Ерітінді және ерігіштік. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Мұғалім:

Тақырыбы:

Ерітінді және ерігіштік

Сабақ кезеңдері

Сынып:8

Өткізілу уақыты:

Сабақтың мақсаты:

Зертханалық жұмыс жасау арқылы заттардың барлығы суда жақсы ерімейтіндігін түсінеді

Зертханалық жұмыс жасау арқылы еріндінді сөзіне анықтама бере алады және тұрмыстағы заттардың құрымын талдау арқылы ерітінділердің қолданысының маңызын түсінеді

Зертханалық жұмыс жасау арқылы ерітінді құрамын анықтай алады

Оқу мақсаты:

8.3.4.1 заттарды суда ерігіштігіне қарай жіктеу;

8.3.4.2 ерітінділердің табиғаттағы және тұрмыстағы ролін түсіндіре алады

Тілдік мақсат:

Заттардың суда ерігішітігіне қарай ауызша және жазбаша сипаттай алады және ерітінділердің мысалын келтіре алады

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар металдардың алынуын модельдей алады

Бағалау критериясы:

1. Еритін заттарды үш топқа дұрыс жіктеген

2.Қанттың судағы еріткішін дұрыс салыстырған

3.Ерітінді дайындай алады

4.Ерітінді ұғымына анықтама береді

5. Еру үрдісіне анықтама береді

6. Ерігіштікке әсер ететін факторларды атап алады

7.Тұрмыста қолданылатын ертінділердің құрамын анықтай алады

Құндылықтарды дамыту:

  • өмір бойы білім алу
  • ынтымақтастық

Пән аралық байланыс:

Физика

АКТ қолдану дағдылары:

Ұсынылған презентация мен видео роликтен керекті мәліметтерді таңдап алу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

2 мин

5 мин

15 мин

10 мин

5 мин

Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру.

Сынып оқушылар топқа бөлу үшін келесі заттарды таңдап алуларын сұрау.

Оқушыларға суреттерге қарай отырып өздері топқа бөлінулері сұралады.

Оқушылар топқа бөлінгенен кейін топқа қалай бөлінгендігін сұрау.

Осы суреттерді не біріктіреді?

Тақтаға кілт сөздерді жазу арқылы оқушыларды сабақтың тақырыбын ашуға бағыттау.

Оқу мақсатын таныстыру үшін оқушылардан бүгін біз осы тақырып бойынша не білуіміз керек?

Оқушылардың ойларын тыңдау арқылы оқу мақсаттарымен таныстыру.

Зертханалық жұмыс №5 «Заттардың ерігіштігін зерттеу»

Мақсат:

Болжам:

Оқушылар топ ішінде берілген практикалық жұмыстарды бөліп алады.

Жұмыс барысы:

А тәжірибесі.

  • Үш сынауыққа өлшегіш цилиндірмен 3 см3 су өлшеп құйыңыз
  • Бірінші сынауыққа бірдей мөлшерде 1 шпатель натрий сульфаты, 1 шпатель екінші сынауыққа кальций карбонаты және үшінші сынауыққа 1 шпатель магний карбонатын салыңыз.
  • Абайлап араластырыңыз
  • Қажет болған жағдайда, құрамындағыны қыздыруға болады.
  • Заттарды 3 топқа жіктеп, нәтижелер кестесін ресімдеу: ерігіш, аз еритін, ерімейтін.

В тәжірибесі.

  • Екі сынауыққа бір шпатель қант салу.
  • Бірінші сынауыққа шамалы су құйып, оны жақсылап шайқау қажет.
  • Екінші сынауыққа су құйып, аздап спирт шам жалынының астында қыздыру.
  • Болған үдерістерді атау.

С тәжірибесі.

  • 15см3 суды өлшегіш цилиндірде өлшеп алыңыз
  • Таразыға заттық шыныны қойып, 0.00 келтіріп алыңыз
  • 3 г тұзды таразыда өлшеңіз
  • Бос химиялық стаканның массасын өлшеп алыңыз
  • Өлшенген 15см3 суды химиялық стаканға құйыңыз
  • Су құйылған стаканға өлшенген 3 г ас тұзын салыңыз
  • Ерігенше араластырыңыз
  • Стакандағы қоспаның массасын таразыда өлшеңіз

Бақылау сұрақтары:

Судың рөлі қандай болды?

Ерітіндінің массассында қандай өзгерістер болды? Себебін түсіндіріңіз

Еріткіш дегеніміз не? Күнделікті тұрмыстан қандай еріткіштерді білесін

Заттардың барлығы бірдей ери алады ма?

Заттың ерігіштігін қалай арттыруға болады?

Дескриптор:

1. Еритін заттарды үш топқа дұрыс жіктеген

2.Қанттың судағы еріткішін дұрыс салыстырған

3.Ерітінді дайындай алады

4.Ерітінді ұғымына анықтама береді

5. Еру үрдісіне анықтама береді

6. Ерігіштікке әсер ететін факторларды атап алады

Оқушылар ұсынылған дескрипторға сәйкес өз-өздерін бағалайды.

Оқушылар сабақтың бастапқы кезеңінде таңдап алған (аммиак ерітіндісі, йод ерітіндісі,сутек асқын тотығы, сірке қышқылы, шай, кока кола, иіс су, су сабын, лак кетіргіш ерітінді) ерітінділердің құрамын жіктейді, яғни еріткіш пен еріген затты анықтайды. Сонымен қатар аталған ерітіндінің маңызы туралы «Сингвинг» әдісі бойынша сөз құрайды.

Оқушылардың жұмысы мөрлер арқылы дәптерлеріне бағаланады.

Оқушылардың білімдерін бекіту үшін «Бинго» ойыны ойнатылады.

Қима қағаздар

Презентация

Жұмыс парағы

8.3.4.1 заттарды суда ерігіштігіне қарай жіктеу;

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/solutions

8.3.4.2 ерітінділердің табиғаттағы және тұрмыстағы ролін түсіндіре алады

Қосымша 1

3 мин

Рефлексия

Ерітінді сөзіне ассоциация жазу.

Е

Р

І

Т

І

Н

Д

І



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?