Ерігіштікті есептеу. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
Заттардың суда ерігіштігі
Су — еріткіш. Көптеген заттар суда еріп, ерітінді түзеді. Ерітінділер дегеніміз — еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын және өзара бір-бірімен физикалық-химиялық әсерлесетін жүйе. Іс жүзінде көргеніміздей заттардың барлығы дерлік суда жақсы ери бермейді.(ыдыстағы суға борды салып, ерімейтінін байқау). Сондықтан бір заттың екінші затпен салыстырғанда қанша еритінін көрсету үшін ерігіштік ұғымы қолданылады. Ерігіштіктің сандық мөлшерң ерігіштік немесе ері коэффициенті арқылы анықталады. ол ерітінді түзген зат массасының еріткіштік көлеміне қатынасына тең. Өлшемдері: г/см3, г/мл3. Берілген температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса - қаныққан деп аталады.
Ерітінділер үшке бөлінеді: Е — жақсы еритіндер, АЕ — аз еритіндер, ЕМ — ерімейтіндер. (ерігіштік кестесімен таныстыру). Бөлме температурасында 100 г суда 10 г-нан артық зат ерісе жақсы еритін, 1 г-нан кем зат ерісе аз еритін, егер зат 0,01 г-нан кеміп кетсе ерімейтін заттар деп аталады.
Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.
Оқушылар графикті падалана отырып заттардың ерігіштігіне арналған есептер шығаруы керек. Бұл ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін айту ерте болып табылады.
Содан соң сұйықтардың еруіне тәжірибе орындату ұсынылады. Стақандардардағы суға май және этил спиртін құю тәжірибесі орындалады. Спирт суда шексіз ериді, ал май эмульсия түзеді.
Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Газдардың ерігіштік қасиетін газды сусындар дайындау үшін пайдаланады. (газды сусыны бар шөлмектің қалпағын ашқанда, пысылдаған дауыстың ішінде газ бөлініп шыққанын білдіреді) Газды сусындар дайындауда көміртек диоксидін жоғары қысым арқылы ерігіштігін жоғарылатып жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?