Ерігіштікке температураның әсері. Химия, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырбы:

Еру және ерігіштік

Сабақтың мақсаты:

заттардың әртүрлі еріткіштерде еру принциптерін түсіну

Сабақтың жоспары:

Ерітінді түсінігі бойынша бастапқы білімдерін еске түсіру

Ерігіштіктің еріткіш табиғатына тәуелділігін түсіну

Температураның ерігіштікке әсерін зерттеу

Күтілетін нәтиже:

Ерігіштік еріткіштің табиғатына тәуелді екендігін түсінеді

Қатты заттардың суда ерігіштігі мен газдардың суда ерігіштік сипатын атай алады.

Ерігіштікті табу есептеулерін жүргізе алады.

Ендеше бастапқы білімді еске түсіру мақсатында төмендегі сәйкестендіруге арналған тапсырманы орындап көріңіздер

Анықтамаларды еске түсіру

Зертханалық жұмыс

№1 түрлі еріткіштердегі заттардың ерігіштік принципі

Қажетті заттар: иод кристалдары, мұнай , спирт, су, натрий хлориді, калий нитраты.

Жұмыс барысы:

1. 2-3 түйір иод кристалдарын 2 бірдей сынауыққа салып, бірінші стаканға 1-2 мл су ал, екінші сынауыққа 1-2 мл спирт ерітіндісін құйып сынап көріңдер (өз бақылауларыңды дәптерге жазып алыңдар)

2. Екінші тәжірибедегідей мұнайдың су мен спиртте ерігіштігін сынап көріңдер

3. Натрий хлориді мен калий нитратының 1-2г су мен спирт ерітіндісінде ерітіп нәтижесін №1-2 тәжірибемен салыстырыңдар

Топтық жұмыс

Зертханалық жұмыс нәтижесін талдау, өз ойларын ортаға салу

Пікір алмасу

Негізгі ұғымдар мен түсініктерді дәптерге жазу

Ал, сүйық ерітінділер газдардың сұйықтағы ерітінділері; сұйықтың сұйықтағы ерітінділері, қатты заттардың сүйықта-ғы ерітінділері болып бөлінеді.

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb176.htm

ЕРУ заттың кристалл торының біртіндеп бұзылуы

Заттардың ерігіштігі бірнеше факторларға тәуелді.

Су молекуласының моделі

СутекСутекатомы оттекОттек атомымен тік сызык бойымен байланыспай, =105° бұрышпен қосылған. Асимметрияның өсерінен теріс зарядталған оттекОттек және екі оң зарядталған сутекСутек әр түрлі жазықтықта орналасады да, судың молекуласы полюсті болады. Полюсті су молекуласын былай белгілейміз (+ -), ол дипольДиполь (мұндай бет жоқ) (диполь - екі полюс) деп аталады:H+→0←H+

Сондықтан да суда полюсті және зарядталған молекулалар ериді. Натрийдің оң зарядталған ионына су молекуласы теріс полюсімен тартылса, ал хлор ионына оң полюсті жағымен жақындайды. Сондықтан суда тұз натрийдің оң зарядталған ионына және хлордың теріс зарядталған ионына ыдырайды

1. Қатты заттардың ерігіштігіне келетін болсақ. Көпшілік жағдайда тұздардың ерігіштігін төмендегі кесте арқылы көруге болады

100 г судағы қатты заттардың ерігіштігі

Көптеген қатты заттардың (тұздардың) суда ерігіштігі температура артқан сайын арта түседі.

100 г судағы қатты заттардың ерігіштігі

Бірақ бұл құбылыс барлығына бірдей тән емес. Кестеден көріп отырғанымыздай селен сульфатының ерігіштігіне назар аударыңыздар.

100 г судағы қатты заттардың ерігіштігі

100 мл суда газдардың ерігіштігі

Газдардың суда еру процесіне екі түрлі фактор әсер етеді:

Температура. Газдардың ерігіштігі температура төмендегенде артады

Газдардың суда еру процесіне екі түрлі фактор әсер етеді:

Қысым. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын арта түседі

Сұйықтықтардың суда ерігішітігін қарастыратын болсақ . Мысалы, спирт және ацетон суда шексіз ериді . Олардың ерігіштігі туралы айтқанда ерітіндінің компоненттеріне назар аударған дұрыс деп жоғарыда айтып кеттік.

Сұйықтықтардың суда ерігішітігі

Яғни қайсысының ерітінді құрамындағы үлесі жоғары сол еріткіш ал екіншісі еріген зат бола алады.

Май суда ерімейді. Бірақ басқа органикалық еріткіштерде ери алады. Ендеше суда ерімейтін заттардың өздерінің еріткіштері бар. Ол үшін келесі мысалдарды қарастырайық.

Мысалы, йод суда нашар ериді , тіпті ерімейді десек те болады. Себебі 100 г суда ери алатын йодтың массасы 0,08г ғана. Ал спиртте жақсы ериді сондықтан тұрмыс барысында біз пайдаланып жүрген медициналық йод ол йодтың спирттегі 5% немесе 10% ерітінділері.

Май мен йодтың суда ерімей ал органикалық еріткіштерде еру себептерін қарастырайық. Яғни ерігіштік жоғарыда аталған факторлардан басқа еріткіштің табиғатына тікелей тәуелділігін көрсетеді.

Заттардың ерігіштігін алдын ала болжауға мүмкіндік беретін теориялар әзірге жасалған жоқ. Дегенмен химиктер кейбір заңдылықтарды байқады. Мысалымолекулалары полюсті немесе иондық  байланыспен байланысқан заттар(су,сұйық аммиак )

полюсті еріткіштерде жақсы еритіндігі, ал молекулалары полюссіз заттар (бензол, ацетон, т.б.с.с полюссіз еріткіштерде еритіндігі анықталды. “Ұқсас заттар бір-бірінде жақсы еридідеген ескі қағида осы заңдылықты тұжырымдайды.

Яғни май және йод молекулалары бір бірімен полюссіз ковалентті байланыстармен байланысқан сондықтан олар өздері секілді тек полюссіз еріткіштерде ғана ери алады.

Көмірқышқыл газы

ковалентті полюсті

байланыспен байланысқан сондықтан ол полярлығы жоғары еріткіште ериді. Ал азот молекуласы полюссіз ковалентті байланысқан сол себепті ол полярлығы төмен немесе полюссіз еріткіштерде ериді.

Пайдаланылған материалдар

1. http://referaty-v.kz/

2. Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

3. ПӨО (ЦПИ) 9- сыныптар

2- тоқсан жетістік критерийлері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?