Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы. № 5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау». Химия, 8 сынып сабақ жоспары.
3С.ЕРІТІНДІЛЕР ЖӘНЕ ЕРІГІШТІК
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С Ерітінділер және ерігіштік | Мектеп | |||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: | |||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы. № 5 практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау» | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.4.6 -ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу | |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Ерітінді, еріткіштер, еріген зат, еру, ерігіш, ерімейді сөздерді қолданып оқушылар мәтінді толықтырады | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар жұптық , топтық жұмыс барысында бір-бірін тыңдап, біріне-бірі қолдау көрсетеді | |||||||
Пәнаралық байланыстар | математика | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар видеоны жеке тыңдау үшін планшетпен жұмыс жасауына болады | |||||||
Бастапқы білім | Қоспа, біртекті, әртекті қоспа түрлері | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
1-cабақ 1-2 минут 3-8 минут | Ұйымдастыру кезеңі І. Өтілген тақырыпты пысықтау. (С)Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін өтілген білімді қайталап, пысықтау. Оқушыларға концентрациялы ерітінді деген не? Сұйытылған ерітінді дегенді қалай түсінесің? Ерітіндінің сұйытылған немесе концентрлі екендігін қалай салыстыруға болады? Оқушылар жауабын А, В,С ерітінділерінің сұйытылған немесе концентрлі екендігін диаграммадан көрсетуі арқылы жауап беруі керек. Күтілетін жауап: Оқушылар концентрлі немесе сұйытылған ерітіндіге жақын орналасуына байланысты жауап береді. Мұғалім ерітіндінің концентрациясын нақты беру үшін есептеулерді мольмен байланыстыру маңызды екендігін түсіндіреді. | 1-қосымша | ||||||
9-12 минут 13-19 минут 20-32 минут 33-40 минут | ІІ. Жаңа тақырыпты оқып білу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, сабақ мақсаты, күтілетін нәтижелермен таныстырады. Қызығушылықты ояту. (К)Оқушылардың сабақта қарастырылатын тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында 1М 1литр қант ерітіндісін дайындауды демонстрация арқылыкөрсетеді. 1М деген белгінің 1моль/ дм3 , есептеу барысында моль/ дм3 өлшем бірлігін жазу, 1литр= 1 дм 3 екендігін ескертеді. Мұғалім 1 моль қанттың массасы 342 граммды таразыда өлшейді де, оны құрғақ градуирленген колбаға салып аздаған су құйып қақпағын жауып, әбден шайқап ерітеді. Колбадағы ерітіндінің үстіне белгісіне дейін жеткізіп су құяды. Алынған ерітіндінің молярлығы қандай? Жауап: 1 моль/ дм3 Молярлық 1л ерітіндідегі еріген заттың моль саны ретінде көрсетеді және келесі теңдеу бойынша анықталады: Ескерту: Оқушылар назары түпкілікті көлемнің1дм3 тең болатынына аударылады. Молярлық концентрацияға анықтама беріледі. ІІІ. Білімді бекіту. Мұғалім оқушылардың білімін бекіту үшін жаттығулар жүргізеді. Тапсырма есептері жайдан күрделіге қарай ұсынылады. Бағалау: Мұғалім әр жұптан бір оқушыдан тақтаға шығарып, 3 есептің де шешу жолын тақтада көрнекі көрсетіледі. Мұғалім кері байланыс жасау арқылы жауаптарында қате болса түзетеді. Оқушылар өз жауаптарын тақта жауаптарымен тексереді.Оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау жүргізеді. | Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты жазылған презентация Таразы, қант, дистильденген су, градуирленген колба 1000мл 2-қосымша | ||||||
2-сабақ 41-45 минут 46-55 минут
56-65 минут 66-75 минут | І.Зерттеу кезеңі. Оқушыларды 4 топқа бөлу. Оқушыларды ТҚЕ ескерту. Оқушылар зертханалық жұмыс нұсқаулығымен танысады. 1,2- топтар пайыздық концентрацияға 10 минут 3,4-молярлық концентрацияға зертханалық жұмысты 10 минут жасайды. 10 минут өткенде мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар жұмыс орындарын алмастырып, екінші зертханалық жұмысты орындайды. Дифференциация: Мұғалім топтар жұмысын бақылап, қажет болған топтарға, оқушыларға қолдау көрсетеді. ІІ. Ой бөлісу кезеңі Оқушылар алынған нәтижелерімен тақтада есептеулерін жазып бөліседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды тақтада көрнекі көрсетілген жауаптармен салыстыра жүргізеді. Мұғалім екі топтың жасаған жұмысына кері байланысты жетілдіру тұстарына қарай береді. | 3-қосымша Тақта, бор, маркерлік тақта, маркер | ||||||
Сабақтың соңы 76-80 минут | Оқушылар орындаған тапсырмасы бойынша рефлексия жасайды. Бүгін мен ...................................... білдім Маған ........................................ қызықты болды Маған ....................................... қиын болды Мен .............................. тапсырманы орындадым Мен .................................... түсіндім | Рефлексия парағы | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Дифференциация: Мұғалім оқушылар жұмысын бақылау барысында тапсырманы орындауда қиындықтары бар оқушыларға есепті шығару алгоритмін ұсынады. | Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің кері байланыс сабақтың барлық кезеңдерінде орын алады | Партада дұрыс отыру ережесін сақтау,кабинет ауасын жиі желдетіп отыру |
1-қосымша
Концентрлі Сұйылтылған
А ерітіндісі В ерітіндісі С ерітіндісі
В ерітіндісі концентрлі ме, әлде сұйылтылған ба?
