Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ЗАТ ҚАСИЕТІ МЕН КРИСТАЛДЫҚ ТОП ТИПТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 В Химиялық байланыс түрлері

Сабақ жоспары оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңа тақырыпқа ұштастыра отырып өздігінен оқушыларыдың ізденушілік қабілеттерін өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылғаннан кейін оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын арттыру мақсатында миға шабуыл «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін қолдануға болады. Оқушыларға жұпта суретті қолдана отырып, берілген заттардағы байланыс типін анықтауды, соған сәйкес қасиеттерін сипаттауды ұсыныңыз.

Оқушыларды атомдық, молекулалық, иондық және металдық кристалл тор түрлеріне сәйкес төрт топқа бөліңіз. Әрбір топқа таңдалған кристалдық тор түріне байланысты заттардың қасиеттеріне зерттеу жүргізуді ұсыныңыз. Өз зерттеулерінде заттардың физикалық қасиеттері (қаттылығы,иілгіштігі,морт сынғыштығы, суда ерігіштігі,электрөткізгіштігі, балқу және қайнау температуралары) мен кристалдық тор арасындағы байланысты нақтылау қажеттілігін ескертіңіз. Өз жұмыстарын өзге топтар алдында қорғауға мүмкіндік беріңіз.

Оқушылармен бірлесе бағалау критерийлерін құрыңыз.Бұл тапсырма барысында оқушыларды жаңа білімді өздігінен игеру және сонымен қатар зерттеушілік дағдылары қалыптасады.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендігін тексеру мақсатында кестені толтыруды ұсыныңыз, өзге оқушылар жұмысымен өзін тексеруді сұраңыз.

Оқушыларға жұпта периодтық кестенің көмегімен байланыс және кристалдық торлар типтерін анықтау үшін алгоритм құрастыруды сұраңыз. Химиялық элементтердің құрылымын анықтауда периодтық кестенің маңызын атап өтіңіз, бірақ сонымен қатар жалпы ережеге сәйкес келмейтін жағдайларды түсіндіріңіз. Әр түрлі түспен көрсетілген элементтерден түзілген жай заттардың физикалық қасиеттері, кристалдық торлар типтері туралы ақпараттармен кестені толықтыруды оқушыларға ұсыныңыз. Оқушылар кестедегі орны құрылысы қасиеттері бойынша логикалық байланысты анық көрсетулері керек. Оқушылар заттың қасиеті химиялық байланыс типі мен кристалдық тор құрылысына тәуелді деген қорытындыға келулері қажет.

Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?