауда, қоймаларды зиянкестерден тазартуда алатын орны ерекше. Көмірқышқыл газ CO2 тамақ өнеркәсібінде, өрт сөндіруде “құрғақ мұз” ретінде кеңінен қолданылады. Ал су H2O (сутек оксиді) адам өмірінде ерекше маңызға ие. Қатты күйдегі кремни диоксиді SiO2 шыны, керамика алуда, ал негіздік оксидтер көбінесе ақ бояу алу үшін қажет, мысалы, ZnO ақ бояу, Cr2O3 жасыл бояу алудың негізгі құрам бөлігі болып табылады. Кальций оксиді CaO құрылыста байланыстырушы зат ретінде, цемент және түрлі тұздар алуға көп қолданылады. | Нақтылау, есте сақтау. |
4. | Атаулары. | Оксидтерді халықаралық жүйемен атайды.1-тәсілі: — алюминий (ІІІ) оксиді.2-тәсілі: — диалмюминий триоксиді «моно» - 1, «ди» — 2, «три» — 3, «тетра» — 4, «пента» — 5 т.б | Жаттау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?