2-қосымша
А-1-мысал: 0.50 моль 250 мл NaCl –нен ерітінді дайындалған. Ерітіндінің молярлығын есептеңіз. |
В-2-мысал: Концентрациясы 2.00 M болатын құрамында 6.00 моль LiF бар ерітіндінің көлемін есептеңіз. |
С-3-мысал: Көлемі 5.00 x 102 см3 концентрациясы 5.0M ерітінді дайындау үшін қанша грамм CaCl2 қажет болатынын есептеңіз. |
3-қосымша
Берілген пайыздық және молярлы концентрациялы ерітіндіні дайындау
Теориялық бөлімі:
Пайыздық концентрация ерітіндінің салмақ бойынша пайызына негізделген. Салмақтық пайыз заттың массасын ерітіндінің жалпы массасына қатынасын 100-ге көбейткенге тең. Судың тығыздығы 1 г/мл-ге тең. Алдымен еритін заттың массасын есептеу алу керек.
Заттың массасы = ерітіндінің % x( судың көлемі мл.) ÷ (100 - ерітіндінің %)
Мысалы: Ас тұзының 100мл 10% ерітіндісін дайындау керек.
NaCl-дың массасы = (10) x (100) ÷ (100 - 10) = 11.1 г
11.1 г NaCl–ды 100 мл суда еріту керек.
Практикалық бөлімі:
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Пайыздық үлесі белгілі ерітінді даярлау.
Тапсырма : Ас тұзының 100 мл 5% ерітіндісін дайындаңыз.
Қажетті құрал- жабдықтар мен реактивтер: электрондық таразы, өлшеуіш құты, тамшуыр, ас тұзы, дистилденген су.
Зертханалық жұмысты жүргізу реті:
1. Тұздың массасын есептеп алыңыз
2.Қажетті судың массасын есептеп алыңыз.
3. Электрондық таразыны тұрақты ток көзіне қосып өлшеуіш пластикпен бірге нөлге теңестіріп аламыз.
4. Таразыда тұзды өлшеп алыңыз.
5. Өлшеуіш цилиндр арқылы суды өлшеп алу қажет
6. Бос таза құтыға алдымен өлшенген тұзды салып, үстіне суды қосып араластырыңыз.
1. Ертінді даярлауға қажет тұз массасын есептеу.
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
2. Ертінді даярлауға қажет су массасын есептеу.
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Орындалған іс әрекеттерді сипаттау |
1. |
2. |
Қорытынды: |
Теориялық бөлім
Молярлық концентрация.
Заттың молярлық массасы белгілі болса, осы массасыны ерітіп молярлық концентрациясы 1М-ден кем ерітіндіні дайындау үшін еріген заттың массасын мына формуламен есептейді:
Еріген заттың массасы = (ерітіндінің молярлығы) x (заттың молярлық массасы г/ моль) x (ерітіндінің көлемі мл) ÷ 1000 л
Мсыалы 100 мл 0.1 M CaCl2 ерітіндіні дайындау үшін , қанша CaCl2 қажет екендігін есептейміз:
CaCl2 = (0.1) x (110.91) x (100) ÷ (1000) = 1.11г
1.11г CaCl2 100 мл суда еріту керек.
Практикалық бөлімі:
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы «Молярлық концентрациясы көрсетілген ерітінді даярлау»
Тапсырма : Ас тұзының 0,2 М көлемі 250 см3ерітіндісін дайындаңыз.
Қажетті құрал- жабдықтар мен реактивтер: электрондық таразы, өлшеуіш құты, тамшуыр, ас тұзы, дистилденген су.
Зертханалық жұмысты жүргізу реті:
1.Ерітіндінің көлемін ХБ жүйесіне келтіру қажет
2.Қажетті тұздың массасын есептеп алыңыз.
3.Электрондық таразыны тұрақты ток көзіне қосып өлшеуіш пластикпен бірге нөлге теңестіріп алыңыз.
4. Таразыда тұзды өлшеп алыңыз.Бос таза өлшеуіш құтыға тұзды салып үстіне аздаған дистилденген су құйып шайқап ерітіп алу қажет.
6. Өлшеуіш құтының белгісіне (менискке) дейін суды жеткізіп құйыңыз.
1. Ерітіндінің көлемін ХБ жүйесіне келтіру.
.......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
2. Тұздың массасын есептеу.
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Орындалған іс әрекеттерді сипаттау |
1. |
2. |
Қорытынды: |
Рефлексия
Бүгін мен ...................................................................... білдім
Маған ............................................................................ қызықты болды
Маған ............................................................................ қиын болды
Мен ...............................................................................тапсырманы орындадым
Мен .................................................................................түсіндім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?