Ерітіндідегі еріген заттың молярлық концентрациясы. Практикалық жұмыс №5. Молярлы және проценттік концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау. Химия, 8 сынып, презентация.
Атырау қаласындағы химия-биология
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінің химия пәні мұғалімі
Оралова А.ҚЕрітіндідегі еріген заттың молярлық концентрациясы.
Практикалық жұмыс №5.
Молярлы және проценттік концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау
Мақсаты :
ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
Әрбір ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады
Ерітінділер дегеніміз - еріген зат пен еріткіштен тұратын, құрамы өзгермелі біртекті жүйе Еріткіш және еріген зат - ерітінді компоненттеріЕріткіш деп ішінде еріген зат молекула, не ион түрінде біркелкі болып араласатын ортаны айтамызm (ерітінді) = m (еріткіш) + m (еритін зат)
m (еріткіш)= m (ерітінді) – m (еритін зат)
Мысалы :
Ас тұзы + су = ас тұзының ерітіндісі
Еріген зат +еріткіш = ерітінді
Еріткіш – растворитель –solvent
Еріген зат – растворенного вещества – solute
Ерітінді – раствор – solution
http://www.citruscollege.edu/lc/archive/biology/PublishingImages/c04_04.jpg
Ерітінді құрамындағы еріткіш қызметін атқаратын компенентті анықтау:
Ерітіндідегі агрегаттық күйі ерітіндінің агрегаттық күйімен ұқсас компонент еріткіш болып саналады. Мысалы: қанттың судағы ерітіндісінде су- еріткіш.
Егер еріместен бұрын екі компонент те бірдей агрегаттық күйіде болған болса, онда қайсының мөлшері көп болса соны еріткіш дейді
Ерітіндінің масса не көлем бірлігіндегі заттың масса не зат мөлшерін көрсететін шама ерітінді концентрациясы(С) деп аталады.
Егер ерітіндідегі еріген заттың мөлшері көп болса , ерітінді концентрлі, ал аз болса- сұйық деп аталады.
Төменде көрсетілген суреттердегі айырмашылық.
1- сұйық ерітінді
2концентрациялы ерітінді
1- ерітіндідегі еріген зат мөлшері аз, 2- ерітіндіде еріген зат мөлшері көп.
https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=e5d9c498dd8a635a6407fa0c52965c23&n=33&h=190&w=254
Концентрацияның бірнеше түрі бар:
Массалық үлес концентрациясы – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы; оны процентпен сипаттауға болады. Сондықтан оны проценттік концентрация деп те атайды;
Мұндағы m1 – еріген заттың массасы, m – ерітіндінің массасы
Тапсырма:
№1. Массасы 20г тұзды 180г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
№2. Судың 500миллилитрінде 100л хлорсутек(қ.ж) еріткенде алынған ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер
№3. Натрий хлоридінің массалық үлесі10%-тік массасы 40г ерітіндісін даярлау үшін қажетті тұз бен судың массасын есептеңдер.
Көлемдік үлес концентрациясы – еріген зат көлемінің ерітіндінің жалпы көлеміне қатынасы; бұл да процентпен сипатталады;
Мұндағы V 1- ерітіндідегі еріген заттың көлемі, V – жалпы ерітіндінің көлемі
3.Молярлы концентрация С(х ) деп ерітіндінің 1 л-де(1дм3 ) еріген заттың моль санымен өлшенетін шаманы айтады.
C(x) = ν(е.з) /V(ер-ді) ;
C(x) =m(е.з)/М(е.з)∙ V(ер-ді) моль/л
моль/дм3
Молярлық концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (өлшем ліктері:моль / м3 ; г/;моль /дм3 )
1 дм3 еріткіште ери алатын зат мөлшерімен анықталады
http://kk.wikipedia.org/wiki/концентрация
http://kk.wikipedia.org/wiki/концентрация
Тапсырма:
1. 200 г 15%-дық ерітінді дайындау үшін қанша тұз және су алу керек?
2. 200 г 10%-дық ерітіндіге 10г тұз қосылды. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қалай өзгереді? Есептеп дәлелде.
3. 300 г 20%-дық ерітіндінің 30% буланып кетсе қалған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қанша болғаны?
4. Натрий гидкросидінің көлемі 2000мл ерітіндісінде 16 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болғаны?
5. Көлемі 25 мл 10М күкірт қышқылының ерітіндісіне 225 мл суды араластырған кейінгі ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?
6. 100г 5% -дық ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ тұз және қанша грамм су алу керек?
7. Ас тұзының 0,2 М көлемі 250 см3 ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ тұз және қанша грамм су алу керек?
8. Массасы 25 г тұзға 225 г су қосылды алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай? 9. Егер дайын ерітіндіге еріген заттан тағы қосатын болсақ, онда ерітіндінің концентрациясы өзгере ме? Неге? 10. 150 г 40%-дық ерітіндіге 50г су қосылды? Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?11. Натрий гидроксидінің 150г 10%-дық және 250г 30%-дық әр түрлі концентрациялы ерітінділерді араластырған. Екі ерітінді қосылған соң алынған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=55a11b8d54d3766058f4a53cf0bdfe39&n=33&h=190&w=254
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?