Иондық қосылыстардың қасиеттері. Химия, 8 сынып, қосымша сабақ.


«ИОНДЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 В Химиялық байланыс типтері

Ионды байланыс – терісэлектрлік мәні бір-бірінен өте алшақ элемент атомы арасында түзіледі (бірінші жағдай). Бұл кезде терісэлектрлігі нашар элементке терісэлектрлігі күшті элементтер атомынан электрондар түгелдей өтуі арқылы жүреді. Өзінің сыртқы қабатындағы валенттік электрондарын толық беріп жіберетін атомдар оң зарядты ионға, ал осы электрондарды қосып алатын атомдар теріс зарядты ионға айналады. Оқушыларды қатыстыра отырып ионға анықтама беріп, атомның ионға айналу процесін былай көрсетеміз:  +11Na0  2e-, 8e-, 1e- + F 2e-, 7e- → Na+F-

                                  e

                         Na0   +   F → Na+F- 

            Қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің бірін-бірі тартатыны оқушыларға физика курсынан белгілі. Соны еске түсіре отырып, ионды байланысқа анықтама береміз. Ионды байланысты заттарға мысалдар: NaCl, KCl, NaF, K2O, Li2O, MgCl2.

           Оқушылардың назарын төмендегі жағдайға аударамыз. Атом қанша электрон берсе не қанша электронды қосып алса, түзілген оң және теріс ион заряды да  сонша болады. Ион заряды элемент таңбасының оң жағына қойылады:

                                          Na+, Cl-, Mg2+, Al3+, Ca2+, S4+.

           Оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту. Әр түрлі байланыстардың түзілуі механизмінің негізгі теориялық маңдайын ұғу және түсіну үшін төмендегі жаттығуларды орындату қажет:

1.      Төменде көрсетілген заттардың ковалентті полюсті, ковалентті полюссіз және ионды байланысты заттардың формулаларын теріп, бөліп жаз: H2, РН3, NaI, ZnF2, Br2, H2S, H2O, CaCl2, HBr, O2, N2, AlCl3.

2.      Натрий хлориді мен хлорсутегі молекулалары мысалында ионды және ковалентті полюсті байланыстар түзілуінің ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеңдер.

3.      Галогенсутектері қатарында НҒ, НСl, HBr байланыстың полюстілігі қалай өзгереді? Жауабыңа түсінік бер.

4.      Төмендегі қосылу реакциясы теңдеуін құрастыр және металл атомынан бейметалға қанша электрон өткенін белгіле:

                                     а) Li + O→                        б) Cs + S →

                                     ә) Ca + F                                               в) Na + F2 →

5.      Төмендегі элементтер атомы мен ионның құрылысын салыстыр:

                 Na+ және Na0              Mg2+ және Mg0                N3- және N0

                                   S2- және S0                    S2- және S0  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?