"Ерітінді концентрациясы.Химия, 8 сынып, қосымша материл.
«ЕРІТІНДІДЕГІ ЗАТТАРДЫҢ МОЛЯРЛЫҚ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 3 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқушыларға сабақтың алғашқы бөлімінде ой қозғау ретінде ерітінділерді қалай дайындалады деген сұрақ төңірегінде әңгіме қозғалады. Соның нәтижесінде олар «еріген зат, еріткіш, ерітінді» ұғымдарын қалыптастыра алулары қажет. Сонымен қатар «еріткіш» және «ерітінді» ұғымдары бойынша анықтама ұсынылады.
Ерітіндінің концентрлі немесе сұйық болатынын суреттер арқылы сұрауға болады. Суретте еріген заттың мөлшеріне қарай отырып олар сұйық немесе концентрлі ерітіндіні анықтай алулары қажет. Қосымша ақпарат ретінде мұғалім осы жерде ерітінді дайындалып ұсынуға да болады.
Презентациядан «концентрация» және оның түрлері туралы ақпарат беріледі, яғни қолданылатын формулалар және анықтамалар ұсынылып дәптерлеріне жазып алу ұсынылады. Оқушылардың визуалдық қабілетін арттыру үшін мұғалімнің шеберлігіне байланысты видео көрсетуге де болады.
Проценттік және молярлық концентрацияны түсіндіру барысында оқушылармен бірге тапсырмалар орындалады. Есептерді оқушылармен бірге талқылай отырып орындаған жөн, себебі көптеген оқушылар проценттік және молярлық концентрацияның түрлерін ажыратуда қателесіп жатады.
Оқушылардың тапсырмалар орындаудағы жылдамдықтарын арттыру үшін «А әлде В» деп аталатын есеп шығаруға байланысты тапсырма ұсынылады. Дұрыс жауапты анықтаған жағдайда </=/> белгілері қойылады. Оқушылар әр тапсырманы 1 минутта орындаулары қажет.
Тақырыпты пысықтау мақсатында жұпта орындауға жұмыс парақтары ұсынылады. Онда молярлық концентрацияны немесе басқа да мәндерді табуға жаттығулар бар. Төменде көрсетілген концентрация үшбұрышын оқушыларға ұсыну есеп шығарудағы оңтайлы әдіс болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?