Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы. № 5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау». Химия, 8 сынып, қосымша материал.


Ерітінді концентрациясы

 

 Ерітінді концентрациясы деп ерітіндінің масса не көлем бірлігінде, не еріткіштің масса бірлігінде еріген зат массасымен не зат мөлшерімен анықталатын шаманы айтады.

 Ерітіндінің көптеген қасиеттері (Рауль заңдарымен анықталатын ерітінді үстіндегі еріткіш буының парциалды қысымының төмендеуі, ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылап, қату температурасының төмендеуі) оның концентрациясына байланысты.

 Ерітінді концентрациясын белгілеудің екі тәсілі бар: біріншісі – массалық (ω,χ,Сm(x)), екіншісі – көлемдік (С(х), С(fэ(х)), Т(х)) ал екеуін біріктіретін шама ерітінді тығыздығы (ρ).

  •  а) Еріген заттың массалық үлесі (ω) – еріген заттың массасын ерітінді массасына қатынасымен анықталатын өлшемсіз физикалық шама.

  (7.3)

 Массалық үлесті 0 мен 1 аралығындағы сандармен белгілейді, оны пайызбен де беруге болады, ол үшін массалық үлесті 100%-ға көбейтеді:

 

 

 Мысалы, судағы күкірт қышқылының массалық үлесі 0,2 не 20% дегеніміз – ерітіндінің 100 грамына 20 г H2SO4 және 80 г су болғаны.

 ә) Заттың ерітіндідегі молярлық үлесі (χ) – компонент мөлшерінің жалпы ерітіндідегі зат мөлшеріне қатынасымен анықталады:

(7.5)

  б) Моляльдылықm(х)) – еріткіштің 1 кг-да еріген зат мөлшерімен анықталады:

(7.6)

  •  а) Молярлы концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы беріледі:

(7.7)

 ә) Еріген зат эквивалентінің молярлы концентрациясы – заттың эквивалент мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы өрнектеледі:

(7.8)

 б) Ерітінді титрі деп ерітіндінің бір миллилитріндегі еріген зат массасын көрсететін шаманы айтады:

(7.9)

 в) Ерітінді тығыздығы деп ерітіндінің көлем бірлігінің массасын айтады:

 

(7.10)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?